400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Бауырмалдық және кең пейілділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық сияқты. Адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:   Бауырмалдық және кең пейілділік

Мақсаты:   Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық сияқты. Адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту;

Міндеттері: —     оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

  • Оқушыларды көпшіл, қамқор болуға тәрбиелеу;

 

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, гүлдер; аудио, видороликтер

Шаттық шеңбері:  —  Балалар, бәріміз ортаға шығып

« жылылық шеңберін құрайық»

Жұлдыз болып тұрайық  жылы жүзбен

Орта толсын  қуаныш, нұр іздеген.

Мейірімді, жанымыз, жүрегіміз

Сезінсін жылылықты мына бізден.

Мұғалім сөзі;

Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін өзі тану» сабақтарында көрген қандай жақсы. Осындай мейірімді, ақылды,  өмірге құштар балаларды  көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма  мен ғана емес, шуақты күнде қуанып түрғандай . ендеше бізде бір-бірімзге күлімсіреп  алақандарымыздың   жылуын  байқап  отырып, сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл-күй тілейік.

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар!

Сәлемет пе арайлы  алтын күн

Сәлемет пе  толған ай

Сәлемет пе күлімдеген  мен

Сәлемет пе  ақылшым сен

Сәлемет пе шуақ шашқан ол

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

 

Міне, тамаша! Ал, енді мен сендерді көтеріңкі көңілмен Арман Дүйсеновтың орындауындағы (бауырым )әнді тыңдап би-билеуге шақырамын.

Жақсы балалар өте керемет билейді екенсіңдер. Енді орындарыңа ыңғайланып отыруға шақырамын. Көздеріңді жұма қойыңдар.

                                               Тыныштық  сәті

Әуен ойналады.

Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі әлемге аттанамыз (тыныс алу). Біздің жүрегімізде кішкентай  адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын  сезіңдерші (тыныс алу) Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі кішкентай адам ғой. Оған  өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміз бізге тек ақылдар мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді  естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді, естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе  сақтаңдар.

Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа созыңдар. Терең дем алыңдар.

Міне, тамаша.

Әңгімелесейік :      Ойланайық, пікірлесейік айдары.

Балалар, бүгін сендермен «Бауырмал, бауырмалдық, кең пейілділік жайлы әңгіме қозғаймыз.

Бауырмадық сөзін кім қалай түсініп отыр екен?

Синонимдерін кім айтады?

Қарастырылып отырған сөздердің антонимдерін кім айтады?

Бауырмал, кеңпейіл, туысшыл, көпшіл

Тасбауыр, қатыгез, менмен

Жақсы балалар! Енді біз бәріміз бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер  екен, ақ параққа өз ойларыңды  қаламмен түсіріп  көрейікші. (балалардың жауаптары).

Оқу ақпараты.                      Қазақ  отбасында ата-бабаларының   салтында ата-бабаларының салтын  сақтай отырып, балаларына тәлім-тәрбие берген. Қазірде осы дәстүрдің  негізі сақталған. Содан барып  үлкен  мен   кіші  арасында, ұжымда, сыныпта, отбасында, туыстар, құрдастар арасында  жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол  әдетке  айналып, бауырмалыдық ережесін тудырған.

 

 

 

 

 

 

Келісім     .                                                       сыйластық.                                        .  қамқорлық

 

 

Бауырмалдық ереже                  .Кішіпейілділік

Адалдық кең пейілділік.

.     мейірімділік

Достық.                       жылулық.

 

Адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы , қамқорлығы-бауырмалдықты білдіреді.

Ол – адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде  өзге жұрттарды бауырына тарту оларды жақын санап, қамқорлық көрсету, жатсынбау көпшіл болудан көрінеді.

Мәтінмен жұмыс.          Адамдардың жан жылуы, мейірбандығы мен  бауырмалдығын көрсету мақсатында өз шығармашылығымнан  «Ағайынды қос жігіт»  өлеңін нақышына келтіріп оқимын. (жәй музыка әуені ойналады)

 

 

«Сәт» триосының әні тыңдалады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүректен жүрекке.

Сабақ соңында  тағы бір  өте  мағызды жайтты айтқым кеп тұр. «Өзін-өзі тану әлемінде» — тек біздің жүректеріміз ғана сөйлесе алатын бір ғажайып жер бар. Ол туралы білгілерің келе ме?

 

Айқара ашып жүректі

Ыстық лебіз, тілекті

Айтам  саған жан досым

Бауырмалдық саған ән болсын

Ол жерге бару үшін «жүректен —  жүрекке» шеңберін құрумыз керек. Шеңберіміз керемет, жылуды өте мол. Ендеше бәріміз тату-тәтті өмір-сүру үшін бір-бірімізге жүрек түкпіріндегі  мейірімділікті гүл шоқтарын ұсынып, би-билеумен  бір-бірімізге қуаныш  сыйлап білдірейік.

«Біздің кішкентай бауырларымыз» әні тыңдалады





«"К?ргендіні? ?ылы?ы к??іл мар?айтады" »

Сабақтың тақырыбы: «Көргендінің қылығы – көңіл марқайтады.» 
Сабақтың мақсаты: Ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық мінез - құлық пен әдет –
ғұрыпты студенттермен бірге терең зерттеу. Имандылық,
ибалылық, үлкенді сыйлау, еңбекқорлық,
қайырымдылық, ізгілікті сияқты жақсы қасиеттерді
студенттің бойында қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Сабақтың жүрісі:
1) Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді үш топқа бөліп, топ жетекшілер сайлау, топтар атауларын белгілеу.
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы, ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, а қазақ ұлтының алғашқы пайда болуы 13 - 14 ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері қалыптасып, дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті. В. Г. Белинский салт - дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: "Әдет - ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата - бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан - руға, ұрпақтан - ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді"- дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт - дәстүрлері, и әдет - ғұрпы болады. Олар сол халықтың ерекше белгісі болып табылады.
Ұлттық салт - дәстүрлер - тарихи және процесс. Көптеген салт - дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы, асар - қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түрікмен халықтарына ортақ өте ертеде пайда болған дәстүр.
Салт - дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным - сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысына туып, қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жауынгершілік заманында қой сойып, қанына найзасын малып, бір - бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды. Қазақ халқының салт - дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер, тұрмыс салт - дәстүрлері, әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлері болып үш топқа бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдеп - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тіл дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той т. б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы - жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн - жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс салт - дәстүрлеріне қазақтың киіз үй, киіз үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Сондай - ақ әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл адамдарының туыстық қарым - қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка аспаптары, үйлену - үй болуға байланысты салт - дәстүрлер, қонақ күту, халықтық - ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері әдет - ғұрыптарға жатады.
3) Сайыстың жүрісі:
1. "Дәстүрді білесің бе?"
а) Бесікке салу
ә) Тұсау кесу
б) Шілдехана
2."Асыл сөзді іздесең - Абайды оқы, ерінбе"
Абай өлеңдерін жатқа оқып жарысу.
3. "Қазақ ырым етеді"
Қазақтың ырымдары мен тиым сөздерін айту.
4. "Туыстық атаулар туралы не білеміз?"
а) бөле, балдыз
ә) жиен, бажа
б) шөбере, нағашы
5. "Көргеннің қылығы көңіл марқайтады"
а) ұлттық тағамдар
ә) ұлттық музыка аспаптары
б) ұлттық ойындар
6. "Өнер алды - қызыл тіл". Топ жетекшілер арасында мақал - мәтелдер сайысы.
а) денсаулыққа байланысты
ә) тіл туралы
б) оқу - білім туралы
7. Сайыстың жеңімпаздарын қоржындағы асықтарды санау арқылы анықтау.

4) Тәрбие сағатын қорытындылау
Бүгінгі тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт - дәстүрлерінің негіздер ғана айттық.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс





Үздік ұстаз бәйгесіне
Тақырып: Ізденген жетер мұратқа
Ашық сабақ 6 сынып
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Ерік - күш, еңбекқорлық, табандылық
Сабақ мақсаты: Оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқан сүйіспеншілікпен талпынысқа үйрету.
Міндеті:
- Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
- Оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
Абай атамыздың 19 қара сөзі. Аудио, Презентация, бейнебаян.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi (2мин)
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабақтағы жағымды күйге келу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тазалық
4. Татулық
5. Тыныштық

Тыныштық сәтi (3мин)
• Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз.
• Сіз өзіңізді табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз.
• Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз.
• Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық).
• Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық).
• Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық).
• Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
• Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз.
• Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
• Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.

Сөзжұмбақтар шешу арқылы өз топтарының атын ату. (1минут)
1 - топ: Мейірім
2 - топ: Қасиет
3 - топ: Ізденіс

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин) Шоқан мен Ломоносов туралы
1 - топ Шоқан туралы
2 - топ Ломоносов туралы
3 – топ: Екі ғалымның ұқсастығын айту
- Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
- Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
- Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
- Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?

Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз (1мин)

Жаман әдеттен құтылуға,
Жақсы әдетті табуға шара бар
Ол шара - табандылық, қажырлылық Қажет қасиеттің бірі, өзіне - өзі сенімділік

Мать Тереза: «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен қарау керек»
- Ұлы нәрсе дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сүйіспеншілік дегеніміз не?
Мұғалімнің сыйы: «Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі
Әңгiмелеу (сұхбат) (5 мин)
• Өсиет әңгіменің мәні неде?
• Корольдың қызы жігітінің айтылған бір ауыз сөзіне мән бере білді ме?
• Қороль қызы тамақ ішу үшін қандай әрекет жасады?
• Ол өз алдына мақсат қоя білді ме және мақсатына жетуге ұмтылды ма?
• Қандай мақал - мәтел айтуға болады?
Түйін: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Бейнефильм көрсету; C:\Users\1\Desktop\Өзін өзі тану 7с Сәулесімен санаңның, жігерленсің талабың 1 Видео ресурc - ViYoutube. webm (3 минут)
Талдау: Бұл бейнероликтегі екі азаматтың қол - аяқтары жоқ кемтар болса да ізденіп, талпыныс жасап, өздерінің жан - жақты екендігін көрсете білді.

Сахналау: шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (5 мин) Қ. Толыбаевтың,
«Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлге бөліп, сахналап көрсету тапсырылады. Әңгіме барысына қатысушылар:
Автор, Әбунасыр ғұлама, мүтәліп бала.
Түйіндеме:
1. Әрекет етуге, оны жоспарлай білуге үйретеді.
2. Мақсат қойа білуге, қойған мақсатыңа жетуге ұмтылдырады.
3. Жауапкершілік ала білуге бейімдейді, белсенділікті арттырады.
4. Болашаққа деген сеніміңді қалыптастырады, өз мүмкіндігіңді шыңдай түседі

Аудио тыңдау: Abajdy_19_ara_s_z__Sol_est_lerden_est_p_b_lgen_zha_sy_n_rselerd_eskerse _zhaman_degennen_sa_tans_(iPlayer. fm) (1). mp3Абай атамыздың 19 қара сөзін тыңдай отырып сол бойынша түйіндеме жазу (2 минут)

Ойын – Сөз жұмбақ; ( ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА) сөз құрау (3минут)

• І - ізденіс, із кесу, іс әрекет жасау
• З - зиялы қауым байланыс, зейінмен тыңдау
• Д - дүниені аралау
• Е - еңбектену
• Н - намыстану
• Г - гүлдей жайнап жүру
• Е - еріншектенбеу
• Н - надандық жолға бармау

• Ж - жұмысқа құлшыныс көрсету
• Е - ертемен тұру
• Т - тамақтануды ұмытпау,
• Е - елімізге пайдамызды тигізу
• Р - риясыз еңбек ету

• М - мақсат қоя білу, мүмкіндігімізді шыңдай түсу.
• Ұ - ұзақ ұмтылыс
• Р - ренжітіп алмау ешкімді
• А - айтылған ақыл сынды көтере білу
• Т - талаптану, табандылық көрсету, терң ойда болу
• Қ - қызығушылықты ояту
• А - армандар орындалады дегенге сену.

Суретке қарап мақал - мәтелдер тауып айту;.(презентацияда көрсетіледі).... (2минут)

Топпен ән айту (1 мин)
«Жас дәуіірдің түлегіміз»
Сөзі: Е. Өтетілеуовтікі
Әні; И. Нүсіпбаевтікі
Өзіміз туған
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып -
Білімді адам боламыз.

Қайырмасы;
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей - (2 рет)
Бақытты біздер баламыз!

Аялар бізді
Қамқоршы ізгі
Сүйікті Отан – анамыз.
Отанды мақтап,
Айтамыз тақпақ -
Шырқатып әнге саламыз.

Үй тапсырмасы: 8 - сабақ. Әсемдікке ұмтылайық! «Әдемі» жаттау дәптермен жұмыс
Қорытынды ревлекция: Стикер қағазына әр оқушы бүгінгі сабақтан алған өз ойын жазып адамгершілік ағашына жабыстырады.
Соңғы тыныштық сәтi (2 мин)
Тыныштық – жүректің әні,
Тыныштық – көңілдің сәні.
Тыныштық – бақыттың таңы,
Тыныштық – өмірдің мәні.
Тыныштық – ашуды жеңер,
Тыныштық – ол нағыз шебер.
“Тыныштық!”- ұраның болса,
Рухани байлығың артып,
Арманың сені іздеп келер,
Адамзат риза боп өтер.
Шаңырақ шаттыққа жетер.

Абайдың 19 - Қарасөзін аудиодан тыңдап, түйінді ойларды іріктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп беріңдер.

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Түйінді ойлар Маңыздылығы
Адам өмірге есті болып келмейді. Ол үшін естіп, көріп, оларды ойға тоқу керек. Еңбектенуде, Табандылықта Білгені, көргені көп және оларды ойына тоқыған адамды білімді, ақылды десе болады. Талаптануда; Қызығуда. Берілген білімді, айтылған ақылды зейінімен, көңіл қойып тыңдап, ұғып алуға болады. Талаптануда; Қызығуда

«Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі

Король Матидың сұлу қызы бар еді. Бірақ ол жалқау болыпты: Әсте ештеңе істемепті, тіпті іске икемі де болмапты, күнде айна алдына отырып алып, сыланумен болыпты. Оны ұзататын шақта келеді. Король:
• Менің қызымды 3 жылда кім жұмысқа үйретсе, соған күйеуге беремін, - деп
жариялайды. Уақыт өте береді, өте береді, бірақ король қызына ешкім құда да түспейді. Король төңірегіндегі нөкерлерін қызына күйеу іздеуге жібереді. Олар жан – жаққа кетеді. Сөйтіп, оларға бірдей 8 өгізбен жер жыртып, жүрген жігіт кездеседі. Олар бірден корольге баруға бұйырады. Жігіт қорқып кетеді, бірақ бармасқа амал жоқ. Сонымен ол корольге келеді, оған қызын 3 жылда жұмысқа үйретуге уәдесін беріпті. Сөйтіп, ол король қызын үйіне ертіп келеді. Анасы алдарынан жүгіре шығып, сұлу қызға қайран қалады.
Келесі күні жігіт соқаға өгіздерін жегіп, далаға кетеді. Ол анасына келініңді жұмыс істеуге мәжбүр етпе деп тапсырады. Кешкі жұмыстан оралады да, анасы кешкі асын береді.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді? – деп сұрапты ұлы.
Екеуіміз, - дейді анасы.
Сірә, кім еңбек етсе, сол ішіп жейтін болар.
Король қызына бұл ұнамайды, ол ашуланып, аш қалпында ұйықтап қалады. Келесі күні де нақ осындай болды. Үшінші күні король қызы қайын енесіне:
Мама, маған әлде қалай жұмыс берші, қол қусырып отырмайын, - депті. Қайын енесі «отын жар», - дейді.
Кеш болады. Асқа отырады. Ал ұлы тағы да сұрайды.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді?
Біз үшеуіміз де: мен, сен және король қызы.
Сірә, еңбек еткен ішіп жейтін шығар.
Үшеуі де кешкі асты ішеді. Осылай король қызы ептеп жұмыс істеуге үйренеді.
Үш жылдан кейін король қызының қал – жайын білуге келеді. Қайын енесімен үйлесе жұмыс істеп жүргенін көреді.
Қалай, сенде жұмыс істеуге үйрендің бе? – деп қуана сұрайды король.
О, не дегенің, - деп жауап береді қызы, - біздегі тәртіп мынадай, еңбек етпеген –
ішіп жемейді. Әке, кешкі ас ішкің келсе барып отын жар. Король қызы мен күйеу баласына көп тарту таралғы әкеліп, қонақ болады, сдан соң үшеуінде өзінің сарайына алып барады. Ол жігітті туған ұлындай қабылдап, өзінің тірі кезінде бүкіл корольдігін табыс етуге уәде беріпті.
Соңы

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе ауылы, Үштөбе жалпы орта білім беретін тірек мектебі
Өзін өзі тану пән мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна



Үздік ұстаз бәйгесіне
Тақырып: Ізденген жетер мұратқа
Ашық сабақ 6 сынып
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Ерік - күш, еңбекқорлық, табандылық
Сабақ мақсаты: Оқушыларды өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқан сүйіспеншілікпен талпынысқа үйрету.
Міндеті:
- Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
- Оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
Абай атамыздың 19 қара сөзі. Аудио, Презентация, бейнебаян.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi (2мин)
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабақтағы жағымды күйге келу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тазалық
4. Татулық
5. Тыныштық

Тыныштық сәтi (3мин)
• Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз.
• Сіз өзіңізді табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз.
• Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз.
• Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық).
• Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық).
• Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық).
• Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
• Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз.
• Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
• Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.

Сөзжұмбақтар шешу арқылы өз топтарының атын ату. (1минут)
1 - топ: Мейірім
2 - топ: Қасиет
3 - топ: Ізденіс

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин) Шоқан мен Ломоносов туралы
1 - топ Шоқан туралы
2 - топ Ломоносов туралы
3 – топ: Екі ғалымның ұқсастығын айту
- Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
- Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
- Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
- Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?

Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз (1мин)

Жаман әдеттен құтылуға,
Жақсы әдетті табуға шара бар
Ол шара - табандылық, қажырлылық Қажет қасиеттің бірі, өзіне - өзі сенімділік

Мать Тереза: «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен қарау керек»
- Ұлы нәрсе дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сүйіспеншілік дегеніміз не?
Мұғалімнің сыйы: «Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі
Әңгiмелеу (сұхбат) (5 мин)
• Өсиет әңгіменің мәні неде?
• Корольдың қызы жігітінің айтылған бір ауыз сөзіне мән бере білді ме?
• Қороль қызы тамақ ішу үшін қандай әрекет жасады?
• Ол өз алдына мақсат қоя білді ме және мақсатына жетуге ұмтылды ма?
• Қандай мақал - мәтел айтуға болады?
Түйін: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Бейнефильм көрсету; C:\Users\1\Desktop\Өзін өзі тану 7с Сәулесімен санаңның, жігерленсің талабың 1 Видео ресурc - ViYoutube. webm (3 минут)
Талдау: Бұл бейнероликтегі екі азаматтың қол - аяқтары жоқ кемтар болса да ізденіп, талпыныс жасап, өздерінің жан - жақты екендігін көрсете білді.

Сахналау: шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (5 мин) Қ. Толыбаевтың,
«Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлге бөліп, сахналап көрсету тапсырылады. Әңгіме барысына қатысушылар:
Автор, Әбунасыр ғұлама, мүтәліп бала.
Түйіндеме:
1. Әрекет етуге, оны жоспарлай білуге үйретеді.
2. Мақсат қойа білуге, қойған мақсатыңа жетуге ұмтылдырады.
3. Жауапкершілік ала білуге бейімдейді, белсенділікті арттырады.
4. Болашаққа деген сеніміңді қалыптастырады, өз мүмкіндігіңді шыңдай түседі

Аудио тыңдау: Abajdy_19_ara_s_z__Sol_est_lerden_est_p_b_lgen_zha_sy_n_rselerd_eskerse _zhaman_degennen_sa_tans_(iPlayer. fm) (1). mp3Абай атамыздың 19 қара сөзін тыңдай отырып сол бойынша түйіндеме жазу (2 минут)

Ойын – Сөз жұмбақ; ( ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА) сөз құрау (3минут)

• І - ізденіс, із кесу, іс әрекет жасау
• З - зиялы қауым байланыс, зейінмен тыңдау
• Д - дүниені аралау
• Е - еңбектену
• Н - намыстану
• Г - гүлдей жайнап жүру
• Е - еріншектенбеу
• Н - надандық жолға бармау

• Ж - жұмысқа құлшыныс көрсету
• Е - ертемен тұру
• Т - тамақтануды ұмытпау,
• Е - елімізге пайдамызды тигізу
• Р - риясыз еңбек ету

• М - мақсат қоя білу, мүмкіндігімізді шыңдай түсу.
• Ұ - ұзақ ұмтылыс
• Р - ренжітіп алмау ешкімді
• А - айтылған ақыл сынды көтере білу
• Т - талаптану, табандылық көрсету, терң ойда болу
• Қ - қызығушылықты ояту
• А - армандар орындалады дегенге сену.

Суретке қарап мақал - мәтелдер тауып айту;.(презентацияда көрсетіледі).... (2минут)

Топпен ән айту (1 мин)
«Жас дәуіірдің түлегіміз»
Сөзі: Е. Өтетілеуовтікі
Әні; И. Нүсіпбаевтікі
Өзіміз туған
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып -
Білімді адам боламыз.

Қайырмасы;
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей - (2 рет)
Бақытты біздер баламыз!

Аялар бізді
Қамқоршы ізгі
Сүйікті Отан – анамыз.
Отанды мақтап,
Айтамыз тақпақ -
Шырқатып әнге саламыз.

Үй тапсырмасы: 8 - сабақ. Әсемдікке ұмтылайық! «Әдемі» жаттау дәптермен жұмыс
Қорытынды ревлекция: Стикер қағазына әр оқушы бүгінгі сабақтан алған өз ойын жазып адамгершілік ағашына жабыстырады.
Соңғы тыныштық сәтi (2 мин)
Тыныштық – жүректің әні,
Тыныштық – көңілдің сәні.
Тыныштық – бақыттың таңы,
Тыныштық – өмірдің мәні.
Тыныштық – ашуды жеңер,
Тыныштық – ол нағыз шебер.
“Тыныштық!”- ұраның болса,
Рухани байлығың артып,
Арманың сені іздеп келер,
Адамзат риза боп өтер.
Шаңырақ шаттыққа жетер.

Абайдың 19 - Қарасөзін аудиодан тыңдап, түйінді ойларды іріктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп беріңдер.

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Түйінді ойлар Маңыздылығы
Адам өмірге есті болып келмейді. Ол үшін естіп, көріп, оларды ойға тоқу керек. Еңбектенуде, Табандылықта Білгені, көргені көп және оларды ойына тоқыған адамды білімді, ақылды десе болады. Талаптануда; Қызығуда. Берілген білімді, айтылған ақылды зейінімен, көңіл қойып тыңдап, ұғып алуға болады. Талаптануда; Қызығуда

«Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі

Король Матидың сұлу қызы бар еді. Бірақ ол жалқау болыпты: Әсте ештеңе істемепті, тіпті іске икемі де болмапты, күнде айна алдына отырып алып, сыланумен болыпты. Оны ұзататын шақта келеді. Король:
• Менің қызымды 3 жылда кім жұмысқа үйретсе, соған күйеуге беремін, - деп
жариялайды. Уақыт өте береді, өте береді, бірақ король қызына ешкім құда да түспейді. Король төңірегіндегі нөкерлерін қызына күйеу іздеуге жібереді. Олар жан – жаққа кетеді. Сөйтіп, оларға бірдей 8 өгізбен жер жыртып, жүрген жігіт кездеседі. Олар бірден корольге баруға бұйырады. Жігіт қорқып кетеді, бірақ бармасқа амал жоқ. Сонымен ол корольге келеді, оған қызын 3 жылда жұмысқа үйретуге уәдесін беріпті. Сөйтіп, ол король қызын үйіне ертіп келеді. Анасы алдарынан жүгіре шығып, сұлу қызға қайран қалады.
Келесі күні жігіт соқаға өгіздерін жегіп, далаға кетеді. Ол анасына келініңді жұмыс істеуге мәжбүр етпе деп тапсырады. Кешкі жұмыстан оралады да, анасы кешкі асын береді.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді? – деп сұрапты ұлы.
Екеуіміз, - дейді анасы.
Сірә, кім еңбек етсе, сол ішіп жейтін болар.
Король қызына бұл ұнамайды, ол ашуланып, аш қалпында ұйықтап қалады. Келесі күні де нақ осындай болды. Үшінші күні король қызы қайын енесіне:
Мама, маған әлде қалай жұмыс берші, қол қусырып отырмайын, - депті. Қайын енесі «отын жар», - дейді.
Кеш болады. Асқа отырады. Ал ұлы тағы да сұрайды.
Мама, бүгін кім жұмыс істеді?
Біз үшеуіміз де: мен, сен және король қызы.
Сірә, еңбек еткен ішіп жейтін шығар.
Үшеуі де кешкі асты ішеді. Осылай король қызы ептеп жұмыс істеуге үйренеді.
Үш жылдан кейін король қызының қал – жайын білуге келеді. Қайын енесімен үйлесе жұмыс істеп жүргенін көреді.
Қалай, сенде жұмыс істеуге үйрендің бе? – деп қуана сұрайды король.
О, не дегенің, - деп жауап береді қызы, - біздегі тәртіп мынадай, еңбек етпеген –
ішіп жемейді. Әке, кешкі ас ішкің келсе барып отын жар. Король қызы мен күйеу баласына көп тарту таралғы әкеліп, қонақ болады, сдан соң үшеуінде өзінің сарайына алып барады. Ол жігітті туған ұлындай қабылдап, өзінің тірі кезінде бүкіл корольдігін табыс етуге уәде беріпті.
Соңы

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе ауылы, Үштөбе жалпы орта білім беретін тірек мектебі
Өзін өзі тану пән мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна



Оқушыларды техникалық еңбекке баулу

 

Аменов Алмас Какимович, технология пәні мұғалімі,

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін

мектеп-балабақшасы.

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы ауданы,

Мұратсай ауылы.

 

Білім беру саласында сабақтан тыс уақытта жүргізілетін әрбір үйірменің жеке тұлғаны қалыптастырудағы орны ерекше.

Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін техникалық-шығармашылық үйірмелері өзге үйірмелерге ұқсамайтын өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор үйірме. Жас техниктер үйірмесін базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өздерін-өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды. Техникалық шығармашылық үйірмелерінде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, тапсырмаларды  қызығушылықпен орындап, оның қорытындысын көрсеткісі келеді. Үйірме сабағында өзін еркін сезініп, орындаған жұмыстарынан моральдық қанағат алады. Тапсырманы орындап қана қоймай, өзге оқушыларды да шығармашылықпен жұмыстануға тарта біледі. Осылайша үйірме жұмыстарында оқушы үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік шығармашылық ой-өрісі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне көтеріледі. Осы белсенділік арқасында оқушы әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасап, зерттеп, оған жан-жақты талдау жасап, өз бағасын берумен қатар, өз бойында келешек кәсіби мамандығын да қалыптастырады.

Техникалық-шығармашылық үйірмелер оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерін дамытумен қатар өз-өздерін танып-білуге, техника әлемін зерделеуге мүмкіндік жасайды.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр.

Бүгінгі таңда технология пәнін оқытуда мектепте оқушылар екі топқа бөлінеді. Қыздар үшін көркем еңбек, ұлдар үшін техникалық еңбек.

Қазіргі таңда республикамыздың көптеген мектептері интернет желісіне қосылған. Ұлдарды техникалық еңбекке үйрететін үйірмеде оқушыларды осы интернет желісі арқылы техниканың жетістіктерімен әртүрлі сайттар арқылы таныстыра аламыз. Шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңа технологияларды үйірме барысында пайдаланып отырса, оқушылардың техникалық үйірмеге деген ынтасы мен қызығушылығы артатыны анық. Үйірме барысында әртүрлі әдістерді қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілетін және өздігінен жұмыс істей алуын жетілдіруге тиіс. Жан-жақты қамтылған, бүгінгі заман талабына сай әдістерді пайдалана отырып, оқушыларға техникалық-шығармашылық білім беру, оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, кеңейту және бекіту  «Кеме үлгісі» үйірмесінің мақсаты. Практикалық жұмыс кезінде олар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық ойларын дамыта отырып өз беттерінше жұмыс істей алу ептілігін дамытады.

Диплом для педагога. solncesvet.ru/прими-участиеsolncesvet.ru/прими-участиеОлим­пиады, конкурсы, публи­кации для атте­стации на кате­горию! Диплом сразу!Скрыть рекламу:Не интересуюсь этой темой / Уже купилНавязчивое и надоелоСомнительного содержания или спамМешает просмотру контента

Спасибо, объявление скрыто.


Яндекс.Директ

Оқушыларға техникалық-шығармашылық білім беру мақсатында А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында «Кеме үлгісі» үйірмесіне жетекшілік жасаймын. Үйірмеде 5-10 сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта шикізат түрлерінен техникалық құрылғы үлгілерін жасаумен айналысады. Практикалық  жұмыс кезінде оқушылар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын шаблон үлгімен істейді, сызбалармен танысады, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Үйірме барысында оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, жұмыстың қорытындысын көрсетеді. Оқушының ой-өрісі дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады.

Үйірме мүшелері белгілі бір дәрежеде, жасалынатын нысанды ойлап табудың тиімді жолдарын үйренеді. Үйірме жұмысында оқушылардың графикалық білім алуы да қарастырылған. Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын қалыптағыш (шаблон) үлгімен істесе, одан әрі сызбалармен танысып, үлгілерді сызба бойынша жасайды.

Осындай жетістіктерге қол жеткізу мақсатында үйірме сабақтарында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданамын.

  1. Баяндау әдісі (әңгімелеу, түсіндіру)

  2. Көрнекіліктермен жұмыс (кітап, журналдар, сызбалар, суреттер, жобалар)

  3. Жобалау әдісі (жаңа үлгілер жобасын сызу, техникалық суреттер салу)

  4. Сарамандық жұмыс (жобалар, сызбалар, үлгілер бойынша жұмыстану)

  5. Проблемалық ізденіс (оқушылар қабілетінің дамуына, ізденуіне, жаңа үлгілер жобасын жасауына жағдай жасау).

Үйірмеге алғашқы жылы қатысып отырған оқушылар алдымен қима үлгілерді (шаблон) қолдана отырып, қарапайым (автокөліктер, ұшақтар, зымырандар, су көліктері т.б.) үлгілер жасайды. Өз жұмыстарын саралап, салыстыру арқылы бағалауды үйренеді.

Үйірме жұмысының екінші жылдары оқушылар неғұрлым күрделі (жер көліктері мен су көліктерін, ғарыш кемелері мен зымыран түрлерін т.б.) техникалық үлгілердің сызбаларын жан-жақты зерттей отырып жасайды.

Ал үйірменің үшінші жылдары оқушыларымыз өздері жобалаған сан алуан үлгілерді жасаумен айналысады. Жұмыс барысында туындаған жаңа идеяларды саралап, салыстыру арқылы жұмыстарын нақтылауды, бағалауды үйренеді.

Қорыта келгенде бұл үйірменің берері – оқушы бойындағы белсенділікті арттырып, өз күшіне деген сенімділік, шыдамдылық, икемділік сияқты қасиеттері пайда болады.

Оқушының ой-өрісі дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады.

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Мұғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейде көтерілері сөзсіз. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуына ата-ана мен мұғалімнің қолдауы болғаны дұрыс. Бала өз жұмысын жан-жағындағыларға көрсетуге ұмтылады. Сол кезде оны ересектер дұрыс бағалап, қолдау көрсетіп, дұрыс бағыттау керек. Бала бойындағы байқағыштық қабілетімен қатар шыдамдылық та мол болғаны дұрыс.

Оқушыларды техникалық еңбекке баулу, яғни еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Оқушыға дұрыс бағыт берсек, шығармашылық жұмысына еркіндік беріп, нәтижесін көрсете білсек, еңбектің әр кезде, кез келген істе өтемі болатынын, еңбексіз ешнәрсеге қол жеткізе алмайтынына оқушының көзін жеткізсек көздеген мақсатымызға қол жеткіземіз.



 18.10.2016 ж

Тақырыбы: Сен өз құқығыңды білесің бе?

Мақсаты:

  1. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы  түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру.

  2. Оқушылардың саяси саналығы  мен таным  белсенділігін  арттыру.

  1. Адамгершілік , ізгі қасиеттер  мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке  баулу  арқылы  құқықтық тәрбие беру.



Түрі: Сынып аралық  топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Қ.Р рәміздері, ҚР конституциясы, заң туралы қанатты сөздер.

Сайыс жоспары:

  1. «Тікелей сұрақ» әр топқа 6 сұрақ

  2. «Өз құқықтарын білу»

  3. «Жағдаяттық сұрақтар»

  4. «Мұны әрбір оқушы білуі тиіс»

  5. «Кім жылдам»

Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы

Сайыс   барысы:Ұйымдастыру-екі топқа бөлінген  оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сайыс  мақсатымен таныстырылады.

І топ «Бейбітшілік»

ІІ топ «Заңгерлер» 

Тәрбиеші:

-Құрметті оқушылар және ұстаздар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1 бабында «Қ.Р құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және  адамның  өмірі, құқытарымен бостандықтары» деген қастерлі  сөздерді енгізген.

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір  адамның  өз құқықтарын  жете  біліп, жалпы  заң білімі саласынан мағлұмат  алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура  жолмен  жүріп, еліне  адал қызмет еткен  азамат қана мұратына жетеді. Сондықтанда заңды білу- заман талабы.

І бөлім. Сайысымыздың алғашқы  бөлімі «Тікелей  сұрақтар». Әр топқа заң, құқық тақырыптарына  қатысты сұрақтар  қойылады.Әрбір  дұрыс жауап 1 фишкамен  есептелінеді. Тәрбие сағатымыздың соңында есептейміз қай топтың білімі көп

І топ

1.Қ.Р Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы? (халық)

2. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойған соң)

3. Республикадағы жоғары заң шығарушы орган? (парламент)

4. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялы)

5. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)

    1. Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей  міндетті  нормалар жүйесі)

ІІ топ



  1. ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің)

  2. ҚР «Бала құқытары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз)

  3. ҚР валютасы қашан қолданысқа енді. (1993 жыл 15 қараша)

  4. Халықпен мемлекет атынан билік  жүргізуге кімнің құқығы бар? (президент пен парламент)

  5. ҚР «Мемлекеттік нышандар туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж 4 маусым)

  6. Балалар құқықтарының конвекциясы қашан қабылданды? (1998 жыл)

ІІ бөлім. Өз құқығынды біл  (Бала құқытары туралы) Әрбір дұрыс жауап 2 фишкамен бағаланады.

  1. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (бала туған кезінен басталады)

  2. Қай жылы «Балар құқығы туралы» конвекция қабылданды?(1989 жыл 20 қараша)

  3. Неше жасқа толмаған адам  бала болып есептелінеді? (18)

  4. Әр адамның жеке басының куәләндыратын  құжат  қандай (төлқұжат)

  5. Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай?(өмірсүру құқығы)

  6. Бала неше жастан бастап қылмыстық  жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)

ІІІ бөлім. «Жағдаяттық сұрақтар»  3 фишкамен бағаланады

І топ. Мәдина түрік жігітіне  тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата-анасы қарсы. Себебі олар Мәдина ҚР азаматтығын жоғалтады деп қорқады және  өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Мәдина азаматтығын  жоғалта ма? (7-бап жоқ жоғалтпайды)

ІІ топ. Ирина мен Қайрат ҚР азаматтары, бірақ  олар Украинада келісім  бойынша  жұмыс істейді. Олардың  отбасында ұл бала дүниеге келді,  балаға қай елдің  азаматтығы  беріледі? (16 бап ҚР  азаматтығы беріледі) 

ІV бөлім   Мұны әрбір оқушы білуі тиіс. (1 фишкамен бағаланады )

І топ «Бейбітшілік»   Оқушы құқықтары

ІІ топ «Заңгерлер»     Оқушы міндеттері

Сонымен біздің қандай құқығымыз бар екен?

- Баланың аман – сау өсіп, жетілуін қамтамасыз етілуі.

- Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды.

-Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады.

-Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін.

-Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

1. Заңдарға бағыну.

2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.

4. Қаржы, салықтарды төлеу.

5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.

6. Табиғатты және табиғи байлықтарды сақтау.

7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата – ана алдындағы міндеттерін орындау.

8. Орта мектеп білімін алу.

V- бөлім «Кім жылдам» Мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру. ( 1 фишкамен бағаланады)

1.     Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

2.     Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

3.     Ұрлық түбі ... (қорлық)

4.     Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

5.Ұры бір түнде - бай,

Бір күнде - ...(кедей)

6.Қонақ келсе – құт,

Қарақшы келсе - ...(жұт)

7. Еңбек түбі - ...(зейнет)

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Қорытындылай келе сіздерді ата заңды құрметтеп, өздеріңіздің құқықтарыңызды қорғай білуге шақырамын. Әділ қазыларымыз сөз берейік

Тақырыбы: мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш
Ма
қсаты: 
1. Білімділік:  О
қушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер        жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету7
 2. Дамытушыл
ық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
3. Т
әрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу. 
К
өрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер т.б.      
             
                           Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні  орындалады
 
Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
 Осындай ке
ң-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.   ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.
Біздер т
әуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім,Отан - суым,
Отан
қуат, нәр береді..
Отан -
ұран, Отан - туым,
Отан м
әңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана
қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
 1991 жылы 16 желто
қсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желто
қсанда Қазақстанның ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
 Ата За
ңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
                                           
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты д
үние әлемін!
Б
ұл даланы анам жаспен суарған,
Б
ұл далада атам қолға ту алған.
Б
ұл далаға жылап келіп, уанғам,
Б
ұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Б
ұл далада өскен жанда жоқ арман!
 Ке
ң байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшы
қталған ортасы.
Б
үгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Б
ұның бәрі Елбасының арқасы.
Шы
қты тарап ой-данадан,
Бері
қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімні
ң бар Президенті
 Оянады к
өңілден қайдағы арман,
Ба
қыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар мені
ң елі түгел,
А
қ киізге көтеріп сайлап алған.
                                 Бас білгізіп жер тарпы
ған тарпаңға,
Жасы т
ұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Т
үлігіне дейін салса  ен – таңба ?!
 Мемлекеттік елта
ңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Ерасыл:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында
қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шары
қтаған таза күй.
Б
ұл таңбасы елімнің,
Елдігімні
ң белгісі.

Алинар:
Бейнелеп сан
ғасырды
Елт
аңбасы елімнің,
Таратады хас
үлгі
Киесіндей жерімні
ң.
Бабам т
ұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Т
ұлпар барда қанатты,
Шай
қалмайды шаңырақ.
Т
әуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Н
ұр төгеді елтаңба
А
қ орданың төрінде.

                                       Тұғырлы туымыз.
Б
әрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік,
өрлік, өнер  де.
Жа
һандағы  ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?


2-жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Туды
ң авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Туды
ң сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Аяжан:
Айнымайды аспаннан
Бізді
ң тудың болуы
Оны халы
қ қашанда
Биікке іліп
қояды.

Жанатын да өзі отша
Жалын шарпып беті
ңді
Туымыз да
қазақша
С
өйлеп тұрған секілді

    Матасы қандай, матасы-көк түстерден таңдалған,
Қазақтың ою-өрнегі, қыраны және самғаған.
К
үн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,
Туымды мені
ң көргендер қызыға қарап таңданған.
                                        Батырлы
ққа уызынан жарыған,
        Ер т
үркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
                 
 Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?
 Ас
қақтаған Гимн.
 Кез келген мемлекеттік р
әміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнд3  түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Мені
ң Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал
ғашқы рет Қазақстан Республикасының Гимн3 ретінде

«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Б
ұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Руслан:
 
Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар
әнім, сөйлер сөзім
Ту
ған жерім сағынарым
Ба
қыт-бірлік күн талабы.
То
қтамайды дабыр әні
М
әңгі бақи шырқалады
Республикам
Әнұраны!

Балауса:
Барша халы
қ таныған
Бізді
ң үміт, тілекті.
Шыр
қалғанда әнұран
Шатты
қ кернер жүректі
Же
ңіс туын көтерген
Жарыстарда сан
қилы,
Жетіп бізге шетелден
К
өкке әнұран шалқиды.
Ш
әмші атаның сазды үні
Жігер беріп
қайратты,
Б
әрімізді мәз қылып,
Жа
ңғыртады аймақты.

  Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным  алды жаулап  ғұмырды .
Боса
ғада  қалып келген Елтаңбам
Бая
ғыша төріме кеп ілінді.
1-топ:  
Өзіңдікі туың да,
             От пен ауа, суы
ң да.
              Жаса
Қазақстаным,
              Белді бекем буын да!
2-топ:   Елта
ңбасы елімнің
       
      Неткен көркем, әдемі.
              Т
ұнығындай көңілдің
              Ортада аспан
әлемі.
3-топ:  
Әнұраным, жан ұраным,
              Айтар
әнім, сөйлер сөзім.
              Ту
ған жерім-сағынарым,
               М
әңгі-бақи шырқалады
 Осы к
өк туымызды желбіретіп ұстап, гимнді асқақтата шырқайтын біздерміз.
Біз
Қазақстан Республикасының сенімді болашағымыз! Осы рәміздеріміздің еңсесі ешқашан түспесін, оны кір шалмасын, мәртебесі өсе берсін.!

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабында «Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген.
Олай болса,
өз мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлейік!
 Б
ұл – біздің Гимн!
 Б
ұл – біздің Ту!
Бірге: Б
ұл – біздің Елтаңба!
2.Ж
үргізуші Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Т
өлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында,
Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.
Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
К
өңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Сабақты қорытындылау.

 

 

 

 

Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса,
қазағым менің.
 
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
А
ңсаған бабам, аңсаған елім!
Бостанды
қ еді – ау асыл арманың.
Қайырмасы:
Елім мені
ң аңсаған,
Тас б
ұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың- оу,
Берік болсын –ау боса
ғаң.
 
Бабамны
ң қаны, анамның жасы,
Сі
ңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік
қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
 
К
үйінсін жауың, сүйсінсін досың,
Жиылсын
қауым, құйылсын көшің.
Ерте
ңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есі
ң.
 
Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атаме
кен жер үшін.
Береке
ң мен бірлігің – оу,
Таси берсін – оу
өрісің.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
1060
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі