400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауырсақ ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға ертегі пайдаланамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қуыршақ театр

Тақырыбы: «Бауырсақ».

Мақсаты:Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру. Ертегіні айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік және қуыршақ театры арқылы рөлдерге еніп орындау қабілеттерін дамыту. Диалог түрінде сөйлеуге үйрету. Қолданылатын құралдар: Ширма, бауырсақ ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтары, үнтаспа.


Мотивациялық  қозғаушылық

-Балалар, «Бауырсақ»ертегісін білесіңдер ме ?  
Ертегіні есімізге түсірейікші.Ертеде шалмен кемпір болыпты,шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды.Кемпір бауырсақ пісіріп,суысын деп терезе алдына қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ,терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі.Жолда қоянға,қасқырға,аюға кездеседі,түлкі бауырсақты жеп қояды.Міне балалар,бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. 
-Түлкі қандай? 
-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? 
Ал, енді бүгін «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды,керісінше жақсылыққа кенеледі.Олай болса, «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық. Балалар рөлдерге бөліп ойнап көрейік. 


«Бауырсақ»ертегісін тамашалаңыздар. 
Тәрбиеші: 
-Кемпір мен шал болыпты.Бірде шал жалынып. 
Шал: 
-Кемпір-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір: 
-Неден пісірейін?Ұн жоқ қой! 
Шал: 
Әй,кемпір-ай!Қаптың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші: 
Кемпір солай істейді,қаптың түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытып қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян: 
-Бауырсақ!бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
- Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем. 
-Мен бауырсақ,бауырсақ, 
Атамнан қаштым, 
Әжемнен қаштым. 
Ал сенен қашу,қоян, 
Қиын емес маған. 
Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі. 
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп 
Қасқыр: 
-Бауырсақ! Бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін. 
-Мен бауырсақ,бауырсақ, 
Мен атамнан қаштым, 
Әжемнен де қаштым, 
Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі. 
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған аю қарсы шығады. 
Аю: 
- Әй,бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін. 
-Менен бауырсақ,бауырсақ, 
Мен атамнан қаштым, 
Мен әжемнен қаштым. 
Қояннан да қаштым, 
Қасқырдан да қаштым, 
Аю сенен де қашам. 
Тәрбиеші: 
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 
Түлкі: 
- Амансыңба,бауырсақ! Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы! 
Тәрбиеші: 
- Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей,жақындай береді. 

Түлкі: 
-Оңай құтыла алмайсың,менің тапсырмаларымды орындап, жұмбақтарымды шешіп көріңдер,сені жемеймін. 
Жұмбақтар 
1.Қыста ақ, 
Жазда сұр. (Қоян )
2.Қорбаң-қорбаң етеді, 
Орманда ол жүреді. ( Аю)

3. Қаңғырамын үйім жоқ, 

  Ауылдардың қойы көп.

Ұрлық,зорлық кәсібім,  

  Тамақтанар-нәсібім. (Қасқыр)
1 тапсырма 
-Бауырсақ неден жасалады? 

-Ұннан жасалады.
-Ұннан жасалатын тағамдар ? 
-Бауырсақ,нан,торт,печенье. 

2 тапсырма 

-Балалар, сендер маған достық туралы ән орындап бересіңдер ме? 
-Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін,сенің достарың көп екен.
Рефлексиялық түзетушілік: 

-Жарайсыңдар,балалар. 
-Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі? 
-Түлкі қандай? 
Балалардың жауабы 
-Қоян 
-Қасқыр 
-Аю 
-Айлакер,қу. 

-Жарайсыңдар, балалар!

Бүгінгі қуыршақ театрынан ертегіні сендер жақсы сомдай білдіңдер. Рахмет сендерге!

Күтілетін нәтиже: 
Біледі: Балалар жағымды,жағымсыз қасиеттерді айыра білуді. 
Түсінеді:ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің мінез-құлқын.

Игерді: Диалог түрінде сөйлеуді, кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағына келтіре айтуды.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1066
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі