жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама.Тиімді тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯ ТАҚЫРЫБЫ:
«ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚ БАРЫСЫНДА ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ»
Жоба авторы: Досымова Камшат Балкеновна
«ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚ БАРЫСЫНДА ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ»
Андатпа
Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды менгеру қажеттілігі туындап отыр. Тиімді тәсілдерді бастауыш сынып оқушыларына танымдық тұрғыдан дамытуға арналуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді тәсілдерге мынадай технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп – оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Сабақта интербелсенді тақта қолдану, түрлі қызықты бағдарламалармен жұмыс жасау және сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу – білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Аннотация
Современный учитель должен быть не «родником знаний», а носителем» родника знаний", т. е. руководителем обучения. В настоящее время назрела необходимость внедрения новых технологий в целях повышения учебной активности учащихся в соответствии с требованиями учителя. Эффективные подходы должны быть посвящены познавательному развитию младших школьников. К эффективным подходам, направленным на повышение интереса младших школьников, относятся обучение критическому мышлению, проектированию, созданию проблем, коллективному общению. Под интересом понимается стремление ученика сосредоточиться на чем-либо, познать некоторые предметы и явления.
Использование интерактивной доски на уроке, работа с различными интересными программами и эффективное использование урочного процесса способствует лучшему усвоению учащимися уроков, а сэкономленное время-самообразованию учащихся. Необходимо помнить, что самообразование –это один из путей повышения качества образования.
Аннотация
According to modern requirements, a teacher should not be a "source of knowledge", but a supplier to the "source of knowledge", that is, the head of Education. At the same time, there is a need for teachers to develop new technologies in order to increase the educational activity of students in accordance with the requirements. Effective approaches should be aimed at cognitive development of Primary School students. Effective approaches aimed at increasing the interest of Primary School students include the following technologies: critical thinking, design, problem-solving, and teaching in collective communication. Interest means the student's desire to focus on something, to learn about certain objects and phenomena.
In addition to the use of interactive whiteboards in the classroom, working with various interesting programs and effective use of the lesson process, the saved time allows students to learn independently. It should be remembered that self –education is the only way to improve the quality of Education.
Педагогикалық идея өзектілігі: Заман талабына сай бастауыш сынып оқушыларын оқу мен оқытуда тиімді әдістерді қолдана отырып оқушылардың сабаққа деген ынта мен қызығушылдығын артыру арқылы, функционалды сауатты тұлғаларды қалыптастыру – әр педагогтің алдына қойылатын мақсат болып отыр. Мақсатқа жету үшін қойылатын міндеттер де заманауи болуы шарт.
Бастауыш сыныптардағы оқушыларды оқытуда жаңартылған мазмұн шеңберінде АКТ-ны инновациялық технологиялармен ұштастыра отырып, болашақта функционалды сауатты болатындай тұлға қалыптастыру және сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру – педагогикалық идеяның өзектілігі болып табылады.
Педагогикалық идея мақсаты: Тиімді тәсілдерді сабақ барысында ұтымды пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасын аударту, педагогикалық идеяның басты мақсаты болып табылады.
Педагогикалық идеяның бастамасы: Жобаның басты идеясы – жаңартылған мазмұн шеңберіндегі білім стандартын игертуде инновациялық технологияларды ұштастыра отырып, АКТ құралдарын қолдану.
Педагогикалық идеяның жаңашылдығы: жобада жалпы инновациялық технологиялар элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылдығын арттыру.
Педагогикалық идеяның жоғары нәтижеге жетуге, жұмыстағы тиімділікке, оңтайлыққа мүмкіндік туғызатын техноологиялар: Жобаны жүзеге асыру көп қаражаттың жұмсалуын, арнайы білім-білік дағдыларына ие болуды талап етпейді, сондықтан жұмыста өте тиімді. Әрине, белгілі бір материалдық база болу керек – дербес компьютер не/немесе интербелсенді тақта (проектор болса да жеткілікі). Сондай-ақ, ұстаздың дербес компьютермен, интербелсенді құрылғылармен, MS PowerPoint жайлы түсініктері мен жұмыс жасау тәжірибелері болу керек. Меніңше, бұл қор мен біліктер қазіргі таңда жаңалық емес, керісінше болуы керек шарттылық.
Педагогикалық идеяның қолданыс мүмкіндігі: Берілген жобада ұсынылған идея мен тәсілді және бағдарламаны әр педагог өз қалауынша өзгертуі мүмкін. Тұсау кесерін де, оқытудың жұмыс бағдарламасын да. Идея таным саласына арналып жасалған, басқа білім беру салаларына арнап жасауға болады. Тұсау кесеріндегі триггерлерді, слайдтарды негізге ала отырып, үстерінен тек өзгерістер енгізуге болады.
«ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚ БАРЫСЫНДА ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ»
Бастауыш сынып мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі мен өзіндік сабақ беру техникалары болуы шарт. Тиімді тәсілдер арқылы оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Тәсілдер тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану тәсілге бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы тәсілдердің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Тәсілдер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады. Мысалы мен бастауыш сыныптардағы жалпы пәндерді оқу мен оқытуда үнемі қызықты тәсілдерді іздеп жүремін. Мен үнемі ізденісте жүретін, үйрене жүріп тәжірибе жинақтаған мұғаліммін. Осы орайда, мен бастауыш сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнідері бойынша мәтіндерді оқытуда қолданатын тәсілдермен және өз іс-тәжірибеммен бөліскенді жөн көріп отырмын.
Бастауыш сынып оқушыларның танымдық қызығушылдығын артыруда шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес болады. Осы орайда бастауыш сынып оқушыларына мәтінді талдау, эстетикалық қабылдау мүмкіндігі артады. Шығарманы талдауға, бағалауға қажетті білім, білік, икем-дағдылары қалыптастырылады.
Түрлі тәсілдерді фильмдерді көру, тыңдау, әңгіме желісі бойынша сөйлеу, өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылатындығын тәжірибие барысынан көрсете аламын. Мектеп бағдарламасындағы мәтіндерді қолдануда шығармалар бойынша түсірілген қазақша мультфильмдер, диафильмдер т.б. аз екені белгілі.
Бірақ ізденіс бар адам табады. Мен үнемі мәтіндермен жұмыс жасағанда оқушылардың ой-танымын кеңейту, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасау, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында А.Байтұрсынов мысалдары («Өгіз бен бақа», «Екі шыбын», «Айна мен маймыл», «Қара бұлт», «Маймыл мен көзілдірік») және Ы.Алтынсарин әңгімелері бойынша («Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Асыл шөп») тақырыптарына арналған мәтіндермен жұмыс жасауда, анимациялы бейнефильмдерді қолдана отырып, мәтіндерді жандандырып талдап тәрбиелік мәнін тереңдете түсуге тырысамын.
1-зерттеу тәжірбиесі
Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу пәндері бойынша қосымша мысалы, А. Байтұрсынов мысалдары бойынша мәтіндерге анимациялы мультфильмді қолдану арқылы - оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту. «Неге тыңдалым дағдысы?» деген сұрақ тууы мүмкін. Оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны да (айтылым,жазылым,оқылым) дамыта алады. Яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасайды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша да, ауызша да жеткізе алады.
2-зерттеу
тәжірбиесі
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылдығын артыруда төмендегідей әдістерді пайдаланамын.
Берілген суреттер бойынша Асан ауылдағы атасының үйіне келгендігі туралы жазбаша әңгімелеу мәтінін құраңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз. Мәтінде қазақша амандасу түрлері, ризашылық білдіретін сөз тіркестерін қолданыңыз.
Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушыларға сөздер мен сөз тіркестерін ұсыну:
Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: әрқашан үлкендерге сәлем бер, қазыналы қариялар, ақсақалдар, өркенің өссін!, өнерің өрге жүзсін, қарағым, көп жаса, жасың ұзақ болсын, жарайсың, балам! айналайын, есімің кім? мал-жан аман ба?
3-зерттеу тәжірбиесі
Бастауыш сыныптағы оқушылардың танымдық қызығушылдығын арттыруда 3D Эксплейнер Видео үлгісімен дамыта отырып оқыту
Бастауыш сыныптардағы оқушыларға жалпы кез-келген пәнді оқытуда осы уақыт аралығында жаңа технологиямен оқушыларды оқытып алғашқы тәжірибиені аяқтағанша жүргіздім.
Ал қазір осы керемет бағдарламамен жұмыс жасап жатырмын осы орайда әріптестеріме озық педагогикалық тәжірбие ретінде осындай баяндаманы сіздерге ұсынып отырмын.
Оқу мен оқытуда мұғалім оқушының танымдық қызығушылдығын оята білу керек. Сонда ғана табысты және нәтижелі білімге ие боласыз.
Әр мұғалім өз сабағының режиссері болып табылуы шарт. 3D Эксплейнер Видеоны пайдалана отырып мен бастауыш сынып оқушыларының танымдық және зерттеу қасиеттерін оята білдім.
Осы бағдарлама көмегімен түрлі жоспар бойынша қызықты дүниетану, жаратылыстану сияқты пәндерге, күнделікті өмірмен ықпалдастыра отырып, оқушыларыма қызықты 3 D видео жасап, сол видео материалдарды сабақта қосымша тапсырмалармен бере отырып, оқушынын пәнге деген қызығушылықтарын арттырдым.
Үлгісін әріптестеріме ұсынып отырмын.
1-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі
https://www.renderforest.com/ru/template/3d-explainer-video-toolkit
осы сілтемені нотбукке кіріп, гугл браузерде басасыз
2-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі
Бағдарламаны ашып танысып шығасыз, өзіңіңізге қатысты ұнайтын шаблондарды таңдап қызықты бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылдығын дамытуға арналған, және өзіңіздің пәнге қатысты тақырыптар бойынша оқытуға немесе сабақ тақырыбын ашатын қызықты кейіпкерлерді таңдап алып, создать деген батырманы басасыз.
3-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі
Добавить сцену ашасыз
4-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі
Өзіңіздің сабақ тақырыбын ашатын тақырыпқа байланысты анимациялық сериал жасай аласыз. Мысалы: мен оқуда дүниетану пәні бойынша әлемді дүниені тануға байланысты бір қызық оқиға шаблондарды таңдап. 130 бұйрық қмж жоспарыма байланыстырып арасында осындай тапсырмаларды қосам. Осы шаблондардан 7-8 шаблон таңдап аласыз және соңында вставить батырмасын басасыз. Мысалы мен «дүниетану пәні бойынша, қоршаған орта» деген қызықты бір оқиға таңдап алдымда өзімнің шығармашылық идеямды қосып үлгі жасадым.
Осылай шаблондарды таңдап алып, дүниетану немесе жаратылыстану пәндері бойынша сюжеттік бейне сабақтар жасап, оқу мен оқыту барысында оқушыға өзіңіз жасаған видеоны көрсетіп, өзіңіз сол видеоны оқушы көріп болған соң, оқушыларға қағазға жазылған тапсырмалар ретінде ұсынып, ал оқушылар мына қағазда, осы видеода көрсетілген бойынша тапсырмалар бар зерттеп көріңдер деп, оқушының танымдық қызығушылдығын арттыруға болады. Бұл менің бір сіздерге ұсынып отырған педагогикалық озық тәжірбием.
4-зерттеу тәжірбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылдығын арттыруға арналған 3d mozaik бағдарламасы
Бұл бағдарламада оқушыларға түрлі интерактивті танымдық тапсырмалар ұсынуға болады. Бастауыш сынып оқушыларына түрлі қызықты видеолар мен танымдық зертханалық сабақтар топтамасы жинақталған. Тілді дамытуға және оқушының көзқарастарын терең ойлауға үйрететін бағдарлама деп айтқым келеді.
Бастауыш сыныптарға түрлі танымдық 3 д форматтағы кітаптарда бар.
Бұл бағдарлама элементтер тиімді тәсілдер ретінде қолданамын.
5-зерттеу тәжірбиесі
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осыған байланысты бүгінгі күні бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылдығын арттыруда және сабақ барысында қолданып жүрген инновациялық технологиялардың бірі – Learning APPs.оrg сервисі.
Learning APPs. Оrg сервисі – түрлі сипиттағы дидактикалық тапсырмалар орындауға арналған интерактивті, мультимедиялық конструкторы. Тапсырмалар интерактивті тақтамен жұмыс жасаумен тығыз байланысты. Қолдануда жеңілдігімен, оқушыларға қызықтылығымен ерешеленеді.
LearningApps.org электрондық интерактивті жаттығуларды ыңғайлы және оңай жасауға мүмкіндік береді. Мүмкіндіктер кеңдігі, навигация ыңғайлылығы, пайдаланылуы оңай. АКТ – мен жұмыс істеудің ең төменгі дағдылары бар кез келген мұғалім өз ресурсын құра алады - жаңа материалды түсіндіру, бекіту, тренинг, бақылау үшін шағын жаттығулар кешені де қарастырылған.
Сервисті жасаушылардың өздері - PH Bern педагогикалық информатика колледжінің орталығы Майнц қаласы университетімен және Циттау қаласы Герлиц университеті - бұл сервисті келесідей сипаттайды: LearningApps.org интерактивті модульдердің көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдауға арналған Web 2.0 қосымшасы болып табылады.
Қолданыстағы модульдер оқу мазмұнына тікелей енгізілуі мүмкін, сондай-ақ оларды өзгертуге немесе жедел режимде құруға болады. Мақсаты интерактивтік блоктардың жиналысы және оларды жалпыға қолжетімді ету мүмкіндігі болып табылады. Мұндай блоктар (қолданбалар немесе жаттығулар деп аталатын) осы себепті ешқандай бағдарламалар немесе нақты сценарийлер енгізілмейді.
Сондай - ақ сервис оқушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыруға, оқу курстарын оқытудың жеке траекториясын құруға, өзінің жеке оқу материалдарының қорын құруға көмектеседі.
Сайтта 30 – дан астам әр түрлі интерактивті жаттығулар, оның бесеуі 2 – ден 4 - ке дейінгі қатысушылар үшін ойын түрінде ұсынылған. Барлық тапсырмалар бір нұсқада орындалды.
Электрондық пошта арқылы жіберу сілтемесін немесе блогқа кіру кодын алуға болады.
Бүгінгі күні бастауыш сынып пәндеріне қатысты қызықты тапсырмаларды аламын. Learning APPs.оrg сервисін қолданудың бейнесі мынадай.
Қортынды
Сабақ барысындағы тиімді тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылдықтарын ынталандыру құралы ретінде түрлі тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалім шеберлігіне байланысты. Сондықтан да, оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалык әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру өз бетінше білім алу дағдыларынын дамуына негіз салу болып табылады. Білім беру жүйесінің шығармашыл, техникаиы басқарудың жана әдістерін таба алатын батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2018 ж.
2. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2019.
3. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2018.
4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2019.
5. https://learningapps.org/index.php

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген