Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама:Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама:Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Материалда АКТ -ның білім саласындағы қолдану аясы мен мақсаты туралы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Атырау энергетика және құрылыс колледжі» КМҚК















Shape1



Тақырыбы: Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.











Дайындаған: математика пәні

мұғалімі Мукашева А.С.

















Атырау 2019



Білім беру жүйесі алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық іс әрекетті дамыту әдістерін іздестіруде. И. П. Павлов «... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді» - деген болатын. Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің рөлін бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл - ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп санау қажеттігін айту керек.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы - ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек.

Инновация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген.

Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс әрекет нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

оқу процесінде қарым қатынастың еркін болуы;

оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

         Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

         Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:


  • Интерактивті тақта;

  • Мультимедия;

  • Интернет кеңістігі;

  • Электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

  • Ақыл - ойын дамытады;

  • Шығармашылық белсендігін арттырады;

  • Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

  • Тіл байлығын жетілдіреді;

  • Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

         АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.

  Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

         Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

         Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Бірақ қандайма технологияны қолданып, сабақта күтілген нәтижеге қол жеткізу үшін:

1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Заманауи мұғалімнің  оқыту мен білім берудегі мақсаты: оқытудың жаңа әдіс- тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгіштік, танымдық іс-әрекетін дамыту, өмірге көзқарасын қалыптастыру және оқушылардың игерген білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

     Қорыта айтқанда, бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін өзі дамытып оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім алушы іс әрекетінің мазмұны ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білімділік дағдыларын жетілдіру. Оқытушының міндеті білім алушының іс әрекетін ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, білім алушыға бағыт, бағдар беру.

Технологиялық оқыту, білім берудің, жеке тұлғаны жан жақты дамытудың жаңа ізденістерін талап етеді. Оқушының білім алу, даму т. б. іс әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері.

Пайдаланған әдебиеттер:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2021
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12