400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама:Тілдерді үйретудегі жаңа әдістерді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, БҚО, Зеленов ауданы. Новенький ауылы. «Бүлдіршін» бөбекжайы МКҚК әдіскері Галиева Ботагөз Кенесқызы

Тақырыбы: Тілдерді үйретудегі жаңа әдістерді пайдалану.


Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.

Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Сурет қарастыруда, дидактикалық ойын барысында болсын, әр баланың жеке дамуына жол ашылады. Дидактикалық ойындағы танымдық деңгей ойынның ережесінде және ойын әрекеттерінде байқалса, оқыта отырып ойнатуда не суреттер қарастыра отырып оқытуда баланың әрбір тапсырманы дұрыс орындауға бағыттайтын шеберлігі мұғалімнің тікелей нұсқауынанбайқалады. Мұғалім түсіндіріп, нұсқау берген кезінде даусының үнімен ең негізгі білуге қажетті мәселені екпін түсіре бөліп айтады. Дидактикалық материал әрі мәтін, әрі сол мәтінге негізделген сурет болған жағдайда баланың сол материалмен әрекетіне баса назар аударылады.
Бала өзіне берілген суретке негізделген тапсырмалар алдында еркін
жауап береді, яғни олардың әрқайсысы суреттегіні өзінің жекелей дамуы
тұрғысында барлап, байқап жауаптар бере бастайды. Осы кезде баланың
жекелей психикалық ерекшеліктері де (меланхолиг, сангвинник, холерик)
айқын орын алады. Тәрбиеші сөйлесіп, жауап аларда осыны басты назарда
ұстайды. Жинақтап айтқанда, баланы айналамен таныстырғанда заттарды, зат
сұлбалары орналастырылған суреттерді, мазмұнды сериялық картиналарды,
пейзажды суреттерді көрсете отырып дамытудың өзіндік әдістемесі бар .
Олар мынандай:

1. Балаларға берілетін суреттер, картиналар баланың жас ерекшелігіне,
қабылдауына сай алынып, әр түрлі персонажды бейнелейтін болуы керек. Яғни,
баланың ойы ертегінің қай бөлігін қайталап айтып беруге тартса, соған негіз
болатын мазмұнды суретті таба алуы керек;
2. Сурет, картина арқылы баланы нәзік сезімге тәрбиелейміз. Сондықтан
берілетін суретте баланың жақсы көру, ұнату сезімдерін оятатындай әдемі
персонаждар болғаны жөн. Сүйкімді аппақ лақ, жұп-жұмсақ жүнді мысық,
сүйкімді қуыршақ, т.б.

3. Бала суреттегі бейнеден алған әсерін ойша көңілге тоқып, ол турасында
қорытынды ой айта білуі керек. Сол сурет арқылы берілетін эстетикалық
тәрбие біржақты қалмауы керек, ол баланың жақсы азамат болып өсуіне ықпал
ететіндей болғаны жөн.

4. Үлкеннің оқытуды дұрыс ұйымдастыруы: яғни сабаққа балалардың
барлығының қызығушылығын тудыратындай етіп суретті дұрыс таңдап, оны
тиімді, жүйелі қолдануы, әр баланы сол суреттер арқылы құрылған әңгімеге
белсенді қатыстыра алуы, тақырыпқа қатысты бала білімін дамытып,
практикалық дағды-шеберлікке бейімдеуі керк.65

5. Оқу іс-әрекетіне алынған сурет немесе әдемі живопись баланы шығармашылық қабілетке тәрбиелейтіндей алынуы тиіс.

Ойын ұйымдастырылған оқу іс-әрекет басында – өткен сабақты еске түсіру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке ынтасын арттыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің соңында – тақырыпты бекіту, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттен алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – ұйымдастырылған оқу іс-әрекет сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .

Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.
Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады.

Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.

Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады. Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады.
Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.

Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ. Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.
Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.
Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.
Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.
Ертегі сахналау арқылы балаларды рөлге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет. Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.

Жаңа кітапшамен танысу негізіндегі сабақтарға әуелі мәтінді жеке оқып,
содан кейін иллюстрациясын көрсеткен дұрыс екенін балалар бақшаларының
тәжірибесі дәлелдеп отыр. Сурет әрбір сөзден кейін көрсетілуі тиіс, әйтпесе
түрлі-түсті суреттерге еліктеген балалар суретті өзінше көреді де, елестеткен
образы сөзбен үйлеспейді, өйткені балалар сөзді «естімейді», оның дыбыстық
бейнесі оларды қызықтырмайды. Балалар көңілін толық аударып, оларды
қызықтыру үшін өте әдемі өрнектелген кітапшаның мұқабасы ғана жеке
көрсетіледі.

Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше.

Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, сюжетті - рөлді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек.

Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету. Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.
Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да бала тілін дамытуда сөздік қорын байытуға ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» - мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең бірінші орынға қойып дамыта беретінін, оның болашағы үшін алаңдамау керек екенін баса айтады. Президентіміздің бұл айтқандарына назар салатын болсақ, расында, мемлекеттік тіл – қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, ығына ығыстырып, үш тұғырдың ең үстінде тұрады. Демек, қазақ тілінің болашағына қауіптенетіндер алаңдамаса да болады. Себебі, мемлекеттік тіліміздің ары қарай дамуына президентіміздің, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі кепілдік беріп отыр.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі