400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бауырсақ" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ертегі желісі бойынша мазмұндату және рөлге бөлініп ойнауларын жетілдіру.Кейіпкерлердің мінез-құлқын сомдай білу шеберліктерін жетілдіру.Ертегіге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1




Айнаш Сәкенқызы Таурбаева
Жоғары санатты тәрбиеші,
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы
№12 «Арай» бөбектер бақшасы

Тақырыбы:«Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты:Балаларды ертегі желісі бойынша мазмұндату және рөлге бөлініп
ойнауларын жетілдіру.Кейіпкерлердің мінез-құлқын сомдай білу
шеберліктерін жетілдіру.Ертегіге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Көрнекілік:Фланеграф театры
Барысы:
Автор:Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне:
Маған бауырсақ пісіруп берші,-дейді.
Кемпір: -Неден пісіремін? Үйде ұн жоқ.
Шал:Сен қаптың түбін қырып,сыпыр.Содан біраз ұн жинап пісір,-дейді.
Автор:Кемпір шалының айтқанын істейді: қаптың түбіндегі қалдық
ұндарды қырып,сыпырып бір уыстай біраз ұн жинап алады,қаймаққа
илепті. Пешті жағып,табасына майын құйып, қуырып бауырсақ пісіре
бастайды. Бауырсақ тегіс домалақ,сырты қызарыңқырап әдемі болып
піседі.шал оны бірден жегісі келеді,бірақ бауырсақ ып-ыстық еді. Қолы күйе
бастайды.Сосын кемпір бауырсақты суытуға терезенің алдына қояды.
Бауырсақ болса,бір өзі жатып-жатып,іші пысып жалығып кетеді.Сөйтіп
бауырсақ домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан
жерге,жерден шөпке,шөптен ауладан сыртқа шығып, жолға түсіп әрі
қарай домалай береді, домалай береді. Осылай домалаған күйі қалың орман
келіп,тіреледі. Орманда оған қоян кездеседі.
Бауырсақ: Ой,ұзын құлағың бар,сен кімсің?
Қоян: Мен қалқанқұлақ қоянмын,бауырсақ сен қандай дәмдісің,мен сені
жеймін.


Page 2

Бауырсақ:-Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам.
Мен атадан қаштым,мен апамнан қаштым,мен қоян сенненде қашам,-деп
Автор:Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр
жолығады.
Бауырсақ: Ой сәлеметсіз бе!Сен кімсің тістерің сондай үлкен екен?
Қасқыр: Сәлеметсің бе! Мен қасқырмын.Қарным ашып тұр еді.Сенің иісің
қандай дәмді.мен сені жегім келіп тұрғаны.
Бауырсақ:-Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің
атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде
суығам. Мен атадан қаштым,мен апамнан қаштым,мен қояннан қаштым,мен
қасқыр сенненде қашам,-деп домалап кете барады.
Автор:Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе!Ал сен кімсің?Қандай үлкенсің?
Аю:Мен қорбаңбай аюмын.
Бауырсақ: Ал мен бауырсақпын.
Аю:- Бауырсақ, Бауырсақ! Ендеше мен сені жеймін! Сен сондай дәмді иіс
шығып тұр.
Бауырсақ: -Аю, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. -
Мен атадан қаштым,мен апамнан қаштым,мен қояннан қаштым, мен
қасқырдан қаштым,мен аю сенненде қашам.
Автор:Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.Бауырсақ
домалағаннан домалап келе жатса оған
Түлкі жолығады:
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе! Сен кімсің? Қандай әдемісің?
Түлкі: Мен Түлкі деген апайың боламын.
Бауырсақ: Мен жаңа піскен бауырсақпын.
Түлкі:Бәсе,сондай дәмді иіс шығып тұр? Жегім келіп тұрғаны,-дейді күліп
алдап.
Бауырсақ:- Түлкі , сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің
атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде
суығам. Мен атадан қаштым,мен апамнан қаштым,мен қояннан қаштым, мен
қасқырдан қаштым,мен аюдан қаштым.Мен Түлкі сенненде қашамын.
Түлкі:Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен
менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
Автор:
Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін
айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.
Бауырсақ:
- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме
барайық. Олар сені тойғызады.
Автор:


Page 3

Түлкі келіседі.Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп
алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға
орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған
қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады




Page 4









Page 5




Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 маусым
248
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі