400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Баяндама"шағын орталықта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудыңңтиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндамада мектепке дейінгі балалардың оқу қызметінде тиімді әдістерді қолдану бағытында айтылған . Инновациялық технологияларды қолдану арқылы баланың ой-өрісін дамиды. Баяндамада инновациялық технологияның тиімді әдістері туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталықта жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Токанаева Нургул Сериккалиевна


Атырау облысы, Индер ауданы, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі,

II cанатты шағын орталық тәрбиешісі


Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі , осыған орай мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды. Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі жас ұрпақ, ұстааздар оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр » деген болатын және халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет- жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып , білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымына жаңа міндеттер қойды.

Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой- өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Қазіргі кезде жас ұрпаққа жаңа білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүруде. Дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Білім тәрбие жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа тұжырымдамаларды жасап, оларды қолдану инновациялық ізденісті талап етеді. Инновациялық технологияның басты мақсаты - баланы тәрбиелей отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру

Республикамызда білім беруді дамыту қазіргі кезде оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық үрдіске ауысатын өтпелі кезеңінде және «инновация »ұғымы соңғы жылдың ішінде білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасауы, меңгеруі, қолдануы тұрғысынан түсіндіріледі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа инновациялық сипатты талап етеді. Заман талабына сай әр педагогтың білім беру жүйесіндегі жаңартулар мен қайта құруларға, өзгерістерге баса назар аударып, өзіндік ізденісі арқылы инновациялық үрдіске ену қажеттілігі туындайды. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды меңгеруі - тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болуы мүмкін емес. Осы жаңа инновациялық технологияларды меңгеру тәрбиешінің зияткерлік, кәсіптік-адамгершілік , рухани- азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім – тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты бала тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Бала тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Сондықтан білім беру жүйесінің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.


Ойын технологиясы

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды педагог мен балалардың бірлескен оқу ҚЫЗМЕТІНДЕ өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.


Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.

Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда балалар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Осы орайда көптеген әріптестеріміз өз нәтижелерін іске асыру барысында жаңа технология бойынша семинарлар, отырыстар өткізіп, іс-тәжірибе алмасып, өзінің еңбектерін әдістемелік құрал ретінде жинақтап шығаруда. Оқу- тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді. Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Бір елде жаңалық ашылса, басқа жерде оны дер кезінде тез үйреніп үлгеруде біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып одан да жақсысын ұсыну.Қашанда білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Еліміздің тағдыры жас ұрпақтың қолында болса, ұрпақтың тағдыры бүгінгі ұстаздардың қолында.

Осы талап шығармашылық жұмысымды « Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбында алуыма негіз болды.


Shape1

Shape2 Shape3

1.Ұйымдастырылған оқу қызметінде. 2.Ойындық іс-әрекеттің психологиялық. Механизмі

Shape4 Shape5

3.Баланы өз бетімен ізденуге үйрету. 4.Баланы қызықтыратын тиімді әдістер.

«Адамның қолымен жасалғанның бәрі әдемі» деген қанатты сөз баланы ерте жастан бастап айналасындағы әдемілікті сезіне бойындағы шығармашылық пен қиялды дамытуға бейімдейді.

Бала кішкентай кезінен бастап айналасындағы құбылыстар мен заттарға қызығушылықпен қарайды. Ұстап көру, талпыну, ұмтылыс жасау арқылы ол дүниенің сырын ашқысы келеді.Осы аталған қызығушылықтың алғашқы баспалдағы баланың шығармашылығын шыңдаудың алғашқы кезеңі болып саналады. Міне осы аталған бала бойындағы шығармашылықты шыңдау, дұрыс үлгісін беру бала келген күннен бастап тәрбиешіге жүктеледі. Мен 4-5 жастағы балалармен жұмыс атқарып жүргендіктен осы жастағы балалардың шығармашылығын дамытуда тек денсаулық сақтау технологияларымен ғана емес, педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлері жүргізілді, соларға тоқталып өтейін. Әр баланы зерттеуден бастадым. Зерттеу жұмысынын нәтижесін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен байланысты жандандырып, қоршаған ортасы, оқу қызметі арқылы тіл дамыту. Балаларды мектепте зерттеген соң ата-анамен пікірлестім. Баланы ата-анадан артық ешкім білмейді. Оларды алған қойған жұмыс жоспарыммен таныстырып көмек беруге шақырдым. Сол себепті олардың пікірлерін тыңдап, бала туралы ата-анадан мәлімет алдым. Отбасы мүшесінің қарым-қатынасы, баланың отбасындағы орнын, бейімділігін анықтадым. Еліміз өркениетке ұмтылып отырған кезде, ойыма еріксіз мына сөздер оралады: «Өркениеттіліктің басты міндеті-адамды сөйлей білуге үйрету. Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай ойлауға үйрете отырып, бала тілін дамытуға жол саламыз. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологиялардың сабаққа енгізу бүгінгі таңда әрбір тәрбиешілірдің басты мақсаты болуы керек деп ойлаймын. Себебі мектепке дейінгі ұйымдардығ негізгі міндеті- психологиялық жағынан жан-жақты жетілген шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға, ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіншілігін ашып көрсету. Өз тәжірибиемде шағын орталық тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін, сабақта немесе сабақтан тыс уақытта да СТО -ның көптеген стратегияларын қолданамын.

Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді педагог ғана бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.СТО-ның әдіс тәсілдерін оқу қызметінде қолданған кезде балалардың қызығушылығы жоғары болады. Бағдарлама стратегиялары балалардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалар оқу қызметіне қызу араласуда. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді.Сабақтарды ерекше жаңа технологияларды қолдану, оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық айтуға мүмкіншілік туғызғандай. Жоғарыда аталған стратегияларды қолдана отырып өткізген бірнеше сабақтарымнан мысалдар келтірейін.

3.Көркем әдебиет сабағынан «Қыс» өлеңін оқығаннан кейін «Торлы талқылау» стратегиясын пайдаландым. Мақсатым өз пікірін дәлелдеуге үйрету.

-Саған қыс мезгілі ұнай ма?

Иә

Жоқ

Маған қыс мезгілі ұнайды. Айналаның бәрі аппақ. Қыста көптеген ойындар ойнаймыз Ақала жасаймыз. (Сағыныш)



Маған қыс мезгілі ұнамайды. Күн салқын болады. Ауа-райы салқын болғандықтан, далада ұзақ ойнай алмаймыз. Ойнауға уақыт аз болады. (Әділет)

Қаншалықты нақты дәлел келтіретінділіктеріне назар аудардым.

«Кубизм»-тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия баланың ойлау қабілетін дамыту үшін кубикті және жан-жағындағы суреттерді қолданады. «Дәмді алмалар» әңгімесін оқыған кезде алмамен тереңірек танысу мақсатында осы стратегияны қолдандым.

Суреттеңіз:Алманың түсі қызыл, сары, жасыл, бір ағашта бірнеше сабағы болады, дәруменге бай.

Салыстырыңыз:Алма,алмұртқа, ұқсас. Допқа ұқсайды.

Байланыстырыңыз: Бір түп ағаш бір отбасы сияқты, сабағында тұрған алмалар ағайынды бауырлар сияқты.

Қолданыңыз:Алма,алма дейсің

Алма әкелсем жейсің

Айтпады екен деме?

Алманы жумай жеме дегендей

алма дәмді, дәрумендерге бай, адам ағзасына пайдасы бар жемістің бір түрі.

Бала оқу қызметінде азғана нәрсені айта отырып, өзіне көп нәрсені ала алады деп ойлаймын.

Талқылаңыз:Алманы кептіріп құрғақ жеміс әзірлейді, тосап қайнатады, шырын әзірлейді.

Мен өз сабақтарымда Монтессори әдісінің элементтерін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі қолданып келемін.

Сабақтың мақсаты: 1ден 5 ке дейінгі сандарды бекіту. Туа және кері санауға дағдыландыру.

Сабақтың мақсаты:а)бейімділігі:5 ке дейінгі санау қабілетін күшейту, реттік санау дағдысын қалыптастыру;

ә)дамытушылығы:талдау және салыстыра алу қабілеттерін арттыру;

б)тәрбиелігі:балаларды жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұра-жауап, талдау, жинақтау, қорыту.

Сабақтың көрнектіліг:интереактивті тақта, себеттер,қысқыштар, қайшы, түрл-түсті суреттер, сандар жиынтығы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Жылулық шеңбері.

Сұрақтар арқылы ой салу

1.Бүгінгі сабақ сандар жайлы екенін, 1 ден 5 ке дейінгі сандар тура және кері санау.

А)Санамақтар айтқызу.

1-дегенім-бөрік,Кисең бойға көрік.

1-дегенім-етік, Киер сәнді етіп.

3-дегенім-ішік,Теріден тігер пішіп.

4-дегенім-тымақ,Қыста кисең жылы-ақ.

5-дегенім-байпақ,Іші жылы тайпақ.

Ә)Ассоциация әдісі.

І топ. Әр санның астына сәйкес суреттерді орналастыру,жапсыру.

ІІ топ.Әр санның астына сәйкес етіп таяқшаларды қалташаларға салады, жапсырады.

2.Сергіту жаттығуы. Мақсаты: қолдың ұсақ қимылдарын дамыту.

«Санау әні»

3.Монтиссори әдісінің элементі.

І топ. Кәдімгі себеттің жақтауына киім қысуға арналған қыстырғыштар.Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкетай балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды.

ІІ топ. «Қайшымен қалай қияды».

Мақсаты: қол қимылдарын жетілдіру.Қолдың сүйек бұлшықеттерін жаттықтыру.Қолды жазуға дайындау.

Қажетті құралдары: қайшы , түрлі-түсті қию сызығы белгіленген қағаз.

Барысы: бала оң қолына қайшы, сол қолына қағазды алып, кішкене бөліктерді қияды. Кейін бала сызықтың бойымен қия бастайды. Әртүрлі өрнектерді қиюға арналған күрделі қимылдар жасайды.Қайшыны дұрыс ұстау белгіленген сызықтарды қию дағдыларын игере отырып, бала қолына қарындашты дұрыс ұстауды және қағазға сызықтарды жүргізуді үйренеді, қолы жаттығады.

4.Ой қорыту.

5-тен 4 алайық,

Қанша қалды санайық.

Қарайық та санайық,

Санайық та табайық. (1)

Бір-бірімен жарысқан,

1 аю, 1 арыстан.

Қосылды тағы 1 қоян,

Бәрі неше, қане ойлан.(3)

Табақта 3 алма,

Қолында 2 алма.

Қосқанда барлығы,

Болады неше алма? (5)

5.Қорытындылау.

Күтілетін нәтиже

Білуі керек: 1-ден 5-ке дейінгі тура және кері санауды.

Талапты болуы: сандарға сай заттарды орналастырады.

Қолынан келуі керек:сандарды тура және кері орналастыруы




Осы оқу жылының I жартыжылдығында балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін төмендегі диаграммадан көруге болады.



52.6

Shape6

26.3

Shape8 Shape7 21.05




І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей


Осы инновациялық технологиямен 2 жыл жұмыс жасаған кезімде бірқатар жетістіктерге жеттім.Атап айтсақ:

  • «Үздік тәрбиеші-2018» республикалық сырттай байқауына қатынасып,І дәрежелі дипломмен;(2018)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым басқармасының «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Алғыс хатымен;(2018)

  • «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Мәнерлеп оқу» байқауына дайындаған тәрбиеленушім С.Нұрберген І дәрежелі дипломмен.(2018)

  • «Шабыт» Білім беру- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Қауіпсіз жол» Республикалық сурет байқауында тәрбиеленушім Р.Оразбай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.(2018)















Қазіргі уақытта педагогика ғылымының ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңы оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Инновациялық технологиялар -бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндермен әдістемелердің, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байқалған міндеттің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезеңде білім мен ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де инновациялық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Сондықтан мепктепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Жаңа заман баласы-ертеңгі еліміздің болашағы.Жаңа заман баласын қалыптасытырып дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызуы қажет.

Әрине ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына тәрбиешілердің инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына байланысты деп ойлаймын.












































Shape9

Shape10 Shape11

1.Ұйымдастырылған оқу қызметінде. 2.Ойындық іс-әрекеттің психологиялық. механизмі

Shape12 Shape13

3.Баланы өз бетімен ізденуге үйрету. 4.Баланы қызықтыратын тиімді әдістер.












Сабақтың тақырыбы:1-ден 5-ке дейінгі сандар.Тура және кері санау. Мақсаты:5-ке дейін санау қабілетін күшейту, реттік санау дағдысын қалыптастыру тура және кері санау атаулары туралы білімін пысықтау. Көрнекілігі:Сандар, сандарға байланысты суреттер,экран.

Таным

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар, жылулық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн, болсын!

Бүгінгі күн, міне,

Қуанышқа толсын!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Таным білім беру саласы бойынша математика сабағынан ұйымдастырған оқу қызметін бастаймыз.

Сабақтың тақырыбын ашу.Балаларға бүгінгі сабақтың сандар жайлы екенін 1-ден 5-ке дейін сандар тура және кері санау екенін айту. Тапсырмадан бұрын балалардың санамағын тыңдайық.

Санамақ

1 дегенім-бөрік,Кисең бойға көрік.

2 дегенім-етік, Киер сәнді етіп.

3 дегенім-ішік, Теріден тігер пішіп.

4 дегенім-тымақ, Қыста кисең жылы-ақ.

5 дегенім-байпақ, Іші жылы тайпақ.

Тапсырмалар

1-тапсырма.Сандарға байланысты өз тақпақтарын айтады.

1саны:

Достар, мені «Бір» дейді,

Қарайды да бүй дейді:

«Мұқтажсың қол, аяққа,

Ұқсап тұрсаң таяққа».

2саны:

Мен «Екімін», балалар.

Алаңғасар жалқаудың

Алатыны -екілік,

Басын шайқап өкініп.

3 саны:

Мен ғой үштің таңбасы,

Зейін қойып тыңдашы.

Шідерлі аттай тұсалып,




Балалар келген қонақпен амандасады.













Балалар санамақты жатқа айтады.


Ұйымдастырушылық -ізденушілік


4саны: Достарым мен «Төрт» дейді, Беске бірім жетпейді. Қуанады анасы Төрт алғанда баласы. 5саны: Әр қолымда бес саусақ, Жетпейді оған еш саусақ. Бір мен екі алмаңдар, Үшке алданып қалмаңдар. 2-тапсырма.Әр санның астына сәйкес таяқшаларды салу.

I топ

ІІ топ

3-тапсырма.Себеттегі қыстырғыштар. Жәй қыстырғыштарды түсіне сай тауып, себеттің жиектеріне қыстырады. .

І топ

ІІ топ

Picture 1

Балалар орынынан тұрып, сергіту сәтін орындайды.

4-тапсырма.Мозайка құрастыру.

5-тапсырма.Жұмбақ есептер. 5-тен 4-ті алайық, Қанша қалды санайық. Қарайық та санайық, Санайық та табайық.

Бір-бірімен жарысқан 1 аю, 1 арыстан Қосылды тағы бір қоян Бәрі неше, қане, ойлан.

Табақта 3 алма, Қасында 2 алма. Қасында барлығы, Болады неше алма.












Балалар тапсырманы сандарға сәйкес таяқшаларды салып орындайды.



Балалар суреттерді санға байланысты орналастырады.






Балалар қыстырғыштарды қыстырады.











Балалар орындарынан тұрып қимылдар жасайды. Сергіту сәтін орындайды.





Жұмбақтың шешуін табады.







Рефлексивті -түзетушілік

- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?

- Біздер бүгін қандай сандармен таныстық?

- Өте жақсы, балалар осымен біздің сабағымыз аяқталды!

Балалар өз ойларын ортаға салады.


Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже Білуі керек:1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды. Талапты болуы:сандарға сай заттарды орналастырады. Қолынан келуі керек:сандарды тура және кері орналастыру.





Кері байланыс

Мен сабағымда деңгейлік курста танысқан әдіс тәсілдердің ішінен мектепке дейінгі бүлдіршіндерге ыңғайлы әрі тиімдісін пайдаландым.Соның ішінде топпен жұмыс жасау өте қызықты өтті. Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындалы.Лего құрастыру, қарапайым қыстырғыштар қыстыру, затты санмен сәйкестендіру әдістері баланың ойлау қабілетін, ұсақ қол маторикасын қалыптастырады.Алдағы уақытта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде осы тәсілдерді кеңейтіп бала үшін ыңғайлы, әрі тиімді жақтарын еске













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі