Х
удайбергенова
Зухра Султанбайевна
бастауыш
сынып мұғлімі
ЖШС
«Абай Құнанбаев мектебі»
Шымкент
қаласы
Тақырып:
Кері байланыс арқылы
оқушылардың танымдық құндылықтарын
қалыптастыру.
Мақсаты:
Оқушылардың
қазіргі кездегі мықты тұстары мен
олар кездестіретін
қиындықтарды
анықтау және олардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру
үшін оқыту әдістерін түрлендіру.
Күтілетін
нәтиже:
-мұғалім
барлық оқушылармен қарым қатынас
жасайды;
-білім
сапасын арттыру үшін әртүрлі әдістерді
қолданады;
-кері
байланысты нақты критерийлерге
негізделе ұсынады.
Қазіргі
кезде егемен елімізде білім берудің
жаңа жүйесі жасалып әлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағыт алып келеді.Ал
бұл өз кезінде педогогика теориясымен
оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр.Нәтіжесінде білім
берудің жаңа мазмұны пайда болады.
Қазақстан
Республикасында орта білім мазмұнын
жаңарту және критериалды бағалау
жүйесін іске асыру үшін қажетті
дағдыларды жузеге асыру керек.
Бастауыш
сынып пәндері бойынша жаңартылған
білім беру бағдарламасына сәйкес
келетін педогогикалық тәсілдер, оқу
мақсаттарына қол жеткізу,критериалды
бағалау жүйесін қолдана білу, кері
байланысты нақты, өз орнында қолдана
алу, құрылымымен ондағы материалдардың
күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен
және мақсаттарымен таныстыру маңызды
мәселе болып табылады.
Мұғалім
оқушыға орынды кері байланыс жасау
арқылы, оның түсінігін кеңгейте
отырып, өзінің ой пікірі үшін жауапты
болуға үйретеді.Оқушылар өзіндік көз
қарасымен пайымдауын қалыптастырып,
дамытуға, мұқият зерделеуге және өз
ойын сенімді айта білуге дағдыланады.
Мысалы, дәлелдерді талдау мен бағамдауды
және ойлау дағдылары туралы ойлануды
үйренеді.Сонымен қатар пәнаралық
байланыс орнату арқылы олар ақпаратты
тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Сабақ
барысында оқушылардың әр кезеңдегі
әр түрлі жұмыстарына орынды кері
байланыс «ауызша, жазбаша, графикалық»беріп
туру қажет.
Сабақтарды
жоспарлаудың басты аспектісі ретінде
оқушыларға пәнаралық байланыс орнатуға
көмек көрсетумен қатар, оқушылардың
білім, білік дағдыларының артыуна
қарай
жүзеге асырылатын лайықты педагогика
лық тәсілдерді таңдау болып табылады.
Мысалы, мұғалім оқушылардан пән
бойынша білім мен дағдыларын қолдануын
талап ететін проблема шешу тапсырмасын
бере алады. Тіпті оқушылардың өз
күшіне деген сенімі артып, өз бетінше
жұмыс істеп үйренген күннің өзінде
де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы
болмай, оқуға «ынталантырушы» болуы
маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Жаңа
тақырыпты меңгеру кезінде мұғалімнің
тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге
көбірек көңіл бөлуі орынды. Оқушылар
белгілі бір деңгейге жеткен кезде
былайша
тура нұсқау беруді азайтып,
мұғалім өз рөлін біртіндеп үйлестіруші
, уәждеушіге ауыстыруына болады.
Мұғалім
оқушылардан жоғары нәтіже күтіп,
олардың өз күшіне деген сенімін
нығайту үшін жазбаша немесе ауызша
кері байланыс, мадақтауды пайдаланғаны
дұрыс. Оқушының жобасына құрметпен
қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға
ықпал етуге тырысуы
қажет.
Уәжді
өсіретін факторлар:
-
Әр
оқушыға жеке қолдау көрсету және
оқыту мен оқудың сан алуан әдістерін
қолдану;
-Мақтау,
мадақтау арқылы пәнге деген қызығушылығын
арттыру және шығармашылық қабілетін
дамыту.
Оқушының
оқуға құлқынның болмауы, негізінен,
мұғалімнің оның уәжін оята алмауының
салдарынан болады.Мұғалім қызметінің
аса маңызды қыры оқушылардың
уәжділігін анықтауға көмектесетін
көптеген факторларды тусіну.
Уәжді
өшіретін факторлар:
-Сабақ
кезінде мұғалімнің тоқтамай сөйлеуі;
-Оқушының
жауабын соңына дейін тиңдамуы және оның
ой пікірімен санаспауы;
Жаңартылған
білім беру бағдарламасы оқыту мен
оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды,
ол оқушыларды мұғаліммен және бір -
бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды
көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін
мұғалім, сабақты оқушылар оны тыңдап
қана қоятындай емес, нақты пән немесе
тақырып туралы ойлана алатындай
белсенді етіп жүргізуі
керек.Мұғалім
сұрақ қоюды ойластырған кезде ол
сұрақтарға берген оқушының жауабы
жаңа сұрақ тудыратындай болуы
тиіс.Салмақты жауап беруді қажет
ететін тиісті сұрақ қою
үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа
қандай жауап ала алатынын ойластыруы
керек.Егер мұғалімнің сұрақтары
бұлынғыр болса, онда өзіде бұлынғыр
екі‑ұшты
жауап алады. Сонымен қатар , сұрақтар
оқушылардың жауаптарын шектемеуі
керек, керісінше оұушыларға
мәселені мейлінше зерделеп, жауапты
өз бетінше қалыптастыруға еркіндік
ұсынуы
керек.Оқушылар өзінің жауабымен
белгілі үлес қосатындығын сезіну
үшін, мұғалім жауаптарды зейін қойып,
айқын қызығушылықпен тыңдауы
керек.Бастауыш сынып оқушылары
анағұрылым жан ‑
жақты және күрделі жауап бере алады.
Сындарлы
оқыту тәсілдері білім берудің
«дәстурлі» әдістерімен салыстырғанда
оқыту кезінде жоғары нәтіжелерге
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кері
байланыс белгілі бір іс ‑
әрекет немесе окиғаға нақты және
орынды беріліп барылса, оқушылар
өздерінің алған білімдерін қолдана
алады, оқу барысында жоғары нәтіжелерге
жете алады және өзін ‑
өзі бағалауға мүмкіндік алады.Оқу
үдересін жандандыру үшін, мұғалімдер
ынталандырғыш материал ұсынып, оқу
үдерісіне таңдамалы түрде араласады,
осылайша оқушылардың бойында танымдық
өзгерістердің орын алуына ықпал
етеді.
“Жақсаруға
қол жеткізудегі ең ықпалды қару –
кері байланыс”
Ойлау
деңгейі дамыған оқушылар кері байланысты
құптап, оны өздерінің оқу үлгерімін
жақсарту үшін қолданады.
Жазбашаға
қарағанда,ауызша кері байланыс анағұрлым
тиімдірек.
Ең
тиімді кері байланыс оқушыдан мұғалімге
беріледі.