400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Баяндауыш" 3 сынып Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Қазақ тілі. сыныбы:3 Күні__________

Тақырыбы: Баяндауыш
Мақсаты: 1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Түрі: бекіту
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, жемістер ,көкөністер, презентатция
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы – жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сыйпайын.

Жылы – жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір қысайын..
Топқа бөлінеміз: 1) бастауыш 2) баяндауыш 3) мәтін 4) сөйлем

болып 4 топқа бөлінеміз.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
38 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Көп нүкте орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазу.
- Бұлт қайтті?
- Бұлт ыдырап тарады.
- Жел қайтті?
- Жел қуып барады.
- Күн қайтті?
- Күн күлімдеп қарады.

Біз қазір сабақты пысықтау мақсатында «балық аулау» ойынын ойнаймыз

  1. Баяндауыш дегеніміз не?

  2. Баяндауыштыштың сұрақтары қандай?

  3. Баяндауышқа мысал келтір

  4. Баяндауыш қандай мүше?

    III. Жаңа сабақ: Көбейту кестесін пайдаланып тақырыпты ашу.
    а) мақсат қою;
    ә) тақырыпты хабарлау.
    Бүгінгі сабақта біз сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш және баяндауышқа байланысты білімдерімізді байқаймыз. Өтілген тақырыптарды бойынша сызба арқылы еске түсіріңдер, яғни қаншалықты естеріңде қалғанын анықтаймыз.
    Ережені әр оқушыдан сұрау. Мысал келтіру
    40 - жаттығу.
    1. Тапсырманы оқыту;
    2. Жатқа жаздыру.
    Торғай тоғайды ұнатады.
    Тоғай торғайды қуантады.
    3. Әр сөйлемдегі бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын 2 рет сыздыру.
    4. Сөйлемді баяндауышсыз айтып көр, сонда қалай болғанын баянда.
    41 - жаттығу.(ауызша)
    Бидай, тарым маржандай,

Суым бине нарзандай.

Жылқыларым құландай,

Құлындарым құнандай

  1. Өлеңді мәнерлеп оқы;
    2. Әрбір сөйлемдегі бастауышпен баяндауышты тап.
    3. Баяндауыштар қай сөз табынан жасалған. Оларға сұрақ қою.

Сергіту сәті «ойын» Көкөністермен жемістерден баяндауышы бар сөйлем құрау
42-жаттығу Жеке жұмыс 3 деңгей.

Марс – қызыл планета . Оның бетін қызыл түсті тозаң жауып тұрады. Жел тұрған кезде сол тозаң көтеріледі. Біраздан соң қызыл бұлтқа айналады. Марстағы жартастарды құрамында темір көп . Сол темір тотыққан кезде қызыл күрең түске енеді.

Топпен жұмыс 43- жаттығу Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап .

Бұйыра тұлымы

Желмен ойнайды,

Қызыл мұрыны

Жерге бойлайды.

44-жаттығу Оқы ,сұрақ қойп бұлардың қандай сөздер екенін айт.

Жүзеді, жанады ,ұшады,тігеді ,сүзеді, оқиды, көмектеседі ,жауады.

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем жаз. Жазған сөйлемдеріңдегі бастауыштың астын-бір,баяндауыштың астын екі рет сыз.

45-жаттығу Мақалдарды оқып, жатқа жаз.

Көп сөз ұтпайды ,

Дөп сөз ұтады.

Тіл жүйріктен де озады.


Әр сөйлемнің баяндауышын тап. Олар қандай сөздерден жасалған?


46 - жаттығу: Ребусты шешсең, төмендегі жұмбақтың шешуін табасың.
Жұмбақ:
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты. (күн, ай, тәулік)
Тапсырма: Бастауыш, баяндауышты табу.
«Жүйрік ойлы,
Тапқыр кім?» қаншалықты? Яғни, өзіміздің тапқыр ойға жүйріктіліктеріңді байқап көреміз. Ол үшін: жұмбақ шешеміз:
а) Өзім сөзден тұрамын,
біткен ойды құрамын (Сөйлем)

ә) Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем) «тары»- нүкте

б) Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем) «орақ»- сұрақ белгісі

в) Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем) «шарға ине»- леп белгісі
Жүйрік ойлы тапқырымыз кім болды?
Оқушыларды мадақтау. Жұлдызша қою.
Ережені пысықтау, үйге тапсырма, бағалау.






























Бастауыш

Жарияланды 21-11-2013, 14:37 Категориясы: Бастауыш сынып 

Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға бастауыш туралы ұғым қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
2) Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.
3) Шыншылдыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Сынып тазалығы, жеке бас тазалығы
3. Сабаққа әзірлігі
Сәлемдесу: Келіңіз, төрлетіңіз,
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлемдесіп үлкенмен
Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
- Cөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті деген сөйлемдерге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.

ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Сиқырлы сандар» ойынын ойнап, өткенді қайталайық. Сол арқылы тақырыбымызды ашамыз.

Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім?
кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
Ендеше, балалар дәптерімізді ашып, күн ретін жазайық.
- Көркем жазу минуты
- Тақтамен жұмыс
22 - жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.
- Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
23 - жаттығу
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
ІҮ. Ой сергіту сәті
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны
Шарты: Кез - келген сөздер оқылады. Ал, оқушылар сол сөзге бастауышты қойып, тез айтады.
Отыр, жасады, айтады, жүрді, ойнады т. б.
24 - жаттығу
Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жазу.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(Күз)
25 - жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, бастауышты тауып, астын сызу.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың - құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.
26 - жаттығу
«Адасқан сөздер» ойынын ойнай отырып, жаттығу жазу.
Арыстан ---------- боздайды
Түйе --------------- мөңірейді
Жылқы ----------- ақырады
Қой ---------------- кісінейді
Сиыр -------------- маңырайды
27 - жаттығу
Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап беру.
Ү. Сабақты қорыту

ҮІ. Үйге тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Ереже жаттау
ҮІІ. Бағалау



















Баяндауыш

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш (Тұрлаулы мүше)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрудағы негізгі қызметін байқатып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту.
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, табиғаттың әсем көрінісін сезіне білуге тәрбиелеу.
Негізгі идея: Оқушыларды бір жүйеге келтіріп, сөйлеу тілін, сөздік қорын байыту. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқушыларды топтық жұмыс жасата отырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілеттерін дамыту, көз алдына елестету арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздерді дұрыс буынға бөліп тасымалдауға, тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша қойылатынын үйрету.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: топтастыру, ой қозғау, диалогтік, с. т. о. бағалау, салыстыру.
Көрнекілігі: тірек сызба, кесте, стикер, Венн диограммасы
Күтілетін нәтиже: Оқушылар баяндауышты меңгере отырып, жаттығулар орындайды, берілген тапсырмалар бойынша кестені толтырады, етістік пен баяндауышты салыстыра отырып, олардың жасалу жолдарын біледі, суреттер бойынша әңгіме құрастырып, баяндауышты табуды сұрақ қою арқылы ажыратуды үйренеді.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру. Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу.
1. Төртбұрыш
2. Үшбұрыш
3. Шаршы
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2. Бастауыш дегеніміз не?
3. Сөйлем неден құралады?

Ой қозғау тәсілі. Жаңа тақырып бойынша оқушымен пікір алмасу. Етістік дегеніміз не? деп сұрақ қоя отырып жаңа сабақпен байланыстырамын
Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін математика сабағымен байланыстыра отырып «Ойлан» кестесінің сырын аштырамын. Сызбамен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығуларды орындатамын.
Миға шабуыл.
35 - жаттығу. 1. Маусым дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
Дәптермен жұмыс
Топтық жұмыс. Әр топқа жеке тапсырма беремін.
Сергіту сәті. Құстар қалай сайрайды?
39 - жаттығу. Сөз жұмбақты шешу.
Сабақты қорыту. Венн диаграммасы.
Бағалау.
Үйге: Ережені жаттау











































ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР. БАЯНДАУЫШ

Мақсаттары: 1. Сөйлемдегі негізгі мүшелердің бірі-тұрлаулы мүше баяндауыштың құрылысына қарай түрлерін, жасалуын, сұрақтары мен қызметін түсіндіріп, жаттығу жұмыстары арқылы теориялық және практикалық жағынан меңгерту. 2. Өткен тарихты, ел жәдігерлерін тану, білуге тәрбиелеу. 3.Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы   

  Сабақтың көрнекілігі: схемалы, таблицалы плакаттар
Сабақтың әдісі: деңгейлеп, саралап оқыту, сұрақ – жауап талдау, практикалық ізденулер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Тұрлаулы мүше. Бастауыш. Көркем  шығармадан бастауыштың жасалуына байланысты сөйлемдер жазу.

ІІІ. Жаңа  сабақ: Баяндауыш.

Тақырып жазылған соң/ тақтаға, дәптерге, /оқушыларға әр топ бойынша бірнеше тірек сөз/ етістік/ беріледі.

 

І топ

Тұрды, қарады, ойлады

ІІ топ

Жиналды, жуынды, шықты

ІІІ топ

Жүрді, келді, дем алды.

 

  • Осы тірек сөздерді қолданып мәтін құрау тапсырылады. І топ мәтіннің басын, ІІ топ ортасын, ІІІ топ соңын жазады.

  • Мәтін құрастырылған соң оқытылып, жаңағы тірек сөдерге сұрақтар қойылады.

Осы тірек сөздердің әрекеттің қимыл –қозғалысын білдіретіндігі түсіндіріледі.

ережесі шығарылады:

Баяндауыш – сөйлемде бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіретін тұрлаулы мүше.

Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

не болмақ? қайтпек? не істемек? не қылмақ?

неше? қалай? кімдікі? ненікі? кім? не?

Баяндауыш құрылысына қарай




Дара

Қобыз аспабын

Қорқыт есімімен

байланыстырады

Күрделі

Ол жасынан өте ұғымтал, құймақұлақ болып өседі.

Үйірлі

Қорқыт шамамен

ІІІ — ІХ ғасырларда өмір сүрген

 

  • Мысалдардың баяндауыштарын топтар бойынша талдау: дара, күрделі, үйірлі екендігін дәлелдету, басқа мысалдар келтіру.

Баяндауыш болатын сөз таптары (жасалуы)

Баяндауыш болатын сөз таптары

сұрақтары

Мысалдар

Етістік

Не істеді?

Айжан бүгін ерте келді

Сын есім

Қандай?

Бауырым ақылды

Зат есім

Кім?

Олжас – ұқыпты оқушы

Сан есім

Неше?

Бес жерде бес – жиырма бес

Есімдік

Кім?

Қайсары – мен

Көмекші етістік

Еліктеу сөз

Қайтті?

Үлкен көк төбет арс етті.

Жаттығулар

38-жаттығу.Бастауыш дегеніміз не, баяндауыш дегеніміз не? ережесін өздерің шығарып айтыңдар.

 

 

Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдер құраңдар.

… – ынтымақ.

… – байлық.

… – оқу.

… – сәлем берді.

… – төрт.

… – бөлінбейді.

… – жетім.

… – білерсің.

… – жаман.

Дидактикалық материалдардан

  1. 20-бет алг. деңгей

3. 20-бет жоғары

4. 20-бет о.деңгей

Шығармашылық жұмыс сурет бойынша. Алтын адам суретті іліп қойып, тапсырмалар беру.

1-деңгей. Жеке сөйлемдер құрап жазу.

2-деңгей. Мәтін құрап  жазу

3-деңгей. Тарихпен байланыстыра мәтін құрап жазу.

4-деңгей.Баяндауыштарды құрамына қарай талдау

тапсырмаларды тексеру, жинақтау.

Сабақты бекіту:

  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау, бекіту. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы түсінген, меңгергендерін анықтайды.

  2. Үйге тапсырма: 49-50 беттерді оқыту 39-жаттығу 1-2 деңгейдегілер баяндауышқа сөйлемдер құрау. 3-4 деңгейлер Мәтін құрау.

  3. Бағалау.

Реклама


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1991
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі