Бауыржан Момышұлының өмірлік жолына арналмақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бауыржан Момышұлының өмірлік жолына арналмақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Батыр Бауыржанның өмірлік жолына арналған! Ер есімі ел есінде. Қатал мінезімен, ерекше көзқарасымен ерекше нар жаурынды тұлға
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. Кім білген қарапайым отбасынан шыққан қазақ жігітінің көпке үлгі болатынын. Атақты батырдың, айбынды қолбасшының өмір жолы осылай басталған. Бауыржан туралы барлығың дерлік білетіні соғысқа қатысқанын, ондағы көрсеткен ерлігін бір адамдай білеміз. Ал, Бауыржанның соғысқа дейінгі өмірі жайлы не білеміз?


Менің Бауыржан туралы оқып білгенім жоғарыдағы мысалдармен бірдей. Яғни бәрімізге белгілі қайда туғаны, жетістіктері, батырлығы тағысын тағы. . . . . Бауыржанның өмірлік жолына қызыға бастап, батыр туралы жазылған шығармалармен таныса бастадым. Мұндай әрекетіме түрткі болған жағдай елдің аузынан түспейтін нақыл сөздері, нағыз ер кім дегенде барлығының жауабы Бауыржан. Содан менде батырдың өміріне деген қызығушылық өне бойымды толғандырды. Мен сіздермен дарынды тұлға жайлы бар білгеніммен бөлісемін.


Бауыржанның балалық шағы. . . Бауыржанның ет жемейтіні қаншалықты рас. . Бауыржан жас кезінде өзге балалардан ерекше болатын. Бауыржан өте ерке, айтқанынан қайтпайтын сондай қырсық болған. Өзіне жараса мінезі де болған. Батыр бала күнінде үй жануарларын жақсы көрген, әсіресе қозы мен құлынды. Оған себеп әдетте ойнап жүрген балаларыдың соңынан күшік еріп жүрсе, ал Бауыржанның артынан өзінің сүйікті қара қозысы қалмайтын. Бауыржан тіпті қозысын өз досындай көріп, бар сырын айтқан деседі. Тіптен келгенде жанына төсек салып, бірге ұйықтайтын. Қара қозыға Бауыржан өз қолымен даладан балауса, балғын шөп теріп әкеліп, өз қолымен жегізетін. Оны өзенге апарып, өзі көтеріп тұрып, өзеннің тізеден асатын тұнық жерінен су ішкізетін.

Күзге қарай қара қозысы қазық аяқ марқа болды. Күндердің күнінде Бауыржанның үйіне күтпеген жерден қонақ келеді. Кім білген Бауыржан сол күні қозысынан айырларын. . Бала Бауыржан ойнап жүріп қозысына шөп әкеген сәтінде көкесі бір марқаны бауыздайын деп жатыр, бала Бауыржан бар дауысымен айқайлай жөнеледі. Оған себеп Бауыржанның қара қозысы еді.


-Көке, бауыздама!- деп шыр етеді. Оның көке дегені Бауыржанның әкесінің інісі Момынқұлды солай атайды. Көкесі үйге қонақ келгенін түсіндіріп тез бауыздап жібереді. Сол сәтте Бауыржан қып-қызыл болып, қақайып сіресіп тұрып қалады. Бауыржан бір беткей деп жоғарыда айта кеткенмін, бар дауысымен жылап өкпе ренішпен ұйықтап қалады. Бауыржан көзін ашса бәрі у-ду, шу болып жаңағы марқаны жеп отыр екен. Көкесі байқап кел, Бауыржан сондай тәтті ет екен деп дастарқанға шақырады. Қырсық мінезді Бауыржан менің қозымды қайтарыңдар, жемеймін деп қайта жылайды. Міне содан бері Бауыржан «Ет жемейді». . . . Бауыржанның ет жемейтіндігі мені таңқалдырды. Себебі нағыз қазаққа тән батырдың мұндай ерекшелігі кімді болса да, таңқалдырады. Тағы бір аузына алмайтын тағамы қолдан жасалынған «Сары май» әжесі бірде күбіні пісіп сап-сары майды алады, ойнап қарны ашқан Бауыржан әжесінің сары майын сұрады. Сонда әжесі байыппен әлі дайын еместігін түсіндірмек болады, шыдамсыз бала қайта сұрап майды алып жейді. Сол күні Бауыржан өзін жайсыз сезініп, бақандай бір апта ауырады. Бәріне себеп майды қомағайланып жегені. Байқағандарыңыздай Бауыржан етке қоса, сары майды да жемейді. Ал, батыр мүлдем тәтті тағамдарға қызықпаған. Тіптен келгенде ол жылына бір рет жүзім мен алманы жейтінін айтқан. Оған тағы да таңқалдым. Себебі жеміс-жидектер адамға қажетті дәрумендер ғой. . Осы орайда Бауыржанның сүйіп жейтін тағамдары быламық, көже т. б.


Соғыс жылдарындағы Бауыржанды бәріміз білеміз. Ал, жазушылыққа бет бұрған Баукең жайлы не білеміз?Баукең өзін тек нағыз әскери адам ретінде елге таныстырған. Оның бірнеше шығармаларды жазу арқылы жазушы болмайтындығын сан мың мәрте айтқан. Ал, қазір Баукеңнің сыр шерткен қаламына зер салар болсақ, сонау 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б. Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басым бөлігі Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлік тұлғаны жан -жақты етіп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың мызғымас дәйегі ретінде жазушы қаламынан туған «Офисер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», « Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т. б. туындырын айтуға болады. «Ұшқан ұя»кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.


Қазіргі таңда батырымыздың ерлігін құрметтеп, еліміздің жоғары оқу орындарына, кейбір көшелерге Б. Момышұлының атауы берілген. Тіптен келгенде, батырымызды үлгі тұтып өз балаларына батырдың есімін беруде. Осы сәтте Бауыржанның бала жанды болғанын тілге тиек етуді жөн көрдім. Ол өмірде қатты, темірдей тәртіптің болғанын қалайтын Баукең балаға келгенде бауыр еті елжіреп тұрады.


Кезекті сұқбаттарының бірінде Бауыржанға , журналист Қазақстанда он үш мыңдай Бауыржан бар екенін хабарлады. Мен әзілдеп оларға: менің атым орыстың Иваны сияқты болып жатыр екен ғой дедім. Бұл әзілім, әрине. Сөзін түйіндей келе менің білетінім сонша Бауыржанның ішіндегі номері бірінші Бауыржан менмін деді қатқылдау үнмен. Ең алдымен Баукең өзін сыйлап, қадірлеп өз сәбилеріне өзінің атын бергендерге алғысын айтты. Ал Бауыржандарға айтарым:Азамат болып өсіңдер, қарақтарым! Қатарыңнан кем болмаңдар. Бірің болмаса бірің менен асып кетсеңдер, оған дауым ешқандай дауым жоқ. Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен ақ батамды беремін!


Менде Бауыржан атамыз жайлы бар білгенімді осы ақ батамен аяқтауды құп деп санадым. Әлі де жаны жұмбақ Бауыржан атамыз жайлы оқып, білетінім әлі көп.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2022
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі