|
Балалар біз бүгін ертеден келе
жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
-Біз қандай ертегілерді
білеміз?
Шал:
-Әй , кемпірім-ай! Қойманың
түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып
қалар.
Тәрбиеші
Кемпір солай істейді: қойма
түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр
илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы
қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ
терезе алдынан үйдің іргесінен домалап түседі, іргеден көгал үстіне
домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай
жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға
келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені
жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, мен саған
өлең айтып беремін онан да соны тыңда.
Қоян құлағын түреді, ал
бауырсақ әнге басады.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс
ұн жинаған,
Балқаймаққа шылаған, пісіріп
маймен сылаған. Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған! Атайдан да
құтылдым, әжейден де құтылдым. Енді сенен де қашамын –деп қашып
кетеді.
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен
келе жатса, оның алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені
жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, мен саған
өлең айтып беремін онан да соны тыңда.
Қасқыр құлағын түреді, ал
бауырсақ әнге басады.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс
ұн жинаған,
Балқаймаққа шылаған, пісіріп
маймен сылаған. Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған! Атайдан да
құтылдым, әжейден де құтылдым.Қояннан да сытылдым, Қасқыр сенен
құтылу қиын емес –деп қашып кетеді.
Бауырсақ орман ішінде
домалалап келе жатса алдынан аю шығады.
Аю
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені
жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, мен саған
өлең айтып беремін онан да соны тыңда.
Аю құлағын түреді, ал бауырсақ
әнге басады.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс
ұн жинаған,
Балқаймаққа шылаған, пісіріп
маймен сылаған. Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған! Атайдан да
құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, Қасқырдан
да құтылдым. Аю енді сенен де қашамын –деп қашып
кетеді.
Осылай бауырсақ әрі қарай
жөнеледі.
Түлкі
Амансың ба, бауырсақ! Мен сені
жимін жоқ Мен саған өлең айтып беремін
–диді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс
ұн жинаған,
Балқаймаққа шылаған, пісіріп
маймен сылаған. Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған! Атайдан да
құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, Қасқырдан
да құтылдым. Аюдан да сытылдым, түлкі енді сенен де құтылу қиын
емес бұл маған!
Түлкі
-Оңай құтыла алмайсың, менің
тапсырмамды орында.
Түлкі:мен сендерге жұмбақ
жасырамын сендер соны шешсеңдер –диді.
-
Қыста
ақ,
Жазда
сұр
(қоян)
-
Қорбаң –қорбаң
етеді,
Орманда ол
жүреді.
(аю)
Орманда тұрады, өзі
бір
қу,
Жүрген жері
айқай-шу.
(түлкі)
Түлкі бауырсақты бас сап
жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап
жібереді.
Балалар: жоқ, қу түлкі олай
болмайды біз сенің тапсырмаларыңды түгел орындадық. Ен бауырсақты
жей алмайсың деп бауырсақты аман алып
қалады.
Балалар сендерге
ертегі ұнады ма?
|