жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама:"Жаратылыстану пәндерді біріктіру арқылы оқушылардың негізгі құзіреттілігін қалыптастыру"
Жаратылыстану пәндерді біріктіру арқылы оқушылардың негізгі құзіреттілігін қалыптастыру
Жумашбекова Баян Сейлхановна
С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп -интернаты
биология пәні мұғалімі
Кез - келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім беру жүйесі кеңістігіне еркін енуді көздейтін Отандық он екі жылдық білім беру жүйесі туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді[1].
Сапалы білім беру-ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан, заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру он екі жылдыққа оқытуға көшумен тікелей байланысты. Оның өзектілігі әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыруда. Өскелең ұрпақтың сапалы білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етеді.
Білім беру процесі мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты мұғалім мен оқушы іс-әрекетін қамтиды:
- тұлғаға бағдарланған,
- құзіреттілік ,
- іс - әркеттілік
- денсаулық сақтау.
Білім беру процесінде негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру ретінде оқушылардың жобалау, зерттеу іс-әрекеттерді ұйымдастырылады. Оқу жылының бойында оқушылар жеке немесе топ құрамында пәнаралық және пәнүстілік мазмұн базасында тұлғалық маңызды жобаны әзірлеп, іске асырады. Жобалау, зерттеу іс- әрекетінде бағалау нысаны- арнайы әзірленген талаптар мен көрсеткіштер негізінде негізгі құзіреттіліктердің қалыптасу негізі болып табылады. Ал, осы айтып жатқан құзіреттілік дегеніміз не?
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне компетенттік тәсілді алу ұсынылып жүр[2].
В.Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-төжірибелік дайыңдық ретінде анықтама береді. В.Ландшеер, П.Симонов, М.Чошановтардың түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмейді. Дегенмен, В.Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе компетенттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік), ал ВЛандшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсіндіріледі. Ал психологиялық сөздіктерде "компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті" деген түсінік берілген."Осы айтылғандарды қорытындылай келе компетенттілік ұғымына мына-дай анықтама беруге болады: "Компетенция — оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобилъділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер. Демек, компетенттілік ұғымы "білім", "білікгілік", "дағды" сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Компетенттілік оқу нөтижелерімен қатар, оқушылардың шығармащылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді." Білім,білік,дағды қасиеті өзінің даралығымен сипатталып,өз бетімен жетілдіріліп отырған жағдайда ғана құзіреттіліктің негізі бола алады[3].
«Құзырлылық» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы», - деді[4].
Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.
1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет
2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті
3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Құзыр - әмір, билік дегенді білдірсе, ( қазақ түсіндірме сөздігі) Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық, (қазақ түсіндірме сөздігі), яғни біздің пайымдауымызша, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды. Ал, құзыреттілік дегеніміз - оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға , білім беруден күтілетін нәтижелер.
Баяндаманың мақсаты: Биология пәндерін біріктіру арқылы оқушылардың негізгі құзіреттілігін дамыту.
Баяндаманың міндеті:
-Құзірет ұғымына анықтау;
-Биология пәнін оқытудағы құзіреттілігін дамыту жолдарын анықтау.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы төмендегідей анықталады:
1. Құндылықты- бағдарлы құзыреттілік.
2. Мәдениет-танымдылық құзыреттілік.
3. Оқу-танымдылық құзыреттілік.
4. Коммуникативті құзыреттілік.
5. Ақпараттық- технологиялық құзыреттілік.
6. Әлеуметтік- еңбек құзыреттілік.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік.
Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуін, кәсіптік тапсырмаларды барабар түрдегі дағды көлемінде орындай алуы, істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуы, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуы.
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру-қазіргі заман талабы. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын,мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді. Мысалы: 8 сыныпта «Жүрек жұмысы» тақырыпты сабақта explorer GLX құралдарын пайдалану арқылы оқушы танымдығы, қолданбалы дағдылары жақсы қалыптасады[5].
Оқушылар жүрек кардиограммасын анықтау арқылы әр түрлі сусындардың адам ағзасына әсерін талдау арқылы, қай сусынды ішуге болатындығын, қайсысы адам ағзасына зиян келтіретіні туралы білімдерін кеңейтеді.
Биология сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-оқушының өз бетімен жұмысы;
-аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
-экономикалық тиімділігі;
-қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
-оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор;
-мұғалім сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.
Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі биология пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты[6].
Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтуының себебі болады. Оқушылардың сабақ меңгеру барысында әр түрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді тыңдайды, оқулықты оқып, қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, зертханалық тапсырмаларды орындайды. Жоғарыда аталған әр іс-әрекет бөлек психикалық үрдіске жатады: жады, қабылдау, ойлау, ойша бейнелеу. Аталған прцестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен жады арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен өткен материал жадыда жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді.Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек емес, тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды. Оқушы тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек, әр сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту.
Ол үшін мыналарды ескеру қажет:
-оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру;
-оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік;
-оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру;
-жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.
-Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:
-ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру;
-мәселелік жағдаятты туғызу;
-әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдана білу;
-салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету.
Биологияны оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру-білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді. Таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді. Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мынадай мәселелерді қамтиды:
1. Биология пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тіршіліктің қағидаларын басшылыққа ала отырып, сабақтың білімдік мақсатымен қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл оқушыны сыртқы орта мен тірі ағзаның арасындағы байланыстылықты түсінуге, табиғат заңдылықтарын меңгеруге жетелейді.
2. Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере отырып, есте сақтау қабілетін, жадысын, кез-келген ақпаратты қабылдау дағдысын, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру табиғатқа бақылау жүргізе білуімен байланысты. Берілген тақырып ішінен ең қажетті, ең пайдалы нәрсені сұрыптап, таңдай білу оқушының ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді.
3. Сабақтағы материал сынып шеңберінен шығып, табиғи ортамен тығыз байланысты бола келіп, одан әсер алатын күнделікті қоғамдық өмірмен астасып, ұштасып жатса, теориялық білім практикамен жалғасып, баланың ой-өрісін, сана-сезімін кеңейтеді.
4. Оқушының танымдық белсенділік қабілетін жаттықтырады.
Таным үрдісі-өте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған байланысты. Таным белсенділігін арттыруда биология пәнінің қосар үлесі ерекше. Ал, оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты проблемалық оқыту. Іздену-оқу-таным проблемасын шешуге бағытталған оқушылардың іс-әрекеті. Оны ұйымдастырудың тәсілдері жиынтығынан зерттеу әдісі туады, ал одан проблема шешіледі. Алдымызға қойған проблеманың басты мақсаты-оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру. Жеке оқушының таным белсенділігін арттыра түсуге болады. Нәтижесінде:
1. Оқушылардың таным деңгейі кеңейе түседі.
2. Оларға қиын, түсініксіз болып көрінетін тақырыптың өзіне бейімділік белсенділігі артады.
3. Оқушылардың бойында «Басқа сыныптасымнан кеммін бе, мен де оқиын» деген сияқты намыс белсенділігі артады.
Оқушылардың таным белсенділігін арттырудағы өз дәрежесінде жабдықталған кабинеттік жүйенің әсері мол. Кабинетте оқушылар да, мұғалімдер де жұмыс орнына қалыптасады. Мұғалім жұмыс жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды жинақтайды, оны оқушылар алдында дұрыс дәрежесінде көрсете білуге дағдыланады. Оқу құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарады:
-оқушының мұғаліммен бірге араласа отырып орындаған әрекеті;
-оқушының дербес іс-әрекет элементтері.
Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше шарттары бар:
-сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау;
-тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру;
-қосымша материалды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп алу;
-дидақтикалы, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану;
-сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану[7].
ХХІ ғасырдың жан-жақты дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай болуы керек. «Білім беру-табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі», білім-теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін, бала жанының бағбаны-мұғалім, ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан мұғалімі, 2001, №26-27, 2-3 бет
Қазақстан мектебі, 2006, №1, 32-бет
Білім-образование, 2006, №4, 5-6 – бет
Үкімет жаршысы, 2001, № 2 21-26-бет
Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Қ.Жүнісханов.2008.3бет,39бет.
Қ.Аймағамбетова, Э. Әлімқұлова Биологияны пәнаралық байланыс арқылы оқыту /Биология мектепте 2003 № 6/
География және табиғат, 2011, №4
Аннотация
Бұл баяндамада оқушылардың биология пәнін оқу бойынша биология пәнінің оқытудың негізі құзіреттері туралы жазылған. Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтуының себебі болады. Оқушылардың сабақ меңгеру барысында әр түрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді тыңдайды, оқулықты оқып, қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, зертханалық тапсырмаларды орындайды. Жоғарыда аталған әр іс-әрекет бөлек психикалық үрдіске жатады: жады, қабылдау, ойлау, ойша бейнелеу. Ақпараттық құзіретілігін дамыту барысында, сыныпта интерактивті тақта қолданылып, жаңа сабақтар түсіндіріліп әр түрлі тапсырмалар орындайды.
Түйінді сөздер: құзіреттілік, ақпарат, биология, әдіс, оқыту, шығармашалық, оқушы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген