«Бауырсақ» ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бауырсақ» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Қазақ тілі Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Сабақтың мақсаты: Балаларға бауырсақ ертегісі туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Сөздік жұмыс:Бауырсақ, қоян, аю, түлкі,дөңгелек,сары.
Музыка әуенімен балалардың топқа кіруі.
Шаттық шеңбері:
Сәлем саған алтын күн! Сәлем саған көк аспан! Сәлем саған туған жер! Сәлем саған мен!
Мұғалім: Балалар біз бүгін сендермен «Бауырсақ»ертегісін қорытындылаймыз.(Топқа музыка әуенімен бауырсақтың кіруі). Бауырсақ:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мені таныдыңдар ма? Балалар:Бауырсақ. Бауырсақ:Дұрыс балалар,мен бауырсақпын.
Мұғалім:Сен бауырсақ бұнда не істеп жүрсін? Бауырсақ:Мен атам мен апамнан қашып келдім.Артымнан қоян қуып келе жатқасын осы топқа кіріп кеттім. Музыка әуенімен топқа қоян кіреді. Қоян:Салеметсіңдер ме,балалар!Менің кім екенімді таныдыңдар ма? Балалар:Қоян. Қоян:Жарайсыңдар балалар,мен қоянмын. Мұғалім:Сен қоян бұнда не істеп жүрсін? Қоян:Мен бауырсақтың артынан қуып келдім.Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін! Бауырсақ:Жоқ,жоқ сен мені жеме.Біз балалармен саған тақпақ айтып береміз. Тақпақтың орындалуы:

Ұзын құлақ,сұр қоян. Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қоян:Рахмет,балалар!Сендер маған тақпақ айтып берген үшін мен бауырсақты жемеймін.Сау болыңдар балалар! Музыка әуеніне аю кіреді. Аю:Салеметсіңдер ме,балалар!Менің кім екенімді таныдыңдар ма? Балалар:Аю Аю:Жарайсыңдар балалар,мен аюмын.Тәрбиеші:Сен аю бұнда не істеп жүрсін?Аю:Мен бауырсаққа келдім.Бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ:Жоқ,жоқ аю сен мені жеме.Біз балалармен саған тақпақ айтып береміз. Тақпақтың орындалуы: Аю,аю тұршы Бетінді жушы. Ашынды тарашы Айнаға қарашы. Аю:Рахмет,балалар!Сендер маған тақпақ айтып берген үшін мен бауырсақты жемеймін.Сау болыңдар балалар!
Музыка әуеніне түлкі кіреді.
Түлкі:Салеметсіңдер ме,балалар!Менің кім екенімді таныдыңдар ма? Балалар:Түлкі Түлкі:Жарайсыңдар балалар,мен түлкімін.Тәрбиеші:Сен түлкі бұнда не істеп жүрсін? Түлкі:Мен бауырсаққа келдім. Мұғалім:Бауырсақ бұнда жоқ. Түлкі:Балалар егер бауырсақтын қайда екенін айтсаңдар мен сеңдерге сыйлық беремін. Мұғалім:Түлкіжан мен саған айттым емес пе,бұнда бауырсақ жоқ.Қане балалар,айтыңдаршы: Балалар:Жоқ. Түлкі:Жарайды балалар деп топтан ренжіп кетіп қояды. Бауырсақ:Рахмет балалар!Сендер мені құтқарған үшін мынау менің сендерге арналған сыйлығым.Сау болыңдар,балалар! Мұғалім:Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Балалар:Иа Мұғалім:Бауырсақтың түсі қандай?
Балалар:Сары.
Мұғалім: Бауысақтың пішіні қандай?
Балалар: Домалақ, шеңбер.

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар!Біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2021
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі