400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдердің үндесуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерімен танысады, мақал-мәтелдерден ерекшелігін ажыратады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі.







Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Б.Момышұлы шығармаларындағы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдердің үндесуі







Зерттеу жұмысының авторы:

Шаяхметова Эльмира Қайыркенқызы

10-сынып





Жұмыстың бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Жетекшісінің аты-жөні:Жүнісова Қуаныш Мирасбекқызы











2017-2018 жыл

Аннотация


10-сынып оқушысы Шаяхметова Эльмира Қайыркенқызы талабы мол, білімді, дарынды оқушы.

Бұл жұмыста Бауыржан Момышұлының шығармаларын зерттей отырып, оларды мақал-мәтелдермен салыстыра білген.

Оқушы жетекші көмегімен ғылыми зерттеу жұмысын орындау барысында қосымша әдебиеттерді орынды пайдалана білген.



Шаяхметова Эльмира Кайркеновна талантливая, образованная, целеустремленная, с высоким уровнем интеллекта одаренная ученица 10-класса.

В этой работе изучая работы Бауржана Момышулы, она использовала их сравнивая с пословицами.

Ученица смогла использовать дополнительную литературу в ходе исследовательской работы с помошью руковотства.



Shayahmetova Elmira Kairkenovna-talantlivyy, obrazovannyy, ushenica 10klassa.

Izuchaya raboty Baurzhana Momyshuly v etoy rabote, sravnivaya ikh s poslovitsami.

Ushenica smogla ispolzovat dopolnitelnuyu literaturu v khode issledovatelskoy raboty s pomoshchyu rukovodstva.










Мазмұны

1. Кіріспе «Дана да, дара тұлға-Бауыржан Момышұлы »............3-5бет

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Б.Момышұлының шығармашылығы........................................5-7бет

2.2. Б.Момышұлының шығармаларындағы мақал-мәтелдер ........7-8бет

2.3. Б.Момышұлының нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім-тәрбие.....8бет

2.4. Батырдан қалған өсиет, қанатты сөздер...........................8бет

2.5. Б.Момышұлының нақыл сөздері мен мақал-мәтелдердің үндесуі ...............8-13бет

3. Қорытынды ..........................14бет

Пайдаланған әдебиеттер.........................................................15-16бет




















Кіріспе

«Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...»

Мырзахмет Мекемтасов

Дана да , дара тұлға – Бауыржан Момышұлы

Елдік  пен  ерліктің киесіндей, батырлық  пен  батылдықтың  иесіндей, асылдық  пен  жасындықтың  үлгісіндей  аты  аңызға  айналған  баһадүр  батыр  Бауыржан Момышұлы –тау тұлға.                                                            Ол кісінің  өмір  жолы, сұрапыл  соғыс  жылдарындағы  жанқиярлық  ерлігі, өжеттігі  мен  өрлігі, алғырлығы  мен  көрегендігі – біле білгенге  ұлы  тәрбие, үлкен  өнеге  мектебі.                                                                   Батыр  Бауыржан Момышұлы  – алмас  қылыштай  өткір де  қайсар, дана да данышпан, шешен  әрі  ақын, «сөз  қадірін  өз  қадірі, өз  қадірі  ел  қадірі»  деп бағалаған  айбынды  азамат.                                                           Осынау  дара  тұлғаның  бүкіл  саналы  ғұмыры, ғибратқа  толы  істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген  сөздері, терең  мағыналы  ойлары  әркімнің  көкейінде.                         Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың  символы, көркем  бейнесі  іспетті.  Батыр атамыз  Б.Момышұлы жеке  басы  ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен,  дарындылығымен,  жоғары  адамгершілік  қасиеттерімен  елеулі. Баукең – әлем   халқының  ортақ  перзенті  дәрежесіне  дейін  көтерілген  азамат.

        Бауыржан   Момышұлы – соғысты   өз  көзімен  көрген  жазушы.  Ол – суреткер. Батыр  Бауыржанның  айтар  ойы, жазар  тақырыбы – соғыс  шындығы. Ол  өз   шығармасының кейіпкері, өзінің  образдарымен  тұтасып  кеткен  тұлға. Барлық  оқиғалардың  бел  ортасында  өзі  болғандықтан  автор  әнгімені  өз  атынан  айтады. Ол сырт  бақылаушы  емес, белсенді  қатысушы.

    Қазақтың  Бауыржан  Момышұлындай  ұлы  перзентін  таныстырып  жату  артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын  біледі.  Оның  мірдің  оғындай  қанатты  сөздері  де  халықтың  аузында  жүр.  Сөйтсе  де  сол  сөздерді  жүйелеп  беріп, жинақтаса, ол  жаңа  бір  сипатқа  еніп,  халқымыздың  батыр  ұлының  абыздық  қырын  аша түседі.

Соғыста  207 рет  шабуылға  шығып, бірнеше  рет  жараланып  тірі  қалғаны,  өмір  бойы  ешкімге бас  имей  тек  өз  ар-намысының  ғана  құлы  болғаны, халқының  қамын  ойлап,  болашағы  үшін  күресіп  өткені, өмірдегі  өзі  арқалаған  ауыр  жүгін, қоғам  алдындағы  өз парызын  терең  түсінгені – осының  бәрі  Баукең  шығарған қанатты  сөздердің  қайнар  бұлағы.  Баукеңнің  нақыл  сөздеріне  айналған, оның  басынан  кешкен жайттары 


Ғылыми зерттеу жұмысының сипаты бойынша теориялық зерттеу: теориялық таным, түсінік, тұжырымдар қай жұмыстың болмасын жазылу стилін қалыптастырады. Бауыржан Момышұлы туралы айтылған естеліктер, шығармашылығы жайлы деректер жобаның жазылуына көп ықпалын тигізді.

Жұмыстың мақсаты: Тақырыбы айтып тұрғандай тума дарын иесі, қарымды қалам иесі танылған, дара да дана тұлға Бауыржан Момышұлының шығармашылық нысанын таныстыру, таныстыра отырып әр шығармадағы нақыл, қанатты сөздеріне тереңірек үңіліп, оларға түсінік бере отырып, жазушының шығармашылығының шындықты шынайы тілмен көрсете білген көркемдігімен қымбат екендігін оқырман назарына ұсыну болмақ. Б.Момышұлы шығармашылығының қазақ әдебиетінен алатын орнын айқындауға бағытталады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделген.

–дәстүрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің жазушы шығармашылығы өзегіндегі орнын анықтау мақсатында әдебиет салаларының заңдылықтарын қаламгер шеберлігімен байланысты қарастыру;

– көркем шығармалар мазмұнындағы тарихи оқиғалардың тізбегін, авторлық қолданыстағы мән-маңызын ашу;

– халықтық дүниетанымның тағылымдық-тәрбиелік мәнін ашудағы этно-фольклорлық сарындар маңызын айқындап, обал, сауап, кие, парыз, сенім, ар-ұят, әдеп, инабат, мейірім, т.б. қасиеттердің образдық тұрғыдан пайымдалуын саралау;

– туған жер, туған топырақ, туған үй, бауыр-туыс ұғымдарының бүгінгі ұлттық бейнені берудегі мәнін ашу;

– авторлық таным мен авторлық баяндаудағы жазушының дүниетаным іздерін айқындау;

– көркем шығармалардағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып сарындарының бүгінгі жаһандану үрдісіндегі жас ұрпақты ұлттық рухта, патироттық сезімде тәрбиелеудің құралы ретіндегі мән-маңызын зерделеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Нақты ғылыми жаңалығы ретінде төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:

– жазушы көрсетіп отырған көркем мәтін астарындағы авторлық таным, авторлық баяндау, уақыт пен кеңістік мәселелеріндегі этно-мәдени сарындардың жазба әдебиеттің, тақырып пен идея жасаудағы рөлін ашып көрсету жүзеге асты;

– жазушының этно-фольклорлық заңдылықтарды қолданудағы стильдік даралық қолтаңбалары ғылыми тұрғыдан зерделенді;

  • мақал мәтелдерді шебер пайдалануы,нақыл сөздер, қанатты сөздерді кейінгі ұрпаққа қалдырудағы және оны пайдаланудағы жазушы шеберлігі айқындалды.

  • Жазушының нақыл сөздерінің халық мақал мәтелдерімен үндесуін салыстыру биылғы ғылыми жұмысымның жаңалығы болды.


Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жұмыстың негізгі нәтиже, түйінді тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, тіл дамыту жұмыстарында, сонымен бірге қазақ әдебиетінің кезеңдерін оқытуда, нақыл, қанатты сөздерді жинақтаушылар үшін маңызды құрал және дәрістерге пайдалана отырып, зерттеу нәтижелеріндегі ой қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында әдебиет тарихы бойынша жүргізілген арнаулы курстарда пайдалануға болады.



ІІ Негізгі бөлім

2.1 Б.Момышұлының шығармашылығы

ғана емес, өмірден  көріп  білгені, көкірек-көңіліне  түйгені, жүрегіне  ұялағаны, қоғамға, болашаққа  деген ой-пікірлері. 

Ал бұл ойларды жинақтап, мақал – мәтел  деңгейіне  дейін көтеріп, болашаққа  өсиет  ретінде  жазып  қалдыру – тек  Бауыржан  Момышұлы  сияқты талантты  тұлғаның  ғана  қолынан  келетін іс.  

Батырдың  өсиет  сөздерінің  көбі  Ұлы Отан  соғысы  кезінде орыс  тілінде жазылған, себебі бүкіл  Совет  Армиясының  командирлеріне  арналған.  Қазіргі  уақытта  бұл  өсиеттер  екі  тілде де  қолданысқа  ие. Батырдың  артына  қалдырған  өсиет  сөздерін топ1тай келе, тақырып  жағынан  ауқымы  кең екендігіне  көз  жеткізуге болады «Елім» деп  еңірген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. тақырыптарда өзінің дара, дана ойын  жеткізуге тырысқан. Осы  өсиет  сөздерінің  ішінде  көбірек  қалам  тербегені қолбасшылық, сардарлық, әскери  борыш  жайында  жазылған  афоризмдері  екен.

Батырдың  өзі , сегіз қырлы  бір  сырлы «ел  деп  еңіреген  ер»  болғандықтан, бар  білгенін,  бар тәжірибесін  өсиет  ретінде  артына  қалдырған.  Бұл  өсиеттердің  зор  құндылығы  жан  тебірентетін  білгірлікте. Батыр тек  қана  еуропалық  және  ресейлік  әскери  ғылыммен, әскери  өнерге  сүйенбейді,  өз ата-бабаларымыздың  жауынгерілк  дәстүрлеріне арқа  тірейді. «Білек  бірді  жығады, ақыл-айла  мыңды  жығады»,  «Ер намысы – ел  намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді » секілді  аталарымыздың  ұшқыр  сөздерін  Бауыржан  Момышұлы  орынды  пайдаланған. Сондықтан батырдың  өсиеттері  қазақ  жауынгерлеріне  өте  жақын, ойларына  азық, бойларына  қуат  беріп  тұрады..

Қанатты  сөздер  жайдан-жай  тумайды  және  оны  айтып  қалдыру  кім болса соның  қолынан  келе бермейді. Ол  үшін  ғұлама, терең ойшыл, үлкен  философ, ақынжанды  және өз  басы  күнделікті  күйкілжің  өмірден  жоғары  тұратын  ірі  тұлға  болуы  керек. Бәукең, міне, сондай  адам. Ол кісінің  нақылдары  сан  алуан  тақырыпқа  арналған: соғыс  және  бейбіт өмір, тәртіп пен  тәрбие, парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен  дәстүр, тағы  сол  сияқты  болып  жалғаса  береді.  «Намысты  нанға сатпа»,  «Ердің  туы – намыс». «Тізе бүгіп тірі  жүргеннен,     тіке  тұрып  өлген  артық»,  «Ұшқынсыз  от тұтанбас», «Өзін  сыйламаған  басқаны  сыйлауға  қабілетсіз»,  «Тәртіпке  бағынған  құл  болмайды, тәртіпсіз ел  болмайды»,  «Тіл тазалығы  үшін  күрес  ешқашан  толастамақ емес»  т.б.  сөздері  жастың  да, кәрінің  де  санасында  жатталған  ұлағатты  сөздер.

Қазақтың  сүт  бетіндей  қаймағы  бар,    

Өзіндік  парасатты  байламы  бар        

Баукеңнің  ерліктері  өз  алдына                                                                            

Елге  айтқан  әр  сөзінің  айғағы  бар                                                                     

Батыр,  батыл, кемеңгер, кемел бабам,                                                            

Болмайды ешқашан  да  төмен  бағаң                                          

Талай  жыл, талай  ғасыр өтсе-дағы                                                                          

Ерлігіңді  ұмытпас  келер  қоғам.

Баукеңнің  даңқы, рухы  өзіне  керек  емес, ол  бізге,  ұлтымызға, келер  ұрпағымызға  керек. Баукеңнің  даңқымен, рухымен, дана  өсиет  сөздерімен  тәрбиеленген  ұрпақ  осал  ұрпақ  болмайтыны  айдан  анық.

Маңдайдағы  наркескеннің  өзісің                                                                         

Ерлігіңмен,  өрлігіңмен  ірісің,                                                                    

Халқыңменен  біргесің  сен, жан ата                                                          

Ұмытылмайды  өнегелі  ұлы  ісің

Қорыта  айтқанда,  Бауыржандай  алыбымызды  ардақтай  білейік,  ұлтымызға  ұран  болған  ұлы  тұлғамызды  ұлықтай  білейік.  Тек  қана  қара  дүрсін  сөзбен  емес, Бәукеңнің  атын  дәріптейтін  игі  істермен,  тиянақты  тірліктермен  дәлелдеуге  тырысайық.     

Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының, абзал қасиеттері бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезінде үлкен ерлік көрсетіп, артына өшпес із қалдырды. Батыр бойындағы намыс пен өр мінез оның қайталанбас ерлігінен ғана емес, шығармаларынан көрініс табады. Осы орайда «Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...» деген ғалым Мырзахмет Мекемтасұлының сөзін еріксіз еске түсіресің. [5]

Б.Момышұлының шығармалары:

2.2 Б.Момышұлының шығармаларындағы мақал-мәтелдер

Б. Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім - тәрбие.
«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,»
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен»
- деген жолдар арқылы [6]
Бауыржан Момышұлы өзінің адами, азаматтық болмысын бір ауыз өлең жолымен танытқан.
Қаһарман жазушының болмысын сөз еткенде, ең алдымен, айқын танылары, батырлық қасиеті екені белгілі. Батырлығы – Отанын сүйген, елі үшін жаны күйген, ұлт тағдыры үшін қандай қиындыққа болса да қарсы тұрар қаһармандық болатын. Ал Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді. Бірі – батырдың, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде халқының асқан ардақтыларының бірі болары анық. Бауыржанның тұғырлы тұлғасында батырлық пен жасампаздық сипат бір - бірімен ғажап бірлік тауып, тұтастыққа айналған.
Адамдық парызын дала философиясымен үндесе отырып, халықтық тәлім - тәрбиеден іздеп, ұрпағына ой салған жазушы өз шығармаларында тарихи маңызы мен тәрбиелік құндылығын жоғалтпайтын оқиғаларға басты назар аударады. «Шығарманы қызықты етеміз деп, біз кейде құр оқиға қуалап кетеміз. Шығармаларымыздың елеулі кемшілігінің бірі, міне, осында» [4] деп ескерткен еді жазушы. Тумысынан асқан дарынды өзі үшін мүлде қиын да күрделі, халық даналығында айтқандай «Инемен құдық қазғандай» азапты тірлікке бет бұрып, сәтті туындыларды сыйға тарта білді.
«Адам қайраты», «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас»,
«Ұшқан ұя» шығармаларымен қатар, естелік кітаптарға қосымша газет - журналдарда жарияланған мақалалардан нақыл сөздерді жинақтаған болатынмын. Жұмысымның негізгі зерттеу бөлімі қазақ халқының мақал - мәтелдеріне арналған.

«Адам қайраты» кітабында «Түсі жақсыдан түңілме», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Көз қорқақ, қол батыр», «Білек бірді, білімді мыңды жығады» [5] секілді халқымыздың даналығы жиі айтылады. Қай мақалға талдау жасасақ та, мағынасы адалдық пен ерлік, ұлттық рухқа саяды. Мақалдарды тізбектегенде халық даналығына 45 мақалды жатқызып, 7 тақырыпқа топтастырдық. Тақырыптарының өзі халықтық тәлім - тәрбиеге үндейді. Әсіресе ержігіттің бойына ерлік пен елдікті дарыту, қыз бойына әдептілік пен ар - ұят қасиетін сіңдіру әр қазақтың жауапкершілігі болса, қаһарман жазушы оны сезіне білді. Аз жазса да, саз жазатын, жазушылық бағытқа жәй келсе де, көп дүние қалдырған шығармаларында Бауыржан Момышұлының жүрегі «Әр қазақ - менің жалғызым» деп соққаны айқын көрінеді.
Енді назарларыңызға Б. Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:
Б.Момышұлының қолданған мақал-мәтелдерді мен 7 топқа бөлдім.

Ерлік пен жаужүректік туралы
1. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
2. Күш - әкесін танымайды.
4. Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті.
5. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
6. Жығылған үстіне жұдырық.
7. Көз қорқақ, қол батыр. [7]
Адам туралы
1. Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.
2. Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
3. Баланы бастан.
4. Түсі жақсыдан түңілме.
5. Кісідегінің кілті - аспанда.
6. Қорыққанға қос көрінеді.
7. Түсі тәуірден түңілме. 8. Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды.
9. Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра.
10. Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл
11. Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа.
12. Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.
13. Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын.
14. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.
15. Он үште отау иесі.
16. Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді. 17. Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек бала

Ел, Отан туралы
1. Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

Еңбек және бірлік туралы
1. Еңбек түбі рақат.
2. Төртеу түгел болса төбедегіні алады. [8]

Білім, ақыл және ізгілік, адамгершілік туралы
1. Білек бірді, ақыл мыңды жығады.
2. Қалауын тапса қарда жанады.
3. Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді.
4. Өлімнен ұят күшті
5. Жаным - арымның садағасы.

Ақиқат пен шындық туралы
1. Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
2. Шын айтпай, сын айтпа.
3. Өтірік – зиян, кесір.
4. Өтірік – барып тұрған зиянды у.
5. Шындық ақиқатты түсіндіруші.
6. Біздің нақты болмысымыз – шындық.

Тіл және сөз құдіреті туралы
1. Сөз жүйесін, мал иесін табады.
2. Жылататын да, жұбататын да сөз.
4. Жаман айтпай - жақсы жоқ.
5. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
6. Жақсы сөз - жарым ырыс.
8. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.



2.3 Б.Момышұлының нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім- тәрбие


Ерлік пен жаужүректік туралы нақыл сөздерінен «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті» , «Жығылған үстіне жұдырық», «Көз қорқақ, қол батыр» бір бөлек топқа бөлсем , «Күш - әкесін танымайды», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» екінші бөлек топқа бөлем. [9]

Бірінші топтағы нақыл сөздер адамды ержүректікке ,батылдыққа,ар-ұятқа үйретсе, екінші топ адамды елжандылыққа, Отанынды сүюге үйретеді,

туған жеріңді ұмытпауға көмектеседі.

Адам туралы нақыл сөздерінен « Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді», «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек», «Баланы бастан»,
«Түсі жақсыдан түңілме», « Кісідегінің кілті – аспанда»,
« Қорыққанға қос көрінеді», « Түсі тәуірден түңілме», «Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды», « Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра»,
« Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл», « Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», « Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.»,
« Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын»,
« Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді», « Он үште отау иесі»,
« Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді», «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек бала». адамның барлық қасиеттері туралы айтылады.Адамның адамгершілігін, сабырлылығын сипаттайды. Мысалы : « Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», « Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді» Ел, Отан туралы «Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді» нақыл сөзіқазіргі жастарды елжандылыққа шақырады. Еңбек және бірлік туралы «Еңбек түбі рақат», «Төртеу түгел болса төбедегіні алады» нақыл сөзі «Еңбекпен тапқан нан дәмді» мақалына синоним болып жатады. «Білек бірді, ақыл мыңды жығады», «Қалауын тапса қарда жанады»,«Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді», «Өлімнен ұят күшті» , «Жаным - арымның садағасы» нақыл сөздері білімге, ақылға және ізгілік-адамгершілікке шақырады. [10]
«Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше, Шындықтың уын ішіп өлген артық»,
« Шын айтпай, сын айтпа», «Өтірік – зиян, кесір»,
«Өтірік – барып тұрған зиянды у», «Шындық ақиқатты түсіндіруші»,
« Біздің нақты болмысымыз – шындық» нақыл сөздері өтірік айтпауға,тек шындықпен сөйлеп, тура жолмен жүруге шақырады.
«Сөз жүйесін, мал иесін табады»,« Жылататын да, жұбататын да сөз Жаман айтпай - жақсы жоқ», «Сөз тапқанға қолқа жоқ. Жақсы сөз - жарым ырыс»,
«Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» тілдін кұдіретін көрсетіп, ана тілімізді құрметтеуге үйретеді.


2.4 Батырдан қалған өсиет, қанатты сөздер

Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі екен.

Баыржан Момышұлынан қалған өсиет, нақыл сөздерді ерлік, адамгершілік, тәрбие, еңбек сияқты тақырыптарға бөле отырып жинақтадым. [11]

Зерттеу барысында жинақтаған батыр атамыздың бірнеше өсиет, қанатты сөздерін биылғы жылы халқымыздың мақал-мәтелдерімен салыстыра отырып жасадым :


2.5. Б.Момышұлының нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерді үндесуі



«Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақал-мәтелдер


Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді. [12]

Ақылдының сөзі қысқа,

айтса нұсқа



Кішіпейілділік – адамгершілік көркі.

Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік


Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Әдептілік ,ар-ұят-

адамдықтың белгісі. [21]



Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый күтпе

Көпті сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның

Сыйласу екі кісіге бірдей


Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Ханға –хандық,биге-билік.



Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Әділ би халқы үшін,залым би құлқы үшін


Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз басты белгісі.

Тілі бар халық – халық, тілі жоқ халық – балық

Тілі бірді тілек, тілі басқаны жүрек қосады [22]




«Тәрбие басы – тал бесік» [13]

Мақал-мәтелдер


Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ


Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

Тәрбие тал бесіктен басталады


Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта,

солдаттық борышыңа адал бол.

Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат


Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Тілдің қадірін білмеген, кімнің қадірін білмек


Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.

Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді.


Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.

Ананың сүті – бал , баланың тілі – бал


Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

Ел боламын десең бесігіңді түзе. Өзге елге ұл болғанша, өз еліңде құл бол


Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады


Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.

Үлкенге – құрмет , кішіге – ізет


Билік те қауіпті. Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса – онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса – онда есерсоққа айналады.

Билік айту оңай, біліп айту қиын.

Билік мықты болса, тірлік құтты болады


Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Тәрбие –адам тағдырын шешетін ұлы іс



«Отан – отбасынан басталады»



Солдаттың анасы – Отанның анасы.

Отан елдің анасы, ел ердің анасы


Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі


Опасызда Отан жоқ.

Отанда опасызға орын жоқ. [14]

Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе жеткенің


Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.

Батыр майданда шынығады,

Болат қайнауда шынығады [23]


Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

Отан үшін отқа түс күймейсің


Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық!

Өзін өзі сыйламағанды, өзге де сыйламайды





«Адами жақсы қасиеттер»



Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.


Ақылдан артық байлық жоқ

Ақылдан асар амал жоқ

Батылдар алмас қамал жоқ


Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық


Ептілік те ерлік.


Азамат сыны – ерлік.

Ерлік сыны - елдік


Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,

Бойға қуат бітіреді.


Жақсы сөз жарым ырыс


1. Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады.

2.Күншіл – қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.


1.Күншілдің күні қараң.

2.Күншіл адам -мұңшыл



Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.


Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.



Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.


Алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық



Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.


Ашу – дұшпан , ақыл - дос , ақылыңа ақыл қос



Өтірік – барып тұрған зиянды у.


Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.



Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық.


Өтірік айтып жылағанша, шыныңды айтып жалын


Өтірік – ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

Өтірік өрге баспайды.


Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары.

Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Мінез- жанның айнасы


Заттар мен құбылыстарды танитын күш-ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.

1.Ақыл адам көрігі,
ақылдың сабыр серігі.

2.Ақыл айтсаң батыл айт.


Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Cенім – адамның серігі


Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал – қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.


Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады

Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар


Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Сабырлы адам сақтанып сөйлер, 
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер, сапырыстырып, ақтарып сөйлер.


Ойланып тұжырым жасау ойлаған нәрсені орындағаннан күрделірек.

Көп ойла, аз сөйле


Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Ақылың болса, арыңды сақта, ар, ұят керек әр уақытта


Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету – намыс деп аталады.

Ел намысы – ер намысы

Ер жігіт –елінің ұлы, намысының құлы


Шындық – суреткердің ұлы міндеті.

Шындық – бір сөз, өтірік - мың сөз


Өнер ертеден-ақ халықтың өмір-тіршілігін, күресі мен жақсылыққа деген арман-үмітін бейнелей отырып, халықтың сана-сезімін дамытуда ерекше мәні болған.

Өнерліге өріс кең

Өнер көкке жеткізер


Қорқақтық болмаса, ерлік те болмаған болар еді.

Батыр бір рет, қорқақ мың рет өледі


Ерлік дегеніміз әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің, ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті


Шындық – парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады

Шындық бар жерде, Өтірік байқап жүреді. Шындық жоқ жерде,Шіреніп, шайқап жүреді.


Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

Шындық қамал бұзар

Шындықтың шырағы сөнбейді


Тек әділдіктің күшінің арқасында ғана әділ жандардың әділеттілігі өмірден орын алады.

Әділдік – ана сүті

Әділетті үйрену де бар, әділеттен жирену де бар


Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

Тілі өлген ел - тірі өлген ел


Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады



«Еңбек ер атандырар»

Еңбек туралы мақалдар


Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Еңбегі аздың өнбегі аз.


Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

Еңбек ширатады, өмір үйретеді



«Ерлік білекте емес жүректе»



Әркім әр жағдайда өледі, ақымақ та, ақылды да өледі. Бірақ, қалай өлу басқаша.

Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі


Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.

Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды


Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.



Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.

1.Шын батыр сын үстінде танылады

2.Батыл болмай батыр болмас.


Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемшілігі.

Тәрбиелі адам тағалы атпен тең



Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді,

қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Батырдың көзі өмірге түседі, 
Қорқақтың көзі өлімге түседі.


Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

Тәуекел түбі – жел қайық


Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың.



Жақсы командир жауынгерін зор етеді,

жаман командир офицерін қор етеді.

Жаман - шайқап сөйлер, жақсы  - байқап сөйлер.


Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.

Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді



Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.

Тәртіп – тірлік тірегі


Өмір үшін күрес – ұрыстағы қорғаушы күш

Өмір үшін күрес, ерге тиген үлес



Ерлік – тәрбие жемісі.

Ерлік білекте емес, жүректе


Өмір үшін өлгенше күрес.



Ерлік елеусіз қалмасын.

Ерлік көрсеткенге оқ та дарымас


Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.

Тәуекел тау жығады

Тәуекелдің кемесі суға батпас


Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

Орынсыз сөз орға жығар


Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Ерлік – ел есінде

Ер есімі – ел есінде


Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.



Соғыс – өмір мен өлімнің арасындағы қыл көпір.

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Мың адам салған көпірді бір адам қиратады, бір адам жаққан от он адамды жылытады.


Адал болмай азаматпын демегін.

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді


Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ


Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі


Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс.

Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды


Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

Еліңді сүйсең ерлік істейсің




«Рухани азық – жан семіртер»



Кітап – әлемнің азаматы.

Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы


Кез келген кітаптың басты мақсаты – ағарту.

Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім


Мақал, мәтел – өмір тәжірибесі. [20]

1.Мақал сөздің мәйегі

1.Сөздің көркі - мақал

Қорытынды.

ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Зерттеу жұмысын жазу барысында ойға түйгенім осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін айтып кеткім келеді.

Зерттеу барысында батыр атамыздың әңгімелері мен повестерін, романдарын оқып шықтым. Шығармаларын оқи отырып ұққаным - Б. Момышұлын – ұлттық болмысты қалыптастырушы қаламгер ретінде таныдым. Әрбір нақыл, қанатты сөздерінің мағыналық ерекшеліктерін ашып көрсетіп, тақырыптарға сай топтастырдым. Арнайы мысалдар келтіру арқылы естілмеген нақыл сөздері жария болады.
Нақыл сөздеріне назар аударып, зер салған жас ұрпақ жаһандану кезеңінде тура жолдан таймай, оптимистік қабілетін арттырады. Ұлттық рухқа қаныққан оқырманның патриоттық сезімі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін нығайтады.
Мен өз жұмысымды Хамит Ерғалиевтің «Баукеңнің телегей - теңіз тағылымы – болашақтың, таяу мыңжылдықтың әңгімесі»,- деген сөзімен қорытындылағым келеді.












 



Пайдаланған әдебиеттер тізімі :

1.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында, Алматы, «Атамұра» 1999 - 96 б
2. Мырзахметұлы М. Айналған аты аңызға Момышұлы [1].- Тараз: Сенім, 2000.-

240б.

3. Айтылмаған ақиқат [2]. 10-том. 2-кітап: көптомдық шығармалар жинағы Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 264б.- (Үркер).
4. Айтылмаған ақиқат [3]. 9-том. 1-кітап: көп томдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 288б.- (Үркер).
5. Генерал Панфилов [4]. 12-том: көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 288б.- (Үркер).
6. Екі томдық шығармалар жинағы [5]: Т.1. Қанмен жазылған кітап; Үшқан ұя / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2002.- 480б.- (Мектеп кітапханасы).
7. Екі томдық шығармалар жинағы [6]. Т.1. Қанмен жазылған ктап.Ұшқан ұя / Б. Момышұлы; Ред. А.Естен.- Алматы: Жазушы, 2000.- 480б.
8. Екі томдық шығармалар жинағы [7]. Т.1. Қанмен жазылған кітап.Ұшқан ұя / Б. Момышұлы; Ред. А.Естен.- Алматы: Жазушы, 2000.- 480б.
9. Екі томдық шығармалар жинағы [8]. Т.2. Роман, әңгімелер / Б. Момышұлы; Ред. А.Естен.- Алматы: Жазушы, 2000.- 384б

10.Қанмен жазылған кітап [9] / Б. Момышұлы; Құраст.М.Мырзахметов.- Алматы: Қазақстан, 1991.- 400б.
11. Москва үшін шайқас [10]: роман / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2009.- 328б.- (Қазақтың 100 романы).

12. Соғыс қателікті кешірмейді [11]. 14-том: көп томдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 304б.- (Үркер).

13.Тарихи тұлғалар [12].- Алматы.- Алматы кітап, 2005.- 368б.

14. Батырмен ұмытылмас жүздесулер қайталанбас хаттар: (Эссе) / М. Рәш // Ақ жол.- 2005.- 27 қаңтар. [13]
15. Батыл, батыр Бауыржан/ К. Рысбаев // Ақ жол.- 2005.- 12 қараша.- Б.3.
16.Әскери ғылым саласындағы тұңғыш қазақ профессоры/ К. Рысбай // Ақ жол.- 2005.-
24 желтоқсан.- Б.2. [14]
17.Серікбаев К.С. «Бауыржан Момышулы в моей жизни», Алматы «Казахстан», 1995 ж

Глушко И.М. «Солдаты тыла» Москва, Воениздат, 1973 г.
18. Ұлт батыры: 21 желтоқсан-Бауыржан Момышұлының туған күні / Ш.
Әлдибекұлы // Дала мен қала.- 2005.- №51.- Б.6. [15]

19.Бауыржан батырдың мұрасы: немесе әскери тілдің жай-күйі / Ж. Егембердиев // Егемен Қазақстан.- 2005.- 30 желтоқсан.- Б.12.
20. Бауыржанның көрегендігі/ Ә. Нұршайықов // Ақ жол.- 2005.- 14 сәуір.- Б.6. [16]
21. Отаншылдық идея-Бауыржан Момышұлы мақал-мәтелдері мен афоризмдерінде/ С. Жүнісәлиева // Ақ жол.- 2005.- 16 шілде. [17]

22.Зейнеп Ахметова: әрбір адам ұлттық құндылықты атамдай қастерлеп, ұлттық намысты атамдай ту етсе / Г. Бектасова // Түркістан.- 2006.- №7.-16 ақпан.
23. Ұлтжандылықтан жаралған батыр/ А. Құсайынов // Астана хабары.- 2006.- №50.-51.-15 сәуір. [18]
24. Алты алаштың қас батыры/ Ж. Мәмбетәлиев //[19] Ақ жол.- 2006.- №100.-102 22 маусым.- Б.7.
25. Б.Момышұлы тәуелсіздік идеяларының ұйытқысы/ Қ. Мәмбетов // Ақ жол.- 2006.- №201-202.-23 желтоқсан.- Б.4. [20]
26. Бауыржан Момышұлы-рух пен намыстың төресі/ Ш. Мұртаза // Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.-
2006.- №12.- Б.5-8.

27. А.Н.Мартынов В.В.Метрофанов «Пословицы и поговорки» Современник 1986 г. 512 серия

28. Қазақ мақал мәтелдерінің алтын кітабы» 8670 мақал. Алматы :«Аруна» ЛТД Құрастырған :Жардем Салихұлы Кейкін 632 бет [21] [22] [23]




































Пікір


Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шаяхметова Эльмира Қайыркенқызының тырнақалды ғылыми еңбегі өзіндік ой пікірмен ерекшеленеді.

Бауыржан Момышұлының шығармаларын мақал-мәтелдермен үндестіріп, жақсылап зерттей білген. Бұл зерттеулер Эльмираның өзіндік ізденісін, қызығушылығын көрсетеді.

Оның зерттеуінше, жұмыстың негізгі нәтиже, түйінді тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, тіл дамыту жұмыстарында, сонымен бірге қазақ әдебиетінің кезеңдерін оқытуда, нақыл, қанатты сөздерді жинақтаушылар үшін маңызды құрал және дәрістерге пайдалана отырып, зерттеу нәтижелеріндегі ой қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында әдебиет тарихы бойынша жүргізілген арнаулы курстарда пайдалануға болатынын ой қорытып, ізденіс жасауы қуантады.

Эльмираға ізденістер мен жетістіктер тілеймін.








Жетекшісі: Жүнісова Қуаныш Мирасбекқызы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі