400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама:"Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет"

Материал туралы қысқаша түсінік
білімгерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет



Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген.

Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған. Өйткені, тәрбиелі адам - тағалы атпен тең деген. Ата- анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде " Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы қалыптасқан.

Жастар біздің қоғамның негізгі тірегі. " Болашағыңды білгің келсе, бүгініңе қара" демекші, әр қоғам елдің болашағына алаңдайды.Сол сияқты, біздің қоғамда орын алып жатқан келеңсіз мәселелер бар. Соның бірін қозғасақ, жастардың қоғамдық көліктердегі әрекеті. Аяқ - қолы балғадай жастардың қоғамдық көліктерде құлақтарыңа құлаққап тағып алып, көрсе де көрмегенсіп отыра беретіндерін көзіміз көріп жүр. Керісінше жасы үлкен адамға орын беріп, "рақмет, көп жаса" деген бір ауыз жылы лебізің естігенге не жетсін? Өйткені  «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіннен қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл» дейді.  

Бауыржан Момышұлы атамыз " Қарт адам - ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты " деген қарияларымызға сый- құрметімізді аямайық, әр сөзінен ғибрат ала білейік. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды.  «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» екенін есімізден шығармаған жөн болар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
3367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі