400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Баяндама."ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау

Шымкент қаласы, №131 ЖОББМ, педагог-психолог:

Кушербаева Фариза Азимхановна

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)

“Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау”. ҚР – ның “Білім туралы! Заңы
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және коллеждер мен жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

ҰБТ – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

Оқушыларды ҰБТ - ға сапалы дайындау үшін мектепте дайындықтың жоспарын жасау керек.

-психологиялық;

-ұйымдастыру;

-технологиялық;

- ақпараттық

ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы. Мұғалімге қойылатын талаптар.

  • Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,

  • Пәндік оқытуды ұйымдастыру

  • Тиімді технологияларды қолдану.

Мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?
Мақсаттар:
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ға жүйелі дайындық жүргізу және білім сапасын жоғарылату.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

Ата- анаға кеңес:

  • Баланың жүрістұрысына жіті мән беру.

  • Баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау.

  • Оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау.

  • Баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау.

  • Шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау.

  • Жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінезқұлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау.

  • Баламен қарымқатынаста  жиі түсініспеушілік жәйттер орын алатын болса  маманның кеңесіне жүгіну.     

Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар:

  • Күн тәртібін жоспарлау

  • Уақытты тиімді пайдалану.

  • Дұрыс тамақтану.

Осыған ата-ана көбінесе жүрдім-бардым қарайды. Құнарлы, нәрлі, уақтылы  тамақтану адам денсаулығына, көңіл күйіне оңды  әсер ететіні айтпаса да түсінікті.  Ой еңбегінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Отбасында жылы, жаймашуақ орта қалыптастыру. Дене жаттығуын жасату. Уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру. «Баламыз күні-түні бас алмай кітапты жастанып ұйықтайды, әбден титықтады». Мұндай дайындықтан нәтижеден жоғары нәтиже шығады деу қиын. Күн тәртібі сақталмаса, ол стресс алуы мүмкін.     

Қолы бос кезде:

  • Сүйікті ісімен айналысу.

  • Таза ауада серуендеу;

  • Үй шаруасына көмектесу;

  • Өзіне жүктелген міндеттерді атқару;

  • Кітап оқу;

  • Достарымен араласу т.с.с          

Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін.Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жәй қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жәйт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал.

Стресс пен күйзеліске түскен балаға қалай көмектесеміз?

  • Жақын тартып байыппен сөйлесу;

  • Көңілкүйіне назар аудару;

  • Мәнжайды анықтау;

  • Баладағы өзгеріске сақтықпен қарау;

  • Өз проблемасымен жалғыз қалдырмау;

  • Проблемасына түсіністікпен қарап, сонымен бірге екенін білдіру;

  • Көңілін аулау;

  • Қызығушылығын ояту;

  • Психологиялық қолдау көрсету;

  • Стресске қарсы тәсілдерді – серуендеу, музыка тыңдау, дене жаттығуларын іске асыру.   Бұл еш нәтиже бермесе, арнайы маманның кеңесіне жүгініңіз.

Айтылуы тиіс сөздер: ҰБТ – бұл  бар болғаны сынақ, ал сынақ нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. ҰБТ маңызды сынақ болғанымен де, оның көрсеткіші болашаққа еш кедергі бола алмайды. Өмір тек ҰБТ- дан тұрмайды, осы сәттегі сәтсіздік ол –  уақытша қиындық. Уақытша болғандықтан ол өтеді де кетеді.


«ҰБТ-ға дайындық» кезінде  төмендегі мәселелер мен  қиындықтар кездеседі:

  • Сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың ынтасыздығы;

  • Оқушылар мен ата-аналардың денсаулығына байланысты туындайтын мәселелер;

  • Ата-аналарының төмен білімінің деңгейі;

  • Оқушының өзіндік даму, өзіндік білім көтеруінің төмен деңгейде болуы;

  • Оқушының өзін-өздері төмен бағалауы және көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес бұл пәнді басқа пәндерге  қарағанда оңай деп тануы

Біріңғай ұлттық тестілеуге сапалы дайындаудың үш жолы бар:
Біріншіден: алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін маман болу керек;
Екіншіден:оқушы 5-11 сыныптың материалын тесті жаттау арқылы емес, берілген әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы іс жүзіне асыру керек;

Үшіншіден:пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен оқушыларға сұраныс пен талап қоя отырып берілген білімнің сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы жүйелеп, үлгерім процесіне шығару керек.
Сонда ғана Біріңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі болады.

ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:
1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2.Мектептердің білім сапасына нақты баға беріледі.
3. Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.

Сондықтан ұстаздар қауымы, қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармауымыз қажет. Ел болашағы-білімді жастардың қолында.Сондықтан білімді ұрпақ , жеке тұлға қалыптастыру – біздің ең басты мақсатымыз!


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирсеитова  С.С.  Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. 

Қарағанды,        2011.

2. «Қазақстан мұғалімі»  газеті

3. 12-жылдық білім берудің Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары

4. Методикалық құрал Мектептегі 12 жылдық жағдайлары




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі