Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Баяндама:Критериалды бағалау жүйесін физика пәнін оқытуда қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша бағалау жұйесі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ербазарова ҚаламқасҚоянбайқызы

бірінші деңгейлі физика пәнінің мұғалімі


«№12 жалпы орта білім беретін мектеп» МКМ



КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН физика пәнін оқытуда ҚОЛДАНУ.

"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы

А. Байтұрсынов

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі – оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану.

Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Кретериалды бағалауды енгізудің мақсаты:1.Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.2.Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Білім саласын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:1.Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы.2.Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар.3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.

Ұстанымдар негіздері:

1.Бағамен оқушының жұмысы бағаланды. 2.Дескрепторлар оқушыға алдын ала белгілі болуы шарт. 3.Оқушы өз білім деңгейін анықтай алу қажет. 4.Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Критериалды бағалаудың басты ерекшеліктері:

1.Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы.

2.Анық,айқындылығы.

3.Бағаның әділдігі.

4.Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалаудыңфункциялары:

1.Ынталандыру

2.Белсенділік

3.Түзету

4.Дамытушы.

Принциптері:нақтылық,әділдік,жүйелік.

Критериалды оқытудың маңыздылығы:

Мұғалім үшін:

1.Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.

Оқушы үшін:

2.Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі.

Ата-ана үшін:

3.Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.

Критериалды бағалаужүйесі арқылы:

1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау.

2.Тұлғаны нәтижеге жеткізу.

3.Өсу динамикасын кез –келген кезеңде анықтау.

Критериалды бағалау:

1.Қалыптастырушы бағалау.

2.Негізгі бағалау.

Қалыптастырушы бағалау:күнделікті алған білімін меңгеру деңгейін анықтайды.

Негізгі бағалау:бір тарауға байланысты қалыптастыру деңгейін анықтайды.

Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бір тестілер қолдағы қарындаш пен қаламның көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

  • қадағалау;

  • алынған мәліметтер интерпритациясы;

  • бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.

Мұғалімнің бағалаудағы ролі:

  • Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;

  • Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;

  • Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;

  • Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:

1. Оқыту мақсатымен бөлісу.

2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.

3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.

4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.

6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.

Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.

Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мұғалім жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті, нәтижелерді бағалайды және өткенге шолу өлшемдерін қолданады. Интерпритацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпындыруға болады, логикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Мәліметтерді интерпретациялау негізінді қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі туралы мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әр түрлі нысанда жүруі мүмкін.

Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.

Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.

Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық]

Физика пәнінен оқушыларды бағалаудың критериалды шкаласы.

Критерий түрлері:А(max6),B(max6)С(max6)D(max4)

Дескрипторлар:А(max6)

1.Оқушылар физика тілін,заңдылықтарын,заңдарын,терминдерін және ұғымдарын қолдана алады.

2.Оқушылар ғылыми ақпараратты түсіндіре алады.

Дескрипторлар:В(max6)

1.Оқушылар физикалық білімдерін,біліктерін және дағдыларын таңдайды және қолдана алады.

2.Оқушылар есептердің шешудің тиімді әдісін таба алады.

3.Оқушылар дұрыс шешім қабылдай алады.

4.Оқушылар нәтижені сауатты жаза алады.

5.Оқушылар есептің нәтижесін бағалай алады.

6.Оқушылар нәтижені қортындылай алады.

Дескрипторлар:С(max6)

1.Оқушылар ғылыми ақпаратты жүйелі түрде жеткізе алады.

2.Оқушылар терминдер мен ұғымдарға түсінікті анықтама бере алады.

3.Оқушылар ақпаратты және есептің шешімін анық және түсінікті формада береді.

4.Оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және көрнекіліктерді пайдаланып зерттеуді жоспарлаудың жүргізудің зерттеудің нәтижелері туралы ақпаратты математикалық сауатты түрде ауызша және жазбаша жеткізе білуге дайын және қабілетті екеніне көрсете алады.

Дескрипторлар:Д(max4)

1.Оқушылар қойылған мәселені шешу үшін және қортындыны тұжырымдау үшін берілген шамаларға сараптама жасай алады.

2.Оқушылар физикалық аппараты қолданып,практикалық жағдайларды модельдейді және құрылған модельді зерттейді.


«Физика» пәні бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері

Критерии

Оқушылардың жетістіктерінің ең жоғарғы деңгейі

А

Ғылыми білу және түсіну

6

В

Ғылыми зерттеу

6

С

Коммуникация/Презентация

6

Д

Рефлекция

4

Қорытынды


22


Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы

0-13 ұпай– баға «2»

14-16 ұпай – баға «3»

17-19 ұпай – баға «4»

    1. пай– баға «5»

Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын терминер:

Критерий- оқу мақсатының нақты тұжырымы.

Рубрикатор оқушылардың әрбір критерий бойынша жетістіктерінің толық түсіндірмесі және оларға сәйкес ұпайлар саны.

Дескриптор нақты ұпайдың жетістік деңгейі туралы түсіндірме.

(формативті) Қалыптастырушы бағалар оқушы өзінің жетістіктері немесе біліміндегі олқылықтар туралы ақпарат алатын кері байланыстың функциясын атқаратын, ағымдағы бағалар.

(сумативті) Негізгі бағалар- тарау немесе модуль бойынша бақылау жұмысына қойылған бағалар.

Қорытынды бағалар– Негізгі бағалар негізінде қойылған бағалар.


Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осы әдістерді қолдана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасының, қызығушылығының арта түскенін байқауға болады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады


Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014 ж.

  2. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.

  3. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

  4. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

  5. У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование

в современной школе» - Алматы; 2009 г.

  1. А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева

«ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық

әдістемелік дайджест. Алматы, 2009 ж.

  1. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12