400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауыржан батыр 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарда қазақ тілінен беретін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні Қазақ тілі

Сыныбы:3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбай Гулбахыт

ОӘК тақырыбы

Қазақ тілі оқулығы 2-бөлім, Көкжиек-Горизонт, 2018 жыл

Бөлім тақырыбы

Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы

Бауыржан – батыр

Оқу мақсаты ұзақ мерзім жоспардан

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.

5.1Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, мұғалімнің көмегімен шылауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, шылауларды мағынаға сай қолданады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, жүйелі мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, .

Шылауларды дұрыс қолданады.

Тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды.

Тілдік мақсаттар

 

Дағдыларды дамыту: тыңдалым, жазылым


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: соғысқа қатысқан, ел қорғаған


Сабақтағы сұхбат, жазылым үшін қолданылатын сөздер: жазушы, батыр, балуан

Құндылықтарды қалыптастыру

 

Ұлттық бірегейлікті сақтау – Бауыржанның батырлығы, даналығы, біртуар даралығы – біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана дегенді түсіндіру.

Ресурстар

  Тапсырмалар жазылып даярланған карточкалар, смайликтер, паравоздар, презентация, бейнеролик, экран

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

(мақсатқа қалай қол жеткіземін?)

Бағалау тәсілдері

Саралау тәсілдері

Сабақ басы

 

Бастапқы білім: «Кел балалар, оқылық!» өлеңі не туралы екенін біледі, пайдалы еңбектерді атайды.

(Ж ) «Иә/жоқ» әдісі. Оқушылар тыңдалған өлең мазмұны бойынша кесте толтырады.


Сұрақтар

иә

жоқ

1. Автор өлеңді балаларға арнап жазды ма?



2.Өлеңнің авторы Ыбырай А. ба?



3. Ы.Алтынсарин Қарағандыда дүниеге келді ме?



4. Өлең балаларды оқуға шақырды ма?




1

+


2

+


3


+

4

+



Ой қозғау. Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты ассоциация сөздерді экраннан көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату.

БАТЫР, ЖАЗУШЫ, БАЛУАН, ПАНФИЛОВШЫ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

«Ассоциативтік қатар» негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту:

  • Қандай сөздер оқыдыңдар?

  • Бүгінгі сабағымызда кім туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сөздерді оқып, өз пікірлерімен бөліседі. Сабақ тақырыбын болжайды. Мысалы: Панфилов, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы ...

Мұғалім оқушылармен бірге айтылған ойларды қорытындылап, тақырыптың қорытынды бейнесін анықтайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бауыржан – батыр» екендігін айтады.

Мақсаты:

  • мәтін мазмұнын түсіну;

  • сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану;

  • сөйлемдерді дұрыс құру.









«Паравоз» әдісі арқылы бағалау.

Сабақ басында оқушыларды бүгінгі сабақтағы әрбір тапсырманы орындаған кезде дұрыс жасаса сол тапсырма нөміріне сәйкес келетін вагондарға смайлик жапсырып отырады. Сабақ соңында 6 тапсырманың нешеуіне дұрыс жауап бергендерін санай отырып бағалау жүргіземін.

6 дұрыс жауап – КЕРЕМЕТ!

4-5 дұрыс жауап – ЖАРАЙСЫҢ

3 дұрыс жауап – ЖАҚСЫ

1-2 дұрыс жауап – ЖАМАН ЕМЕС

Нәтижені ескере отырып, смайликтер тарату


қабылдау деңгейі жоғары оқушылар

өлең не туралы екенін, пайдалы еңбектерді атайды; өлең мазмұны бойынша кесте толтырады

қабылдау деңгейі орташа оқушылар

өлең не туралы екенін айтады


Сабақтың ортасы

(МК, Ж) Сабақтың жаңа сөздерін (жазушы, батыр, балуан) «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы меңгерту.

Жазушы – көркем шығарма жазумен айналысатын адам.


Батыр – ел қорғау үшін жаумен айқасып, елін, жерін қорғайтын адам.


Балуан – күресетін, күреспен айналысушы адам.

«Дұрыс айт!» айдарында берліген сөздерді дұрыс айтуға машықтандыру, қайталау.

Жазылады:

Айтылады:

Жазушы

[жазұушұ]

балуан

[балұуан]

Дескриптор:

● жаңа сөздерді қолданады

● жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды

Бауыржан батыр туралы мәлімет

Б.Момышұлы туралы шағын бейнеролик көрсетемін.

(Ө) Тыңдалым. Мәтін екі рет тыңдалады. Тыңдалым мәтіні:

Бауыржан Момышұлы – батыр, жазушы. Жас кезінде балуан болған. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бауыржан Момышұлы – соңғы панфиловшы. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан. Ол көптеген өлеңдер, кітаптар жазған.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

А) Мәтін кім немесе не туралы?

  1. Батыр туралы

  2. Жазушы туралы

  3. Балуан туралы

  4. Соғыс туралы

Ә) Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегідей сұрақтар қояды:

• Бауыржан Момышұлы кім?

• Ол қандай соғысқа қатысқан?

• Қандай шайқасқа қатысқан?

• Бауыржан Момышұлы жазушы ма?

• Ал сен Бауыржан Момышұлы туралы тағы не білесің?

Дескриптор:

● Мәтінді тыңдайды

● Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

● Жұпта Бауыржан Момышұлы туралы сұхбаттасады

Сергіту сәті.


(МК, Ж) Жазылым. Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша атау септігінен кейін келетін септеулік шылаулар туралы айту. (үшін, туралы, сияқты, арқылы, жайында, жөнінде)

Атау септігінде тұрған сөз

Септеулік шылау

Етістік

Бауыржан Момышұлы

сияқты

батыр болғым келеді

Бірінші сөйлемдегі сөзді келесі сөйлемде жіктеу есімдігімен алмастыру керек. Үшінші сөйлемде септеулік шылауларды қолдану қажет.

Үлгі:

Ол (Ыбырай Алтынсарин) – балалар әдебиетінің атасы. Ол жазушы болған. Ол өлеңді (оқу туралы) көп жазған.

Дескриптор:

● айтылым ережесін сақтайды

●зат есімдердің жіктеу есімдіктерімен дұрыс алмастырады

● септеулік шылаулардың мағынаға сай қолданады

● сөйлемді сауатты жазады


(ЖЖ) Жазылым. Оқушылар топқа бөлініп, «Кім жылдам» ойыны негізінде жарысады. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді өздері қойып жазады.

б...лу...н

б...ты...

...лең

к...т...п

ж...зу...ы

ш...ғар...а

...н...р

к...ш...

Дескриптор:

● түскен әріптерді дұрыс табады

● сөздерді қатесіз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
11 шілде
3563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі