400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауырсақ ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегілер туралы түсінік беру . Ертегі кейіпкерлерін ойнай отырып , баланың қиялы мен қабілетін жетілдіру . Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру .Өзара сыйласып , достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бауырсақ» ертегісі.

Мақсаты:Балаларға ертегілер туралы түсінік беру . Ертегі кейіпкерлерін ойнай отырып , баланың қиялы мен қабілетін жетілдіру . Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру .Өзара сыйласып , достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті . Бір күні шал кемпіріне :

-Маған бауырсақ пісіріп берші ,-дейді .

-Неден пісіремін ? Көп болды үйде ұн жоқ .

-Әй кемпірім-ай . Сен қамбаны сыпырып , қуыс-мүйісін қырна осылайша қалған-құтқан ұнды жина .

Кемпір шалының айтқанын істейді . Қамбаны сыпырып , қуыс-мүйісті қырнап әзер дегенде екі уыстай ұн жинап , оны қаймаққа илеп , бауырсақ жасайды . Пешін жағып , табасына майын құйып , бауырсақты пісіруге қояды . Көп , аз уақыт өткені белгісіз үй ішін тәтті нан иісі алып кетеді .

Бауырсақ –тегіс домалақ , сырты қызаңқырап әдемі болып піседі .

Шал оны бірден жегісі келеді , бірақ бауырсақ өте ыстық еді . Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдына қояды .

Бір өзі жатып-жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп , жерден шөпке , шөптен жолға түсіп әрі қарай домалай жөнеледі .

Бауырсақ домалай отырып , көк майсалы жерлерден , кең далалы егістіктерден өтеді . Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп тіреледі . Орманда оған қоян кездеседі .

Қоян айтады :

-Бауырсақ , бауырсақ .Мен сені жеймін .

Бауырсақ оған былай жауап береді :

-Мен атамнан , әжемнен кеткен бауырсақпын , сенен қоян кетуге аса қулықтың қажеті жоқ . Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі , қоян оны дұрыс қарапта үлгермей қалады .

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса , оның алдынан қасқыр шыға келіп :

-Бауырсақ , бауырсақ , мен сені жеймін .

-Қасқыр сен мені жеме , одан да мені тыңда .

Мен атамнан , әжемнен , қояннан кеткен бауырсақпын , мен қасқыр сенен де кетемін .Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі .

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

-Бауырсақ , бауырсақ , мен сені жеймін .

-Жоқ , аю , сен мені жеме , одан да мені тыңда .

Мен атамнан , әжемнен , қояннан , қасқырдан кеткен бауырсақпын , аю сенен де сенен де кетемін . Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

-Бауырсақ домалап келе жатса , алдынан түлкі шығып :

-Бауырсақ , бауырсақ , мен сені жеймін . Түлкі , сен менің не айтатынымды тыңда . Оған қу түлкі былай дейді :

-Мен сенің айтқаныңды тыңдар едім , қазір қартайып , құлағымның естуі нашарлап жүр , менің тұмсығыма отыр да , айта ғой .

Түлкінің тұмсығына отырып бауырсақ әңгімесін бастайды .

-Мен атамнан , әжемнен , қояннан , қасқырдан , аюдан кеткен бауырсақпын , түлкі сенен де кетемін . Осыны айтып үлгергені сол-ақ екен түлкі аузын ашып , тістерін ақситып , бауырсақты жұтып жібереді .

Осымен ертегі аяқталады . Ертедегі бауырсақ қаншама қумын десе де , одан да қу табылады .






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.01.2026
22
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі