Материалдар / Бауыржан Момышұлы есімі жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу құралы кітапша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бауыржан Момышұлы есімі жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу құралы кітапша

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлы есімі жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу құралы кітапша іс тәжірибе таратуға
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны

Кіріспе....................................................................4 1. Қазақстандықтардың  патриоттық рухын  қалыптастырып, дамыту 2. Патриотизм........................................................6 3. Бауыржан Момышұлының өмірі.....................8 4. Шығармалары...................................................10 5.Соғыс жылдарында...........................................14 6.Қорытынды........................................................27 7.Пайдаланылған әдебиеттер..............................28





































1. Қазақстандықтардың  патриоттық рухын  қалыптастырып, дамыту

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, осы Тәуелсіздіктің тұрақтанып нығаюында экономикалық қуаттылық, саяси-әлеуметтік тұрақтылық сияқты көздермен бірге қазақстандықтардың  патриоттық рухын  қалыптастырып, дамыту мәселесі де басым бағыттар қатарында саналады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі  мен өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру – басты міндеттеріміздің бірі», – деп айтқандай, жас ұрпақ бойында патриоттық рух қалыптастыру және дамыту аса өзектілікке ие болуда.

Отанды сүю, туған елге  деген сүйіспеншілік – халқымыздың ежелден қаймағы бұзылмай келе жатқан тарихи дәстүрі, өмір ережесі. Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқының арғы-бергі тарихына көз салсақ, бір күнде, бір мезгілде ата ұранымен жиналып, топтастырылатын сарбаздар, негізінен, сыртқы жаудан қорғайтын, қорғану мақсатында ұрысқа шығатын, ал соғыс біткен күні тарап кететін ерекшелік тән. Тарихта қазақ халқының өзге елге басқыншылық соғыс жүргізгені болған емес. Ал өз елі мен жерін қорғау жолында қазақ сарбаздарының көзсіз батырлығы мен қайталанбас ерлігін, Отанын жанындай сүйіп, көзінің қарашығындай қорғайтынын жаулардың өздері де мойындаған. Тіпті Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жауынгерлерінің  нағыз патриоттық ерлігі туралы көрнекті жазушы И. Эренбург өзінің 1942 жылы жарық көрген «Қазақтар» деген очеркінде бойлары 160 см төңірегіндегі қорку дегенді білмейтін қазақ жігіттерінің қайсар ерліктері мен табандылығы фашистерге қатты үрей туғызатынын жаза келіп: «Бір фриц маған: – Бізге қарсы аса қорқынышты солдаттар тап болды – оларды ешқандай оқ та, от та тоқтата алмады, олар тура бізге қарсы жайпап кетерліктей жүгірді», – деді деп, ерекше таңданып жазған еді.





2. Патриотизм

«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» дейтін қазақ халқының ерлік рухы мен дәстүрі  – елге деген сүйіспеншілікті ең биік құндылық етіп санауында болса керек. Бұл  турасында Елбасымыздың мына сөздері дәйекті ақиқат бола алады: «Менің бабалары батыр, аналары  дана халқым бар. Тағдырдың талай тауқыметін мойымай көтерген,  өмірдің небір шырғалаң кезеңдерінде небір аласапырандарды басынан кешірген төзімді халқым бар… Талай жаудың меселін қайтарып, ел іргесін сөгілтпей, жерін жауға бермей, аман алып қалған батыр халқым бар». Елбасымыздың бұл тебіреністі сөздері қазақстандықтарды патриоттық рухқа шақырады. ПАТРИОТИЗМ дегеніміз – әке-шешеңді құрметтей білу; ауыл-аймағыңды ардақтай білу; өз ұлтыңды сүю, ана тіліңді ардақтау; өз халқыңның өткен жолын (тарихын) құрметтеп, оған тіл тигізбеу; өз отаныңды жаудан қорғау екендігін кезінде Бауыржан Момышұлы ұрпаққа өсиет етіп кеткен.

Елбасымыз отандастарымызды патриотизмінің қоғамдағы тұрақтылық кепілі екеніне баса назар аудара отырып, оның өзі жаңа қазақстандық патриотизм екенін атап айтты. Қазақстандық патриотизм – кең, ауқымды  ұғым. Ол отанды сүюдің неден көрінетінін анықтайды. Атап айтқанда: қазақстандықтардың бірлігі, ынтымақтастығы, татулығы; ана тілді, төл мәдениетті, халықтық дәстүр-салтты, туған жерді сүю; өзге халықтардың тіліне, мәдениетіне, дәстүр-салтына құрмет; құқықтық мәдениеттілік, сыбайластыққа, жемқорлыққа қарсы күрес, діни экстермизмдерге және түрлі қоғамға жат ағымдарға берілмеу, шынайы рухани-адамгершілік туын биік ұстау, экологиялық мәдениеттілік, экономикалық сауаттылық, төзімділік, өз бетінше өмір сүре білу, өз бетінше адал еңбек ету, өз бетінше шешім қабылдай білу, өз бетінше үздіксіз білім алу дағдыларын меңгеру, нарықтық қоғамның даму заңдылықтарын білу, бәсекеге қабілетті болу т.б. Бұның бәрі де, түптеп келгенде – патриотизм құрамдастары. «Патриотизм – Отанға, елге деген махаббат!», «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген Бауыржан Момышұлының сөздері  бар.



3. Бауыржан Момышұлының өмірі

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан[3].

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы бастауыш класты оқуға Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев пен Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді

Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары – патриоттық өсиет. Бауыржан Момышұлының өнегелігі сол, ол – елі мен туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта оны жан аямай қорғаған және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер. Бауыржан Момышұлы өмір сүрген заман айқас пен шайқасқа толы дүрбелең еді. Бауыржан халқының ерлік, адамгершілік, әділдік рухымен өзі де қаруланды, сарбаздарын да сол рухқа шақырды. Оның адалдығы азаматтығымен ұштасып жатты. «Ар, намыс, адамгершілік, ақ ниет, адалдық – алдымызда темір қазықтай жарқырап, шөлдегенде сусын, қалжырағанда қайрат, шаршағанда шабыт, ашыққанда арымызға ақ малтадай азық, белімізге тірек, көңілімізге қорек, болдырғанда ұстап мінген төл атымыздай болды,» – деп жазды батыр-жазушы. Қазақ халқының жауынгерлік салт дәстүрі, жаужүрек батырлығы мен ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық қабілет-дарыны, әскерлерді ерлік жасай білуге жұмылдыра білу қасиеті, шешендігі мен әмір ете білу құдіреті Бауыржанның қолбасшылық тұлғасында ерекше толымдықпен көрініс тапты.

4. Шығармалары

Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы өзінің «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Қанмен жазылған кітап» т.б. кітаптары арқылы ұрпақтарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін бас тәрбиеші де бола алды. Оның «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет», «Тәрбиелі адам – тәртіптің құлы, тәртіпті адам – елдің ұлы», «Отан үшін отқа  түс – күймейсің!» т.б. өсиеттері Отанды қастер тұтуға шақырады. Батыр Бауыржан жастарға адамгершілік пен ерлікті өсиет етіп, келешек ұрпақтың елін, отанын, халқын шын сүйген ерлер болып қалыптасуын қалады. Атақты генерал И. В. Панфилов Бауыржан Момышұлының халқына, еліне адалдығын, шынайы отаншылдық сезімін құрметтеп, мақтан тұтып кетті. Орыс жазушысы Александр Бек соғыс кезінің өзінде-ақ «Арпалыс» («Волоколамское шоссе») романын жазып, патриотизмнің үлгісі ретінде Бауыржан Момышұлының мәңгі өлмес қаһармандық бейнесін жасады.

Халық батыры Бауыржанның тау тұлғасы оның  2010 жылы мерекеленген 100 жылдығына орай жарияланған өзінің 30 томдық шығармаларында айқын танылса,  ұлы Мұхтар Әуезовтың «Намыс гвардиясы»атты пьесасына,  үлкен қаламгер Тахауи Ахтановтың  Бәукеңнің Мәскеуді қорғаудағы ерлігіне арналған романына,  Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романына, белгілі жазушы, батырдың қандыкөйлек майдандас досы Дмитрий Снегиннің Бәукең туралы кітабына,  т. б.  көрнекті шығармаларға арқау болды.

Біздің Республикамыздың бүгіндері әлем таныған қуатты елге айналуы, әлемдегі дамыған елу елдің қатарына көтерілуі, ендігі жерде ең озық отыз ел сапына бағыт алған Даму Стратегиясының  жүзеге асырылып жатқандығы, 2012 жылғы олимпиада  ойындарында 200-дей елдің ішінде он екінші орыннан көрінуі, «ЭКСПО – 17» әлемдік жаңа технологиялық көрменің Астана қаласында өткізілу құқын жеңіп алуы, өмір сапасының еселеп артуы, тағы басқадай табыстарымыз – ұлы патриотизмнің жемісі. Елбасымыздың «Қазақстан  жолы –2050 : бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» атты Қазақстан халқына Жаңа Жолдауында айқындалған Даму Стратегиясы –  алдағы патриоттық рух салтанатының көзі, жеңістеріміздің кепілі! Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ» – деп айтқандай, Бауыржан Момышұлының отаншылдығы патриоттық тәрбиеде баға жетпес құнды құрал болып табылады. Өткен ғасырдың орта тұсында күндей күркіреп өткен екінші жаһан соғысында, КСРО халықтары тарапынан «Ұлы Отан соғысы» деп аталып кеткен КСРО мен Фашистік Германия арасындағы соғыста қазақ жауынгерлері небір ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақтың ерлігі мен батырлығын, соғыс  өнері мен техникасын игере алатындығын осы соғыс  айқын дәлелдеді. Солардың бірі де бірегейі, осы сұрапыл соғысты басынан аяғына дейін өткерген, қаны мен терін төккен, от пен оқтың ортасында қан кешкен, батальон командирінен дивизия командиріне дейін көтерілген, соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери Академияны бітіріп, әскери академияда сабақ берген Бауыржан Момышұлы еді. Қазақ халқының қаһарман перзентінің туғанына бүгін 110 жыл толды.

Соғыс аяқталмай жатып, алғашқы хикаяттары «Знамя» журналында жарық көрген Александр Бектің «Арпалыс» және 60-жылдардың басында өзінің «Москва үшін шайқас» романдары шетел тілдеріне аударылғаннан кейін Баукең шын мәнінде әлемдік тұлғаға айналды. Ақбоз атымен аты аңызға айналып, әлемге әйгілі болған Бауыржан Момышұлы қазақ деген ұлттың батыр, қайсар, ержүрек халық екенін бүкіл жаһанға танытты.

Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысының басынан кіріп, аяғынан шыққан, ерлігі елдің есінен кетпейтін талантты да қаһарман қолбасшы. Ол талантты, қатал қолбасшылығының үстіне ойшыл, шешен. Ол жауынгерлерімен бірге соғыста шынықты, соғыста шыңдалды, соғыста өсті. Оны қатардағы сарбаздар әділдігі үшін, әскери өнерге жетіктігі үшін, жауынгердің жанын ұға білетін зерделігі үшін жақсы көрді, сыйлады, оған сенді. Ал командирін шын сыйлаған солдат жаудан жеңілмейді, өлімді де жеңіп шығады. Өйткені оның бойында бұйрықтың күші ғана емес, ар мен ұяттың, командирге, қолбасшыға деген сүйіспеншіліктің күші қоса жүреді. Бұл жеңіс үшін аса қажетті фактор. Батырдың айтуынша, жауынгерлерге сену командирдің басындағы бақыты, үлкен ырыс. Жауынгерлер командирге сенсе, одан артық абырой болмайды. Сенім  – үлкен медет. Қолбасының қоластында қаһарман қазақ аз болған жоқ. Солардың көбі ел тәуелсіздігі үшін қанын төгіп, жанын берді.







5.Соғыс жылдарында

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Мәскеу үшін шайқаста аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті. Жауынгерлер батырлықтың, тәртіптіліктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күші төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Момышұлының әскери-қолбасшылық қызметінде соғыстың ең шешуші, Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше болды. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан батальонның соғыс қимылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды да шебер басқара білді.

Алайда аласпыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің баталон, роталармен байланысты үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның  алдында жүретін 15 адамнан  құралған барлаушы қойып взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізуді ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қарағайлы тоғай іші қалың қар, жауынгерлер шаршаған, әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуы бойынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В.Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұрған екен. Жау қоршауынан шығып, түгелдей аман оралған Б.Момышұлы басқарған батальонды генерал И.Панфилов зор қуанышпен қарсы алды.

Мәскеуге ұмтылған неміс әскерінің екпінін баяулатып, қатты шығынға ұшыратты. Бұған қоса жан-жақта қоршауда қалып қалған бөлімшелердің басын біріктіріп, алдыңғы шепке әкеліп қосты. Бауыржанның  бұл тапқырлығы «Қоршаудағы ұрыс», «Қоршаудан құтылып шығу» деген тактикалық ілім ретінде соғыс кезінде жаппай тәжірибеге айналды. Момышұлы қанды шайқастарда түрлі айла-тәсілдер ұйымдастыра білетін мықты қолбасшы болды. Мысалы, жаудың қоршауында жүріп, жауынгерлерді аман сақтай отырып соғысу, қоршауды бұзып шығу, тағы да басқа айла-тәсілді меңгерген шебер қолбасшы.

Мысалы, генерал-майор И.Панфилов дивизия бөлімдерінің жаңа шепке жылжып орналасуы үшін Б.Момышұлына өз батальонымен жаудың шабуылын 4 күн тежеп, ұстап тұруға тапсырма береді. Батальон өзінен он есе көп жау тобына қарсы шайқасты, оған ілгері жылжуға мүмкіндік бермеді. Бұл тапсырманы ойдағыдай орындап, немістердің мыңдаған адамын жойып, 5-ші күні орман ішімен жүріп, өз дивизиясына қосылу әрекетін жасайды. Ол оңайға түспейді. Айнала қоршаған жау әскері. Осындай жағдайда Б.Момышұлы түнде жүріп, және мынадай амал-қулық жасайды. Жолмен жүріп бара жатқан жау колоннасының арасына байқатпай кіріп, батальонына немісше бұйрық беріп, бір қолайлы қалқа жерге келгеннен кейін жолдан шығып кетеді. Сөйтіп, аман-есен өз дивизиясына келіп қосылады. Жау қоршауын қайта-қайта бұзып өтіп, дивизияға әкеліп қосу үлгісі тек Бауыржанның ғана қолынан келетін тәсіл болатын.

Кейіннен генерал-полковник, Кеңес Одағының батыры, 8-гвардиялық дивизияның қолбасшысы болған И.М.Чистяков «Дружба народов» журналында жариялаған естелігінде былай деп жазды: «1073-атқыштар полкының командирі майор Момышұлын мен соғыстан бұрын білетінмін. Біз Қиыр шығыста бірге қызмет еткенбіз. Ол қазақ ұлтынан шыққан, алған бетінен қайтпайтын, қатал мінезді, сымбатты келген жас командир болатын. Оны ерекше ерлігі мен тапқырлығы үшін Панфиловтың өзгеше жақсы көргенін де білетінмін. Мәскеу түбінде оның батальоны полктан хабар-ошарсыз күйде, бірнеше күн қоршауда қалып, қалың жаумен қиян-кескі ұрыс жүргізген. Екі тәулікке созылған қырғын соғыста гвардияшылар төрт жүзден астам фашистердің көзін жойып, олардың Волоколам тасжолы арқылы жасаған шабуылын тырп еткізбей бөгеп тастаған. Содан кейін орман ішінде маневр жасай отырып, өздерін қоршаған жау шеңберін тас-талқан етіп бұзып шығып, полкке келіп қосылған болатын. Осы ұрыстан кейін Панфилов Момышұлының батальонын өзінің резерві етіп ұстап, оны ең қиын-қыстау жерлердегі ұрыстарға жіберіп отырды. Соның бәрінде де батальон үздіксіз жеңіске ие болды».

А.Бектің «Арпалыс» атты еңбегінде Бауыржан Момышұлы – кейіпкердің аузымен былайша сипатталады: «Батальон төрткүл қиықша тәрізденіп бір қатардан сапқа тізіледі. Мұндай жауынгерлік тізіліс тәртібін әскери тілде «ромб» деп атайды. Осы қиықшаның, былайша ромбының ортасына арбалар мен зеңбіректер орналасады. «Менің әмірім бойынша жүріп бара жатып, залпымен оқ ату керек! Атқанда, әуеге емес, жерге де емес, жауды көздеп ату керек!» Осы қалпымен бір мезгілде жеті жүз винтовкадан дүркіндете үздіксіз оқ жаудырған батальон немістердің бас көтеруіне мұрша берместен жайпап өтіп, қоршаудан шығып кетеді. Бұл арада Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшыға тән негізгі мұраты: «…жаяу әскерді оқпен, маневрмен сақтау керек, оның жолын оқпен аршып, оқпен өткел салу керек».

Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық біліктілігіне тән тактикалақ-маневрлік әдістерінің бірі – жауды қоршауға ала шабуылдап жою. Мысалы, Мәскеу түбіндегі шайқаста фашистер иеленген Трошково, Баркловица, Трохово, Кашина, Коншина, Бородино атты алты қыстақты өзі басқаратын полкті алты топқа бөле, түн ішінде шабуылдап, түгел басып алады, жауды талқандайды. Енді бір ұрыста оның 120 жауынгері 600 адамдық фашист әскерін талқандайды.

Қаһарман қолбасшының соғыста тағы да бір қолданған амал-әдісі шайқасып жатқан елді мекенді тастап, шегініп кетіп, қайтадан тұтқиылдан шабуылдап, қайтарып алу, жауды қуып шығу болған. Мысалы, осындай қулықты 1941 жылғы Мәскеу түбіндегі Матренино деревнясы үшін болған ұрыста қолданады.  Қиян-кескі шайқас кезінде рота командирлеріне қыстақты тастап, шегінуге бұйрық береді. Бұл шешімді бастапқыда олар және батальонның саяси ісі жөніндегі орынбасары Ф.Толстунов түсінбейді, тек жеңіске жеттік деп, масайрап, үйлерге кіріп, босаңсыған, тіпті күзетте қоймаған жау әскерін батальон үш жақтан шабуыл жасап, адамдарын қырып, қуып шыққанда, бұл тактиканың дұрыстығына көздері жетеді. Осы амал арқылы адам шығыны болмайды және немістердің көптеген қару-жарағы, техникасы, маңызды құжаттар қолға түсіріледі. 

Оның даңқы 1941 жылдың қараша-желтоқсанындағы Мәскеу түбіндегі шайқастарда шықты. Сол кездің өзінде-ақ майдан газеттері, КСРО-ның орталық басылымдары, әсіресе, Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өз батальонымен небір қиын тапсырмаларды орындаған алғы шеп командирінің таланты мен ерлігін жабыла жазып жатты. Александр Кривицкийдің айтуынша, бұл кезде Ақ теңіз бен Қара теңіз аралығындағы мыңдаған шақырымға созылған майдан шебінде Бауыр­жан Момышұлынан даңқы асқан батальон командирі болған жоқ.

Мәскеу түбіндегі ұрыста Бауыржан өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты, 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жалпы, өзінің айтуынша «нацистерге қарсы 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған».

Ал, кейіннен жарық көрген «Мәскеу үшін шайқас» кітабы – бұл нағыз ерлік кітабы. Оның ішінде тактика да, тәжірибе де, ұрыс та, ұтыс та  бәрі де бар. Бұл – жеңіс кітабы. Әр тарауы – әскери ғылым. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.

Ал, оның майданның алғы шебінде жүріп атқарған жұмыстары соғыс батырының шеңберінен шығып кетіп жатты. Аға лейтенант шеніндегі батальон командирінің, кейіннен полк, дивизия басқарған полковник қолбасшының ойлары мен әрекеттері кезекті ұрыстың тактикалық немесе стратегиялық шешімдерінен әлдеқайда ауқымды болды. Сондықтан да оның атақ-даңқы ресми батырлар мен генерал қолбасшылардан асып кетті. Бауыржан 8-гвардиялық дивизияның ар-намысы, оның ең биік шыңы болды.

Баукеңнің айтуынша, соғыс кімнің кім екенін тез-ақ анықтап береді. Мәскеу түбіндегі шайқастар Бауыржан Момыш­ұлының кім екенін танытып қана қоймай, жастарды тәрбиелеу жұмыстарындағы олқылықтарды да ашты. Қазақ халқы қолма-қол соғыста мол тәжірибе жинақтағанымен, машиналы соғысқа жаппай бірінші рет кірген еді. Сондықтан да ұрыс алды әскери дайындықты күшейту керек екенін алғы шеп командирі ретінде ол өте-мөте сезінді. Ең сорақысы тарихын, тілін, дәстүрін білмейтін жастар көбейе бастаған. Олар ұлттық құндылықтарын білмеген соң, ұлттық мақтаныштары оянбайды. Ұлттық мақтаныштар оянбаған соң, рухы көтерілмейді. Ал рухсыз әскер қарумен қанша бөлеп қойсаң да жеңіске жетпейді.

1941 жылы 26 қараша күні маршал К.К.Рокосовский Бауыржан Момышұлын полк командирі етіп тағайындады. Ол кезде 30 жаста болатын. Әскери дәрежесі – аға лейтенант. Партия қатарында да болмапты. Полк командирі болу оңай емес. Бауыржан Момышұлы одан бұрын батальон командирі болған. Партия қатарында жоқ аға лейтенантты полк командирі етіп тағайындау – үлкен сенім, әрі сирек кездесетін оқиға.

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысында осы соғыстың тағдырын шешкен әйгілі қолбасшылармен, атап айтсақ – маршал Г.К.Жуков, маршал К.К.Рокосовский, маршал Васильевский, маршал Багряман секілді әскери тұлғалармен таныс-біліс болған, ауызба-ауыз тілдескен. Атақты қолбасшылар, генералдармен қызметтес болған. Бас штабтың кілең марқасқалары бас қосқан бір жиында маршал Баграмянның ұсынысы өтпей, оның орнына Бауыржан Момышұлының ұсынысы өткен. Өйткені, Бауыржан Момышұлының ұсынысын маршал Васильевский мен маршал Жуков қолдаған. Оның әскери күштерді қалай алға жылжытып, қандай маневр жасау керектігі жөніндегі ойлары мен ұсыныстары Жуков пен Васильевскийге өте орынды болып көрініпті.

Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал-мәтел, нақыл сөздерінде де соғыста қолданылатын амал-айла, әскери қолбасшының орны мен рөлі мәселелері де шет қалмаған: «Ептілік пен батылдықты қосса айлакерлік шығады», «Әскерсіз қолбасшы – қауқарсыз», «Басшысыз әскер – әлсіз».

«Қанмен жазылған кітап. (Соғыс психологиясы)» – атақты қолбасшы Б.Момышұлының әскери қайраткер ретіндегі ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған әскери-теориялық және рухани ұлағаттық еңбегі. Оның әскери тактикалық, жеке құрамды тәрбиелеу және оқыту, командалық кадрларды дайындау саласындағы зерттеулері терең кешенді талдау және әскери іс-тәжірибесінде кең түрде қолдануды талап етеді. Халық батыры өзінің әскери-теориялық көзкарастарын осы «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде жан-жақтылы талдаған. Бұл – батырдың жарақатына байланысты демалыс алып келгенінде, 1944 жылы қаңтарда, КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімінде, Алматыдағы ғалымдар үйінде, Қазақ ҒА төрағасы академик Қ.И.Сәтбаев, академик-жазушы М.О.Әуезов бастаған қазақ ғылымы, әдебиеті мен өнер өкілдері, ел зиялылары алдында оқыған дәрістері мен әңгімелерінің хроникалық жинақ-кітабы. Баукең аталмыш лекцияларын майданда жазған «Жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу туралы ойлары» негізінде әзірледі. Лекция барысында лектор баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адам қанымен жазылған кітаптар да болатынын, ал өзінің баспахана бояуымен емес, майдан даласында шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын оқығанын баян етті.

Онда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі бай әскери тәжірибеге баса мән берілген, көпшілігі бүтінгі таңда әлі де өзінің мәнін жоймаған кейбір әскери өнер мәселелері қарапайым және түсінікті тілде баяндалады. Тыңдаушылар соғыс қаһарманының баяндауынан Ұлы Отан соғысы тарихынан көптеген эпизодтарға, нақтылы И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия жауынгерлерінің қан майдандағы ерлігі жайлы деректерге қанық болады. Бұл оқиғалар, панфиловшылардың қаһармандыққа толы өнегелері, ол кезде де, қазір де маңызды. Лекцияның мақсаты, автордың айтуынша, майданда қаза тапқан, қасірет көрген, ер де турашыл, соғыс алапатының барлық жойқын ауыртпалықтарын мойнымен көтеріп жүрген қарапайым соғыс сарбаздарының ерліктерін қағазда қалдыру, әділет жолында олардың рухының алдында тағзым ету.

Кітапта автор оперативтік соғыс өнері және тактикасының рөлі мен орны, ұрыстың қорғаныс және шабуыл ерекшеліктері, әскери айла қолдану, әскери тәртіп, патриоттық тәрбие, сарбаздар мен офицерлерді оқытып-үйрету мәселелері зерделенеді. «Соғыс психологиясы» соғыста корғаныс және шабуыл кезінде қолданған тактикалық тәсілдері, «Б.Момышұлының соғыс тактикасы», «Бауыржан спиралі» Қазақстанда және Куба, Никарагуа, Израиль, Польша, Болгария, Венгрия, Чехия мен Словакия сияқты бірқатар шетелдердің әскери оқу орында тактика пәнінің оқулығы, жас сарбаздармен жұмыс жүргізуде тәрбие құралы есебінде пайдаланылады. Израильдегі әскери училищеде «Соғыс психологиясы» әскери-теориялық пән ретінде оқытылады, офицер лауазымын алардан бұрын курсанттар сол пән бойынша сынақ және емтихан тапсырады. «Соғыс психологиясы» жастарға арналған. Соғыс куәгерінің әңгімесі патриоттық pyx, қайтпас жігер, табандылық пен ерлік, аға ұрпақтың батырлық өнегесіне тәрбиелейді, соның лайықты жалғастырушысы болып, қасиетті әскери дәстүрді арттыра түсуге жетелейді. Бұл жауынгер қандай болуы керек, қалай соғысуы керек екенін үйрететін оқу құралы.

Бауыржан Момышұлы өзінің «Қанмен жазылған кітабында» соғыстағы ұрыс өнерінің мәнін былайша түсіндіреді: «Ұрыс өнерінің негізі  – дұшпанға оқпен әсер ету, оның адам күшін қырып-жою, өз күшіңді аман сақтау. Ұрыс жүргізу өнерінің мәні де осыған байланысты. Ұрыс идеалы – бұл ұрыста шығынсыз жеңіп шығу, ал ұрыс өнері – ұрыста барынша аз шығынмен жеңіп шығу». 

Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әнгіме. Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да бөлек әңгіме. «Б.Момышұлының соғыс тактикасы» деген  оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында  оқытылады. Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Бас қаһарманы боп табылатын А.Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы Кубада испан тіліне аударылып, атыс позициясының басында жауынгерлерге оқпен қоса үлестірілгені, ол кітапты Куба жастары, елдің интеллигенциясы жақсы білетіні, тіпті ол кітап Куба революциясының көсемі Фидель  Кастроның оқитын сүйікті кітаптарының бірі екені баспасөз беттерінде жазылды. 1963 жылы қарашада Баукең Кубада болып, осы елдің Бас штабына шақырылады, әскери-саяси училищеде, әскери академияда сөз сөйлейді, әскери адамдардың әскери тақырыпқа қойған саналуан сұрақтарына жүйелеп жауап береді.

Қолбасы, сардар ретінде  Б. Момышұлының  соғыс өнері ерекше айшық­талып шы­ғады. Ол неміс-фашист басқыншыларына қар­сы соғы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!