400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауырсақ ертегігі

Материал туралы қысқаша түсінік
шағын орталық ертегі сахыналауға керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы.

Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің

Шағын орталық «Балдырған» тобының тәрбиешісі:

Кулбергенова Камажай Куанышбаевна.



Шағын орталық. Кіріктірілген сабақ, сахналау, математика

Сабақтың тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»

Сабақтың мақсаты: Балалардың білімдерін тексеру, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, сахнада өзін еркін ұстай білуге үйрету. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: математикалық сандар,ертегі кейіпкерлері

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, бәріміз далаға қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі
- Ал, көктем мезгілі екенін қайдан білдіңіздер?
- көктем мезгілінде күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарып, жапырақ шығады, гүлдер шығады, аңдар оянады (маса, шыбын, аю, кірпі)

Ал көктемде қандай киім киесіңдер?

Күртеше, жеңіл бас киім, жұқа кофта т.б.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар!Тамаша!

Балалар, көзімізді жұмып, орманға саяхатқа шығайық. Ал, енді көзімізді ашамыз. Міне орманға да келіп қалдық. Балалар, орманда әр түрлі аңдар болады. Соларды байқап жүру керек.
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы: 
Тәрбиеші: Ертеде кемпір мен шал болыпты.
Шал:Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір:Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 
Шал:Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші:Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян :Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ : Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда. 
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.  Қоян сенен де құтылып кетемін.
Қоян: Сен одан да менің тапсырмамды орында . Тапсырмамды дұрыс орындасаң мен сені жемеймін. Ол мына қағазда жазылған.

Тәрбиеші : Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік. 

Мына жапырақтардың тұсына қыстырғыштарды санына қарап сәйкестендіріңдер.

Қоян: Өте дұрыс, сендер бауырсаққа көмек бердіңдер.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, бауырсақты қоянға жегізген жоқсыңдар
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп: 
Қасқыр:Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған 
Қасқыр:Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында. Қасқырдың тапсырмасы:Сен қандай геометриялық пішіндерді білесің?
Тәрбиеші: Қане, балалар орнымыздан тұрып, пішіндерді айтып берейік. Топпен жұмыс.Суреттерімен айтады, пішіндерді бояйды. (үш бұрыш, төрт бұрыш, шеңбер) ( таяқшалармен, құм терапиясы, жіппен пішіндерді жасайды).
Қасқыр:Балалар, жарайсыңдар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.   
Аю:Әй , бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ:Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Аю, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!

Аю: Сен менің тапсырмамды орындасаң жемеймін. Қәне, айтшы онда сен маған:

1- ден 5 -ке дейін тура және кері санап берші?
Бауырсақ, балаларға қарап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа көмектесіп жіберейік:
Балалар, бауырсаққа көмектесіп, санап береді.
Аю: Бауырсақ жарайды, саған балалар көмектесті ғой мен сені жемеймін, - деп кетіп қалады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, сендер өте ақылдысыңдар! Қане, ендеше сергіту сәтін жасап алайық:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аю көріп қалмасын,
Біз тығылып қалайық.

Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан түлкі шыға келіп: 
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
Бауырсақ: жемеші, мен саған өлең айтып берейін
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен де құтылу 
Қиын емес бұл маған!   
Түлкі : Оңай құтыла алмасың, менің тапсырмамды орында, саған бір тапсырма айтсам, сен оны орындасаң мен сені жемеймін.

Балалар: Тезірек айтшы

Түлкі: Ол мына қағазда жазылған.

Тәрбиеші: Түлкі сенің тапсырмаңды оқиын.

Мына адасқан құйма бөлшектерін рет-ретімен қояйық.

  Түлкі бауырсақты бас сап жейін деп жатқанда, балалар айғайлап жібереді. 
Балалар: Жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларыңды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді. 
Түлкі ештеңе істей алмай жөніне кете береді. 
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді. 
Қорытындылау: 
Тәрбиеші: Міне, балалар сендер, білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында бауырсақты құтқардыңдар! Бауырсақ сен ақылды бол, ата - әжеңнен қашпа!

- Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Бізге кімдер қонаққа келді?

Балалар: Мұғалімдер, « Бауырсақ»ертегісі

Барлығын бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерді бағалаймын.

Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.05.2019
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі