ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҰЛАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ
БӨЛІМІ
«ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ»
КММ
«БАЛАПАН» ШАҒЫН
ОРТАЛЫҒЫ
«Бауырсақ»
(ертегісі).
«
Айгөлек» тобының
кіріктірілген ашық
сабағы
Тәрбиеші: Окапова
Л.Б
2017-2018 оқу
жылы
Білім беру
саласы: Қатынас .
Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті: Көркем әдебиет , Жапсыру. (кіріктірілген
сабақ). Тақырыбы:
«Бауырсақ»
(ертегісі).
Мақсаты:
Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын
арттыру. Ертегіні сахналай отырып қиялы мен қабілетін
жетілдіру. Балалардың сөздік қорын байланыстырып сөйлеуге
дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге
дағдыландыру. Тәрбиешінің көмегімен дөңгелектер қиюды үйрену.
Жұмысты тиянақты,таза істеуге
дағдыландыру.
Биллингвалдық
компонент: ата-дедушка, апа-бабушка,
колобок – бауырсақ, қоян-заяц, аю-медведь, қасқыр – волк,
түлкі-лиса.
Қажетті
құралдар: Интерактивті тақта, ертегіні сомдайтын
костюмдер, қайшы, желім, сары түсті қағаз, сүлгілер,
қылқалам. Атрибуттар.
Сабақ
барысы
Келген қонақтармен
амандасамыз.
Шаттық шеңберге тұрғызып,төмендегі өлең
жолдарын айтып,қимылдар
жасайды.
Жоғары қарап күн
көрдім
Төмен қарап жер
көрдім
Оңға солға
бұрылып
Егеменді ел
көрдім.
Мотивациялық қозғаушылық: Балалар біз
осы уақытқа дейін көркем әдебиет сабағында көп ертегілермен
таныстық. Солардың бірі «Бауырсақ» ертегісі. Бұл ертегіні бәрімізде
білеміз. Ендеше ертегіні есімізге түсірейікші. Слайд арқылы
ертегіні еске түсіреді. Ертеде шал мен кемпір болыпты, шалы
кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды. Кемпір бауырсақ пісіріп терезе
алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ,терезеден секіріп түсіп
домалай жөнеледі. Жолда қоянға, қасқырға, аюға кездеседі,олардан
бауырсақ өзінің өлеңін айта жүріп құтылып кетеді,бірақ түлкіге
кездескенде түлкі бауырсақтан айласын асырып бауырсақты жеп қояды.
Міне балалар, бауырсақ сөйтіп сәтсіздікке
ұшырайды.
- Түлкі
қандай?
–Бауырсақты жеп қойғаны аянышты
ма?
Ал ендеше біздің бүгінгі «Бауырсақ»
ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды,
керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің
жаңа нұсқасымен таныс болайық. Балаларымыз ертегіні рольдерге бөліп
ойнап көрсін.
Тәрбиеші:
-Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал
кемпіріне:
- Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші
дейді
Кемпір:
-Неден пісірейін? Ұн жоқ
қой!
Шал:
Мен дүкеннен ұн әкеп қойғам
.
Тәрбиеші:
Кемпір шал әкелген ұннан қамыр илеп бауырсақ
пісіреді де ыстық бауырсақты суытуға терезенің алдына қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де ,одан
әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса қарсы
алдынан қоян
шығады.
Қоян: Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені жеп
қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме мен саған өлең айтып
берем.
-Мен
бауырсақ,бауырсақ,
Атамнан
қаштым,
Әжемнен
қаштым,
Ал сенен қашу, қоян қиын
емес.
Осылай әндетіп бауырсақ домалай
жөнеледі.
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның
алдынан қасқыр шыға
келіп
Қасқыр: Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп
қоямын!
Бауырсақ: -Сен мені жеме,мен саған өлең айтып
беремін.
-Мен
бауырсақ,бауырсақ
Мен атамнан
қаштым,
Әжемнен де
қаштым,
Қасқыр,сенен де қашып кетем – деп әрі қарай
домалай
жөнеледі.
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған
аю қарсы
шығады.
Аю: Әй,бауырсақ!Мен сені жеп
қоямын!
Бауырсақ: -Сен мені жеме,мен саған өлең айтып
берейін.
Мен атамнан
қаштым,
Мен әжемнен
қаштым,
Қояннан да
қаштым,
Қасқырдан да
қаштым,
Аю сенен де қашып кетем -деп ары қарай
зымырай жөнеледі.
Енді алдынан сумаңдап түлкі шығады. Ол да бауырсақты бас
салады.
Т
үлкі: –Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені
жеймін дейді. Бауырсақ оған да өзінің өлеңін айта
бастайды.
Түлкі: -Оңай құтыла алмайсың,менің
тапсырмаларымды орында,жұмбақтарымды шешіп көріңдер,сені
жемеймін.
Жұмбақтар:
1. Қыста ақ, жазда
сұр. (
Қоян ).
2. Қорбаң-қорбаң
етеді,
Орманда ол жүреді.
( Аю).
-Жарайсың, бауырсақ мен сені
жемеймін, сенің достарың да көп екен. Сау
болыңдар.
Тәрбиеші:
-Бауырсақ неден жасалады? Түсі қандай?
Пішіні ше?
-Ұннан жасалатын тағамдарды
атайықшы.
(
Бауырсақ,нан,торт,печенье ).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте
жақсы.Енді біраз бойымызды сергітіп
алайық.
Сергіту
сәті.
Мынау-менің
жүрегім,
Бәрі осыдан
басталған.
Мынау-басым
ақылды,
Бәрін осы
атқарған.
Мынау-менің оң
қолым,
Мынау-менің сол
қолым,
Барлық істі
атқарған.
Тәрбиеші: Балалар әжей бізге де бауырсақ
пісіріп бергісі келеді екен, бірақ бауырсақ кесуге сендерден көмек
сұрап отыр. Көмектесеміз бе? Балалар столға жайғасады да
тәрбиешінің көмегімен сары түсті қағаздан бауырсақтар кесе
бастайды.Содан соң дөңгелене кесілген бауырсақтарды қағаз табаққа
жапсырып әжейге пісіріп беруге береді. Әжей балаларға жаңа піскен
бауырсақтар береді. Балалар бауырсақтан дәм
татады.
Рефлекциялық
түзетушілік : Жарайсыңдар балалар. Қане
бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
-Бауырсақ қандай аңдарға
кездеседі?
-Түлкі
қандай?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады
ма?
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Балалар жағымды, жағымсыз
қасиеттерді айыра білді.
Түсінеді: Ертегі туралы түсінік
береді.
Игереді: Дөңгелектерді өздері
қиюды.