400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауырсақ ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қатынас» білім беру саласы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ» орыс халық ертегісі.

Мақсаты: Ертегі, әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сахналау, көрнекілік, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Қолданылған көрнекі құралдар: безендірілген орман көрінісі, бауырсақ ертегісінің кітабы немес суреттері, ертегі үйшігі, пеш, қамырдан дайындалған бауырсақ, бөренелер.

Қостілділік компонент: Бауырсақ-колобок

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық –

қозғаушылық кезеңі

Тәрбиешінің балаларды оқу іс-әрекетіне ұйымдастыруы. Жылулық шеңбері:

Бақшамызға барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен!

«Сәлеметсіз бе! Здраствуйте! Good moning!» деймін мен.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Балалар біз қандай ертегілерді өтіп едік, еске түсірейікші кәне. Осы кезде қолына кітап ұстаған қуыршақ

Айсана қонаққа келеді.

Шеңбер бойына тұрып бәрі өлең жолдарын қайталайды.




Шалқан, Бауырсақ, Шұбар тауық т.б






Ұйымдастырушылық

Ізденіс кезеңі













































-Балалар, сәлеметсіздер ме? Мен қуыршақ Айсанамын. Мен жолда мына кітапты тауып алдым, бірақ бұл не кітап екенін білмеймін. Сендермен бірге оқып, білгім келеді. (кітапты тәрбиешіге береді).

-Балалар, қуыршақ Айсанаға көмектесеміз бе?

Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тапсаңдар бұл кітап жайында білетін боласыңдар.

Өзі қып-қызыл боп піседі

Күнге ұқсас келеді Ол не?

-Дұрыс айтасыңдар. Бауырсақтың орысшасы қалай?

Бауырсақ ертегісін қуыршақ Айсанаға айтып береміз бе? Ендеше балалардың рөлге бөлініп ойнаулары арқылы, «Бауырсақ»

Автор: тәрбиеші

Әже-Айару

Ата-Имран

Бауырсақ-Әсемай

Қоян-Мадияр

Қасқыр-Ерхан

Аю-Нұрислам

Түлкі-Төле

«Бауырсақ» ертегісінің қойылымы.

Автор: Ерте, ерте ертеде. Ертегілер елінде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні ата әжеге былай депті.

Дейді. Сонда кемпірі шалына былай деп жауап береді.




Дейді. Сонда шалы:




Деп жауап береді. Кемпірі қаптың түбін қырып, орнын сыпырып ұн жинап оған қаймақ қосып шылап, ыстық майға қпісіреді. Қып-қызыл боп піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды. Терезе алдына қойған бауырсаққа жан бітіп, қозғала бастайды. Отыра, отыра ол терезеден жерге, жерден шалғынға, шалғыннан орманға секіріп домалай кетеді. Домалап келе жатса, алдынан қоян шығады. Қоян бауырсаққа былай дейді.






Сонда бауырсақ қоянға былай дейді.














Деп, қояннан қашаып кетеді. Қоян болса, өз жолында қала береді. Домалап келе жатса алдынан қасқыр кезедеседі. Қасқыр бауырсаққа былай дейді.





Сонда бауырсақ қасқырға былай дейді.















Деп қасқырадан да қашып кетеді. Қасқыр болса жол бойында қала береді. Домалап келе жатса, алдынан аю шығады. Аю бауырсаққа былай дейді.




Сонда бауырсақ аюға былай дейді.

















Деп одан да қашып кетеді. Домалап қашып келе жатса майысып қулана келе жатқан түлкіні көреді. Түлкі бауырсаққа былай дейді.




Деп жатқанда бауырсақ түлкіге былай дейді.







Дейді. Сонда түлкі.!






Осылайша түлкі ақылды болып, бауырсақты үйіне жіберіпті. Орман аңдары барлығы достасып бауырсақпен ән айтыпты.

Ән: «Дос болайық бәріміз!»

Тәрбиеші: «Бауырсақ» ертегісінде

Атаның рөлін ойнаған-

Оның аты Имран

Әженің рөлін ойнаған-Айару

Бауырсақтың рөлін ойнаған- Әсемай

Қоянның рөлін ойнаған-Мадияр

Қасқырдың рөлін ойнаған-Ерхан

Аю рөлін сомдаған

Оның аты Нұрислам

Түлкі қу ғой өте

Оның ойнады Төле.

Қуыршақ Айсана міне, сен тауып алған ертегі осындай. Ертегі ұнады ма ,балалар?

Қуыршақ Айсана:

Балалар, рахмет. Мен бауырсақ ертегісін білетін болдым. Ал енді үйіме қайтайын анам іздеп жатқан болар. Сау болыңдар!

Қуыршақпен амандасады




Иә, көмектесеміз





Бауырсақ


Колобок


Иә, айтып береміз














Имран: Әй, кемпірім-ай маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.

Айару: Шал-ау ұннын біткені қашан. Мен саған бауырсақты неден жасап беремін.

Имран: Ана қаптың түбін қырып, орнын сыпырсаң біраз ұн жиналар. Содан маған бауырсақ пісірсеңші.










Мадияр:

Орман кезіп келемін

Азық іздеп жүр едім

Түстің қолға бауырсақ

Енді сені мен жеймін.

Әсемай: Мені қоян жемеші, өлең айтып берейін.

Мен бауырсақ, бауырсақ

Қырып салып, ұн жинап

Қаймақ қосып шылап

Ыстық майға қуырып

Терезе алдына қойды суытып

Отырдым мен ерігіп

Терезеден секіріп

Атамннан қаштым

Әжемнен де қаштым

Ал, сенен қашу қоян

Қиын емес, маған



Ерхан: Ей, ауырсақ, бауырсақ

Тәттісің сен білемін

Жеймін сені қазір мен

Қайдан қашып келесің?

Әсемай: Қасқыр мені жемеші, өлең айтып берейін.

Мен бауырсақ, бауырсақ

Қырып салып, ұн жинап

Қаймақ қосып шылап

Ыстық майға қуырып

Терезе алдына қойды суытып

Отырдым мен ерігіп

Терезеден секіріп

Атамннан қаштым

Әжемнен де қаштым

Қояннан да қаштым

Босқа тұрсам ұтылармын

Қасқыр сенен де құтылармын



Нұрислам:

Кезігіпсің сен маған

Тамақ іздеп жүргенде

Ал, бауырсақ мен сені

Аузымды ашып жеймінде

Әсемай: Тоқтай тұр аю, мені жемеші. Өлеңімді тыңдашы оданда.

Мен бауырсақ, бауырсақ

Қырып салып, ұн жинап

Қаймақ қосып шылап

Ыстық майға қуырып

Терезе алдына қойды суытып

Отырдым мен ерігіп

Терезеден секіріп

Атамннан қаштым

Әжемнен де қаштым

Қояннан да қаштым

Қасқырдан да қаштым

Аюға келді кезек

Одан да қашу керек



Төле:

Қайда кеттің домалап

Тұра тұршы бауырсақ

Ұстап алып мен сені

Жеп қояйын бауырсақ

Әсемай:

Түлкі мені жемеші

Өтінемін күлмеші

Атам менен әжеме

Мені оданда жіберші

Сен мені емес, менен тәтті мына тоқашты жеші

Төле: Жарайды сені атаң мен әжеңе жіберемін. Енді үйден рұқсатсыз кетіп жүрме, әйтпесе жеп қоямын. Балалар сендерде рұқсатсыз кетіп қалмаңдар.




Достасып ән шырқайды.





Ертегі кейіпкерлері ортаға шығады







Иә, ұнады.




Қуыршақпен қоштасады



Рефлексиялық- ізденіс

кезеңі

Жылулық шеңберіне жинап оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

-Балалар бүгін қонаққа кім келді?

-Оған қандай ертегіні сахналап бердік?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Жарайсыңдар, балалар бүгін сендерге ризамын. Ендеше келген қонақтармен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау, саламат болайық!



-Қуыршақ Айсана

-Бауырсақ ертегісін

Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегі мазмұнын, кейіпкерлерін біледі.

Игереді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп, сахналауды

Меңгереді: Сөзді, сөйлемді толық айтуды,кейіпкерлердің мінез –құлық әрекеттері бойынша сөйлеуді меңгереді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі