"Бауырсақ" ертегісі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бауырсақ" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды «Бауырсақ» ертегісімен таныстыруды жалғастыру, кейіпкерлерін ажыратуға үйрету;Танымдық тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; ұсақ қол моторикасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды «Бауырсақ» ертегісімен таныстыруды жалғастыру, кейіпкерлерін ажыратуға үйрету;Танымдық тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; ұсақ қол моторикасын дамыту.

Шаттық шеңбері:

Біз кішкентай баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.



Тәрбиеші:

Балалар, мен сендерге бүгін тосынсый жұмыртқа дайындап келдім. (Киндер-сюрпризді көрсетеді.)

Балалар алдарыңда не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Жұмыртқа

Тәрбиеші: Жұмыртқаның түсі қандай?

Блалар: Ақ

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қалай ойлайсыңдар, ішінде не бар екен? Ашып көрейікші...

(Балалар жұмыртқаны ашып ішінен бауырсақты алып шығады.)

Тәрбиеші: Балалар ішінен не шықты?

Балалар: Бауырсақ

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай екен?

Балалар: Дөңгелек

Тәрбиеші:

Міне, тосынсый жұмыртқа ішінен бауырсақ шықты. Бұл жай бауырсақ емес – бұл ертегі бауырсағы! Олай болса балалар біз қазір бауырсақ ертегісін тыңдайық. Тыңдайсыңдар ма?

Балалар: Ия




(Содан кейін ертегіні бастау – суреттермен көрсету.)



Тәрбиеші: Бір күні атасы мен әжесі болыпты. Атасы әжесіне келіп менің қарным ашып тұр маған бауырсақ пісіріп берші диді. Сөйтіп әжесі үйде үн жоқ неден пісіремін депті. Атасы қаптың түбінде бір ғана бауырсаққа жететіндей үн бар. Сен маған содан пісіріп бер депті. Әжесі жақсы деп, атасына бауырсақ пісіріп беріпті. Балалар қараңдаршы әжесі пісірген бауырсақ осындай дөңгелек болып шықты ия. Бауырсақ ыстық болған соң суысың деп терезенің алдына қойыпты. Терезенің алдына қойып қойған бауырсақ іші пісіп, оңға қарап, солға қарап, терезеден секіріп орманға қарай қашып кетіпті.

Тәрбиеші: Балалар бауырсақ орманға қашып кеткен екен. Жолда оған әртүрлі аңдар кездеседі.

(Бауырсақ жолға шығады – суреттер жылжытылып қойылады)

Бауырсақ жолда қоянды кездестіреді.

Қоян:

Бауырсақ, мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

Жоқ, жеме! Мен саған ән айтып берем!

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Дөңгелекпін, тәтті-ақ.

Атам мені илеген,

Апам мені пісірген.

Терезеде суытып,

Мен қашып кетіп ем!

Қоян тыңдап, таң қалып,

Бауырсақты жіберіп қояды.

Солай бауырсақ қасқырмен, аюмен кездеседі,

Бәрі жегісі келеді, бірақ ол бәріне әнін айтып, қашып кетеді.

Тәрбиеші: Бауырсақ барлығынан құтылып қашып келе жатқанда алдынан кім шығады?

Балалар: Түлкі



( Тосынсый арқылы түлкі ішке кіреді.)



Түлкі: Бауырсақ мында жүр екен ғой исі осы жерден шығып жатыр екен. Бауырсақ мен сені жеп қоям.

Тәрбиеші: Жоқ, түлкі бауырсақты жеме.

Түлкі: Егер бауырсақты жемесем орнына не бересіңдер?

Тәрбиеші: Айтқаныңды жасаймыз тек бауырсаққа тиіспе.

Түлкі: Олай болса менің тапсырмаларымды орыңдаңдар

(Түлкі балаларға тапсырма береді.)

Түлкі:

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы түлкі бізге бірнеше тапсырма беріпті. Ендеше балалар кеудеміздің оң жақ түсындағы суреттерге қарап әрқайсысың өз орындарына отырып тапсырманы орындайсыңдар:


( Барлық тапсырмалары орындалған соң, балалар қайта шеңберге жиналады.)

Түлкі:

Сендер өте ақылды, шығармашыл балаларсыңдар!

Мен бауырсақты жемеймін. Керісінше, бірге ән айтып достасқым келеді!

Тәрбиеші: Балалар біз түлкімен бірге сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті: «Балақан»

Тәрбиеші:Түлкі біздің балалар сенің берген бірнеше тапсырмаңды орындап шықты. Енді сен бізге уәде бергенди бауырсаққа тиіспе. Оданда мен саған үйден пісірген бауырсағымды берем.

Түлкі: Ой рахмет мына бауырсақтың исі қандай керемет.

(Түлкі балаларға алғыс айтып, қоштасады.)

Қорытынды

Тәрбиеші: Ал, балалар ертегіні қортындылайықшы. Бауырсақ кімнен қашты?

Балалар: Ата-әжеден, қояннан,аюдан, қасқырдан қашты

Тәрбиеші: Соңында кім келді ?

Балалар:Түлкі

Тәрбиеші: Соңында біз түлкінің тапсырмасын орындап түлкімен дос болдық. Бауырсаққа көмектестік. Ертегіміз жақсылықпен аяқталды.

Ең бастысы — ертегі тыңдай отырып, бір-бірімізге көмектесуді, достықты, сыпайылықты үйрендіңдер. Бұл – нағыз ақылды балаға тән қасиет.

Бағалау:

Тәрбиеші әр баланың белсенділігін атап өтеді, мадақтау сөздер айтады ("Жарайсың!", "Өте жақсы!", "Ақылды бала екенсің!")

Қоштасу:

Ал енді бәріміз орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасайық.






























Келісілді Бекітемін

62 «Нұрсәуле» б/б әдіскері №62 «Нұрсәуле» б/б меңгерушісі Каирбекова Г.Т _________ Касенова А.З _________ «__ »_________2025 жыл «___» _________2025 жыл














Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»

Кіші «Раушангүл» тобы














Тәрбиеші: Қ.У Набиева














Астана, 2025

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2025
44
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі