400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндауыш туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Баяндауыш

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.

Оқушылардың көбі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

- сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады.

Оқушылардың кейбірі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді

- сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.

Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтайды.

Сурет көмегімен нұсқаулық құрастырады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Тиянақтап тұратын мүше.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Басқұрдың қызметі не?

Бақанның қызметі не?

Киіз үй неге тегіс жерге тігіледі?

Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану пәні

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптары. Етістік.Сөйлем. Сөйлем мүшелері.Бастауыш.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Сабақтың басы

3 минут






(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі.

«Көбелек» жаттығуы».
Таңертең көбелек оянды, тартылады,
Қанаттарын бұлғайды, терең тыныс алады,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Сабақтың ортасы

34 минут

10 минут



















































8 минут



































1 минут

6 минут











9 минут


















Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

1.Топқа бөліну

1-топ.Ағаш үй

2-топ.Құрама үй

3-топ.Алғашқы үй

4-топ.Көшпелі үй

Киіз үй — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.

2.Оқушылар орындарына жайғасқан соң өздеріне берілген топ атауының «киіз үйге» қандай қатысы бар екенін айтады. Содан соң тақтадан сөздер көрсетіледі. Топ мүшелері «Венн диаграммасы» арқылы қарамен жазылған сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Топ жұмысы қорғалады. Пікірлер тыңдалады. Мұғалім сөзімен қорытындылады.

1-қатар

2-қатар

оқыды

жауды

мөңіреді

жасады

оралды

өсті

жазды

Динара оқыды.

Қар жауды.

Сиыр мөңіреді.

Әкем жасады.

Құстар оралды.

Гүл өсті.

Айбек жазды.


1-қатар 2-қатар


1-қатар

2-қатар

Етістік

Баяндауыш

оқыды

жауды

мөңіреді

жасады

оралды

өсті

жазды

Динара оқыды.

Қар жауды.

Сиыр мөңіреді.

Әкем жасады.

Құстар оралды.

Гүл өсті.

Айбек жазды.

-Бастауыш дегеніміз не?

-Баяндауыш бастауыштың іс-қимылын білдіреді. Сұрақтары не істеді? неғылды? қайтті? Баяндауыштың сөйлем ішінде екі сызықпен сызылады.

- Кім мысалдар келтіреді?

- Үйлер салынды. (дара бастауыш)

- Үйлер салына бастады.(күрделі баяндауыш)

Shape1

Баяндауыш

Shape2

Дара баяндауыш

Shape3

Күрделі баяндауыш

Shape4 Shape5




«Семантикалық карта» әдісі бойынша баяндауыш түрлерін ажыратады. Оқушылар жеке орындайды. Жұбымен өзара тексереді. Балмұздақ таяқшасы арқылы айтады.


Дара баяндауыш

Күрделі баяндауыш

Үй тұрғызды.



Апам сырлады.



Қонақтар келе жатыр.



Сабақ оқиды.



Қоян секіріп барады.




3.(Ұ.Ө). Оқушылар оқулықтан 9-жаттығуды орындайды. Алдымен мәтінді іштей оқиды. «Түртіп алу» әдісі бойынша мәтінді талдайды.

Маған таныс

Мен үшін жаңа

Бұл туралы тереңірек білгім келеді.





Содан соң мәтін ішіндегі жаңа сөздерді түсіну үшін кесте беріледі. Оқушылар берілген сөздің мағынасын оқулықта берілген мәтін мазмұны бойынша табады.

таяқ

басқұр

бау

ағаш

таяқ

бақан

бау

ағаш

Оқушылар жеке жауап береді. Себебін түсіндіреді. Оқушылар мәтін мазмұны бойынша «жіңішке-жуан» сұрақтар дайындайды. Жұмыс топта орындалады. Әр топ дайындаған сұрақтарын тақтаға іледі. Әр топтан бір оқушы шығып, сұрақты оқып келеді. Топ мүшелері бірігіп отырып, сұрақтың жауабын іздейді.

Дескриптор:

- мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;

- сұрақтарға жауап береді;

- сұрақтың құрылымын сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. Әр топ келесі топ туралы пікірлерін айтады.

5. (Ж) 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

Оқушылар мәтін ішінде қарамен берілген сөздерге жұптаса отырып сұрақтар қояды. Сөз нені білдіретіндіктерін анықтайды. Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін анықтайды. Оқушылармен бірігіп отырып талданады.

Киіз үй тігіледі. Ол байланады.

ЕShape7 Shape6 сік орнатылады. Басқұр тартылады.

Shape9 Shape8

Жігіт көтереді. Басы байланады.

Shape10 Shape11

Саралау. Дара баяндауышты күрделі баяндауышқа айналдырады.

6. (Ө) Оқушылар 10-жаттығуды орындайды.

Сөйлемдерді көшіріп жазады. Баяндауыштардың астын сызады. Бұл сөздер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін сызып көрсетеді.

Саралау: көмек қажет ететін оқушыларға жәрдем береді.

Дескриптор:

- сөйлемді қатесіз көшіреді;

- тұрлаулы мүшелерді анықтайды;

-тұрлаулы мүшелердің байланысын сызбамен көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асырылады. Оқушыларды қадағалайды. Көмек береді.


Сабақтың соңы

3 минут





Рефлексия

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін кесте толтырылады. Оқушылар «+» (түсіндім), «-» (әлі де түсінуім қажет), «?»

( түсінебедім) таңбаларын қояды.

Тапсырмалар

Өзін-өзі бағалау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя аламын.


Сұрақтарға жауап бере аламын.


Сөйлем ішінен баяндауышты таба аламын.


Сөйлем ішінен бастауышты таба аламын.


Сурет бойынша нұсқаулық құрастыра аламын.



Үй тапсырмасы 12-жаттығу:

- сөзжұмбақты шешу;

-сол сөздерден сөйлемдер құрастыру;

-бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауыштың астын екі сызықпен сызу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі