Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндауыш 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Қазақ тілі

Мектеп: «Ақтөбе орта мектебі» КММ

Сынып: 3

Мұғалімнің аты-жөні: Кереева Жадыра Шакенұрқызы

Сабақ тақырыбы

Баяндауыш

Oсы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (oқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.7.сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауышты ажырату.

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

3.3.5.1 жіберілген орфографиялық қателерді тауып,түзету.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тұрлаулы мүше баяндауышты табады.

Көпшілігі: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады, тұрлаулы мүше бaяндауышты aжыратaды, oрфoграфиялық қателерді табады.

Кейбірі: Өз бетінше жіберген oрфoграфиялық қателерді тауып түзетеді

Бағалау критерийлері

1. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады,жауап береді.

2.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты aжыратады, орфографиялық қателерді табады,түзетеді.

Құндылықтарды дарыту

«Ойлан,бөліс,бірік!» жұптық әдісінде берілген тапсырманы бірге орындауы,ой алмасуы. «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі кезінде бір-бірін тыңдай білуге,ақылдасып,көмектесуге, бірлестікке үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Ұйымдастыру кезеңінде «орыс тілі» ,«ағылшын», «Дереккөз» әдісінде «дүниетану» пәнімен,сергіту сәтінде «дене шынықтыру» пәндерімен байланыс жүргізіледі.

АКТ қолдану дағдылары

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі кезінде«Bilimland» платформасынан тапсырма орындауда планшет,«Жүгірме диктант» әдісінде интербелсенді тақтаны қолданады.

Бастапқы білім

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

- Үш тілде амандасу

Ширату тапсырмасы.

ҰЖ. «Сұрақты ұстап ал!» әдісі

- Э –қандай дыбыс?

- Ф –қандай дыбыс?

- Туынды сөз дегеніміз не?

- Бастауыш дегеніміз не? қандай сұрақтарға жауап береді?

- Бастауышқа мысал келтір?

Дескрипторы:

- сұрақтарға жауап береді;

- тұрлаулы мүше бастауышқа мысал келтіреді;


Топқа бөлу: «Түстер әдісі» әдісі

Қызыл 1-топ – «Бастауыш»

Сары 2-топ - «Баяндауыш»

Жасыл 3-топ – «Сөйлем мүшелері»

Тaпсырмaны oрындаған oқушыны мaдaқтау,толықтыру жaсaу, тиімді кері бaйлaныс oрнaту.









Үлестірме қағаздар

(қызыл, сары,жасыл)


Сабақтың ортасы

10 мин

































10 мин









































































10 мин

1-бағалау критерий: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады,жауап береді.


ҰЖ. «Дереккөз» әдісі

Дескрипторы:

- ютуб сайтынан «Сәулет өнері» тақырыбындағы бейнежазба қарайды;

- бейнежазба бойынша сұрақтар құрастырады;

- дереккөздерге сүйеніп сұрақтарға жауап береді.


ТЖ. «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі

Саралау: Тапсырма бойынша

1-топқа:Тірек сөздермен жұмыс: сөйледі,айтты,анықтады,тепті,ойнады

2 – топқа: Суретпен жұмыс

3 – топқа: Сызба бойынша жұмыс

Дескрипторы:

- тірек сөздер, сурет,сызба бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-келесі топқа сұрақтарды ауыстырады;

-топтар өзара сұрақтарға жауап береді;

-тұрлаулы мүше баяндауышты табады;


ҚБ тапсырмасы.

ЖЖ. «Ойлан,бөліс,бірік!» әдісі

Мәтін.

Киіз үй тегіс жерге тігіледі. Ол үшін алдымен керегелер шеңберлене керіліп, бір – біріне таңғышпен біріктіріп байланады. Содан кейін есік орнатылады. Керілген керегені айнала басқұр тартылады. Бұдан соң үйдің тура ортасында тұрған қолында бақаны бар қарулы жігіт шаңырақты жоғ ары көтереді. Көтерілген шаңыраққа айнала уық шаншылып, оның екінші басы керегеге байланады.Оған киіз жабылып, үстін арқанмен бастыра тартып байланғанда ғана киіз үй тігіліп болды деп есептеледі.

Дескрипторы:

- мәтінді түсініп оқиды;

- мәтін мазмұны бойынша А оқушы пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-Б оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді;

-жұп болып мәтіндегі тұрлаулы мүше баяндауышты табады.


Бағалау: «Оюлар» әдісі бойынша бағалау.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып,жауап бере алса.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беріп, бірақ сұрақ қоя алмаса.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алмай, жауап бере алмаса.


Сергіту сәті: «Қыдырып қайтайық»


2-бағалау критерий: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты aжыратады, орфографиялық қателерді табады,түзетеді.


ТЖ. «Жүгірме диктант» әдісі

Аңшы тазы итімен аң аулады.Қар қалың. Қарда аңның ізі бар. Ол түлкінің ізін көрді. Тазы түлкінің соңына түсті.

Дескрипторы:

- сөйлемдерден орфографиялық қате кеткен сөздерді табады;

- әр топтан бір оқушы тақтаға жүгіріп шығып қатені түзетіп жазады;

-сөйлемнен баяндауышты анықтайды.


ЖЖ.«Қатені тап» әдісі

Айтты

Табты

Марат

Оқды

Ғарыш


Дескрипторы:

-сөздердің ішінен тұрлаулы мүше баяндауышты ажыратады;

-орфографиялық қате кеткен сөздерді табады;

-орфографиялық қате кеткен сөздерді екінші бағанға түзетіп жазады.

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету»

-Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

-Оқыды сөзі қалай жазылады?


ҚБ тапсырмасы:

ӨЖ. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Киіз ұй тегіс жерге ... . Керге басқұрмен... .

Шаныраққа уық ... .

Тиісті сөздер: шаншылады, тігіледі, тартылады.

Дескрипторы:

- сөйлемдегі тиісті сөздерді анықтайды;

-сөйлемдегі орфографиялық қателерді табады;

- қатені түзете отырып көшіріп жазады;

- тұрлаулы мүше баяндауышты анықтайды;

Саралау «Қарқын»

Қарқыны тез, қолдауды аз қажет ететін оқушыларға «Bilimland» платформасында берілген сөздердің қатесін түзеп, тұрлаулы мүше баяндауышты табуға тапсырма беремін.

Қарқыны баяу, қолдауды көп қажет ететін оқушыларға қима қағазда жазылған сөйлемдердің құрылымын ұсынамын.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі

Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты

aжыратып,орфографиялық қателерді тауып,түзеткен оқушыға.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты

ажыратып, орфографиялық қателерді тауып, бірақ түзете алмаған оқушыға.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты

ажыратады,бірақ орфографиялық қателерді таба алмаған, түзете алмаған оқушыға.





https://www.youtube.com/watch?v=ZaDuJOQEzQw






Карточка


























Бас бармақ


https://yandex.kz/video/search?text=%







Интербелсенді тақта








Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» әдісі

Стикерлер, жетістік баспалдағы

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Құрастыр, сосын жауап бер!» әдісі мен топтық жұмыста оқушылардың қабілеттерін тапсырма бойынша саралаймын. 1-топқа тірек сөздер, 2-топқа сурет, 3-топқа сызба бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруға тапсырма беремін.

«Қатені тап» әдісімен жұптық жұмыста қолдауды қажет ететін жұптар болуы мүмкін. Қолдауды қажет ететін жұптарға «Диалог және қолдау көрсету» тәсілімен саралап,

«Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? Оқыды сөзі қалай жазылады?» жетелеуші сұрақтар арқылы демеймін.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісімен жүргізілетін өзіндік жұмысты орындау қарқынын ескеріп «Қарқын» саралау тәсілін қолданамын.

Қарқыны тез, қолдауды аз қажет ететін оқушыларға «Bilimland» платформасында берілген сөздердің қатесін түзеп, тұрлаулы мүше баяндауышты табуға тапсырма беремін. Қарқыны баяу, қолдауды көп қажет ететін оқушыларға қима қағазда жазылған сөйлемдердің құрылымын ұсынамын.



Бірінші бағалау критерийі бойынша

«Оюлар» әдісімен бағалаймын.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты aжыратып,орфографиялық

қателерді тауып,түзеткен оқушыға.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты ажыратып, орфографиялық

қателерді тауып, бірақ түзете алмаған оқушыға.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бaяндауышты ажыратады,бірақ орфографиялық қателерді таба алмаған, түзете алмаған оқушыға.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12