Баяндама
Құрман орта мектебі
Базарова Роза Омаровна-бастауыш сынып мұғалімі Ата-ана баланың бас ұстазы
Бала өміріне қажетті тәлім- тәрбие алдымен ата –ана арқылы,салт-дәстүрге байланыс-ты отбасында беріледі. Сондықтан да дана халқымыз«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»дегенді айтқан.
Отбасы тәрбиесінен кейін шешуші орынды ғылыми әдістемелік негізінде ұйымдастырылған оқыту үрдісі алады.Ал тәжірибеде мектепте,қоғамда алған тәрбиелердің ең діңгегі, іргетасы отбасында қаланады.
Біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді ,түбі нәрлі болса,мәуелі болып өседі,нәрі әлсіз болса,жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз,ғасыр індетіне айналған арақ пен темекі,наша сияқты азғындық жолына түсіп,соның құрбаны болуы да әбден мүмкін.
Негізгі отбасындағы тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа байланысты.Отбасындағы тәрбие тірегінің дұрыс қалыптасуына әртүрлі себептер болады.Олардың ең маңыздысы ата-ананың өз міндеттерін, жауапкершіліктерін шын сезінуі .
Б.Момышұлының «Адамның ең қуанышы бала сүю»,В.Г.Белинскийдің «Ата-аналар балаларына сыйлы болуға тиіс.Бірақ,сый-сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет» деген ойлары,халық даналығы: «Жігітті тәрбиелеген-әскерді тәрбиелейді, Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді»-деген қанатты сөздер бекер айтылмаған . «Қазіргі кезде балаларға әдебиет оқыта алмаймыз,үйдегі бос уақыттары теледидар алдында өтеді. Сондықтан мұғалімге де,ата-анаға да баланы өзіне тартып баурау арқылы тәрбиелеу қалып отырған сияқты,ал баланы баурау үшін мұғалім,ата-анаға да үлкен шеберлік қажет.Сол кезде ғана бала саған табынады.»
Халық отбасындағы ерекше көңіл бөлген .Оны «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын деген мақал-мәтелден көруге болады.Баланың адам болып қалыптасуына тәрбиенің негізі ата-анадан дегенмен жүрген ортаның,ағайын-туыстың,жора-жолдастың ,отбасының әсер тигізетіні рас.
Қазіргі кезде отбасылық тәрбие-ата-ана мен баланың арсындағы қарым-қатынастың жүйесі.Олай болса,әрбір ата-анаға осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.
Ата-ананың балаға деген махаббаты-әрбір азаматтың Отанға деген,досқа,туысқа,жарға деген махаббатының жетекшісі болады.Өмірдегі небір сырлы сезімдер ата-ананың балға деген мейірім мен махаббатынан тараған.Сол ата-ананың өзі еккен махаббаты,тәрбиесі қартайғанша тозбайды. Ондай ата-ананы өткен өміріне өкінбей,еңбегінің жанғанына риза болады.
Ата-аналар тарапынан балаларды сабаққа кешіктірмей,мектепке формамен келуін қадағаласа,мектепте мұғалімдер білім мен тәрбиені қадағаласа еліміздің ертеңі болар ұрпақ тәрбиелейміз.Ал балаға тәрбие беру баршамызға ортақ мәселе,бала болашағымыз.
«Отбасындағы бала тәрбиесінің түрлері»
Мақсаты:ата-аналардың балалармен қарым-қатынасына басқаша қарауға көмектесу және қарым-қатынастағы жиі кездесетін қателіктерге талдау жасау.
Сабақ түрі: пікірталас
Көрнекілік: ұлағатты сөздер,кестелер.
Барысы:
Кіріспе сөз:
Сіздермен басқосып пікір алысудағы мақсатым отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою,білімге деген ынтасын арттыру.Сонымен бірге, бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса,ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
І.Сұрақ-жауап:
А)Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?
Ә)Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?
Б)Келешекте балаңыз қандай болғанын қалайсыз?
ІІ. «Сезім әлемі»жаттығуы.
Қатысушылар 2 топқа бөлінеді.Топ мүшелеріне сары және жасыл түсті карточкалар ұсынылады.С ол карточкаларда жазылған сезім түрлерін көрсету.
(қуаныш,ренжу,сүйсіну,еркелеу,қорқу т.б)
Қосымша сұрақтар қою арқылы ата-аналар пікірін тыңдау.
ІІІ.Тренинг
«Қызықты сұрақтар»
Ата-аналардан «Мен қандай ата-анамын»тестісі алынып,қорытындысы шығарылды.
ІҮ.Қорытынды.
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге,балаға,ата-анаға байланысты екенін талдадық.Яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі,қадағалауы,уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге,жалпы күш –жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»деген екен В.А.Сухомлинский.
Осы даналық сөзге сүйенсек,мұғалімдер мен ата-аналар бірігейік. Балаңыздың болашағы өз қолдарыңызда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндамалар

шағым қалдыра аласыз