400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бауырсақ" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Күні:15.02.2019.

«Бауырсақ» ертегісі

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісін сахналау.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін

қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді

түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын

арттыру.

Бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Автор сөзі: Ерте-ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Шалы бір күні кемпіріне:

Шал:- Кемпір, кемпір, маған бауырсақ пісіріп берші.

Кемпір: - Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.

Шал: - Әй кемпірім – ай! Сен қамбаны сыпырып қуыс – мүйісін қырна

осылайша қалған – құтқан ұнды жинап, елеуішпен елеп бауырсақ пісіріп берші.

Кемпір:- Жарайды

Автор сөзі:  Кемпірі қалақша қолға алыпты, қамбаның түбін қағыпты, елеушпен елепті, табақшаға салыпты, екі уыс ұн болыпты. Қаймаққа ұнды илепті, дөңгелектеп алыпты, ыстық майға салыпты, Бауырсақты піскен соң, атай баппен жейді деп, суытуға қойыпты.

Бауырсақ суып жатыпты, жатып ойға батыпты, қашайын деп осы үйден, бір ойға нақ бекіпті. Жақтаудан түсті сәкіге, сәкіден түсті еденге, табалдырықтан секіріп, жетіп барды сенекке. Сенектен сыртқа беттеді, аулаға шығып кетеді, аулаға шығып алған соң, домалап соқпақ жолменен, ұзай-ұзай кетеді.

Автор сөзі: Жол бойымен домалап, келе жатса бауырсақ, қарсы алдынан тап келді, ұзын құлақ Қоянақ. Сонда қоян Бауырсаққа:

Қоян: – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: – Жей көрме мені, Қояным, ән айтып берейін .

Қоян: – Жарайды, ендеше, айта ғой.

Автор сөзі:  Бауырсақ әндете жөнеледі.

Бауырсақ:- Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қоян сенен құтылу,

Қиын емес – бұл маған!

Автор сөзі: Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңқау қоян аңырып тұрып қалды.

Бауырсақ зыр домалап жөнеледі, зыр домалап Бауырсақ келе жатса, алдынан Сұр қасқыр кездеседі.

Қасқыр: – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: – Сұр қасқыр, мені жемеші, ән салып берем, тыңдашы

Автор сөзі: Бауырсақ әндете жөнеледі.

Бауырсақ: - Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқыр сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Автор сөзі: Бауырсақ ары қарай домалады, аңырып сұр қасқыр жолда қалды .

Домалап Бауырсақ тағы жөнеледі, алдынан аю сонда кез келеді:

Аю: – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін

Бауырсақ: – Жей көрме, Аю атайым, тыңдашы саған ән айтайын,

Автор сөзі: Бауырсақ әндете жөнеледі.

Бауырсақ:- Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аю сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Автор сөзі: Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңырып Аю маймақ жолда қалды.

Бауырсақ домалаумен келе жатты, осылай талай-талай белден асты, домалап жол үстінде келе жатса, қу Түлкі жылмаң етіп келе қапты.

Түлкі: – Бауырсақ, домалап қайда барасың?

Бауырсақ: – Жол жүріп кетіп барамын.

Түлкі: – Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеп қоям!

Бауырсақ: – Жемеші, Түлкі, ән салып берем мен саған!

Автор сөзі: Бауырсақ сонда:

Бауырсақ:- Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,

Түлкі сенен құтылу,

Қиын емес – бұл маған!

Түлкі: – Әнің жақсы-ақ, Бауырсақ, нашар еді бұл құлақ, тұмсығыма шығып ап, айтып берші қайталап, дауыстап бір қаттырақ.

Автор сөзі: Мақтағанға мәз болды, тұмсығында Түлкінің, Бауырсақ солай ән салды.

Бауырсақ:- Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,

Түлкі сенен құтылу,

Қиын емес – бұл маған!

Түлкі: – Тамаша екен үнің де, тағы бір рет айтшы тыңдайын, отырып алып тілімде!

Автор сөзі: Бауырсақ Түлкінің ойын түсінбеді, ойланбастан тіліне секіреді, «Ап!», - дегенде Бауырсақ қу Түлкінің, Азуында әп сәтте күтірледі. Мақтаншақтық – жақсы емес ей, балалар,деген оймен бітірдік ертегіні.








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі