“Бауырсақ “ертегісі
желісімен – тренинг
Ертеде бір кемпір мен шал болыпты.
Олардың балалары болмаған екен. Бір
күні шалы кемпіріне бауырсақ пісіріп
беруді өтінді. Кемпірі қаптың түбін
қақты, ыдыстың түбін қырды, сөйтіп бір
бауырсақ пісірді.
1 өсиет: отбасын толықтыру мәселесіне
саналы қарап, дұрыс жоспарлаған маңызды.
Сонымен қаптың түбін қағып,
ыдыстың түбін қырып, бір бауырсақ
пісірді. Оны терезенің алдына суытуға
қойды. Ал бауырсақ болса , терезеден
домалап түсіп, қаша жөнелді.
2 өсиет: Балаларды қараусыз қалдыруға
болмайды.
Бауырсақ жолмен домалап
келеді, домалап келеді. Алдынан қоян,
аю, қасқыр шығады.
3 өсиет: балаңызды қоршаған ортамен
қарым – қатынас жасауға үйретіңіз.
Бауырсақ олардан құтылып, ары қарай
домалап кете береді. Сол кезде алдынан
түлкі шығады.Ол мейірімді, жұмсақ та,
жағымды сөйлейді. Ол өте қу.
4 өсиет: балаңызға жақсылық пен жамандықтың
не екенін, кейбір адамдардың ниетін
тани білуге үйреткен өте маңызды.
Бауырсақты алдап түсіріп, түлкі оны жеп
қойды.
5 өсиет: баланы өмірдің әртүрлі
қиындықтарынан намыс пен абыройын
сақтап, өміріне қауіп төндірмей шыға
алуға үйрету керек.
Тәрбиелеу дегеніміз – баланың ақыл
– парасаты мен жүрегіне жаныңды сала
отырып тәлім беру. Балаға үйде, жолда
да құлағына жақсы тәлімді құйып отырған
маңызды. Ата –ананың қолдары бос болмаса
да, баласымен бірге уақыт өткізіп, оған
көңіл бөлгені дұрыс. Әңгімелесіп, пікір
алысу арқылы оның қиындықтары мен
мәселелерін, не мазалайтынын біліп
алуға болады.
Ата –анаға арналған 10 өсиет
Януш Корчак
1. Балаң дәл өзің сияқты немесе дәл сен
қалағандай болады деп күтпе. Оған сенің
тұлғаңды қайталауға емес, өзінше жеке
тұлға болуына көмектес.
2. Балаң үшін әрбір
жақсылығыңның құнын талап етпе. Сен
оған өмір бердің, ол ризашылығын қалай
көрсете алады? Балаң басқаға өмір береді,
ол өз кезегінде үшінші біреуге өмір
береді, осылай жалғаса береді, бұл
ризашылықтың қайтарылмас үрдісі болады.
3. Ешқашан ашуыңды баладан алма,
қартайғанда нәтижесін көресің. Өйткені
“не ексең, соны орасың”.
4. Балаңның мәселелеріне немқұрайды
болма. Өмір әркімнің өз мүмкіндігіне
қарай беріледі, балаңның да дәл сенікіндей
өз қиындықтары бар екеніне сенімді
болсаң болады, мүмкін оған саған қарағанда
қиынырақ шығар, өйткені оның әлі
тәжірибесі аз.
5. Балаңды кемсітпе !
6. Ұмытпа, адам үшін маңызды
кездесулер - бұл баласымен болған
кездесулер. Оларға көбірек көңіл бөл –
баланың кім болатынын ешқашан алдын
ала білмейміз.
7. Балаң үшін бір нәрсе істей алмасаң,
өзіңді қинама. Тек, қолыңнан келіп тұрып,
бірақ ешнәрсе істемеген болсаң, онда
қина. Есіңде болсын, егер қолыңнан
келгенін істемеген болсаң, онда балаң
үшін істегенің жеткіліксіз.
8. Бала –өміріңді түгелдей жаулап
алған жауыз емес. Ол ет пен сүйектен
тұратын ұрпақ қана да емес. Бұл саған
сақтау үшін және шығармашылық отты
дамыту үшін Өмірдің берген бағалы сыйы.
9. Бөтен баланы да сүйе біл. Өз балаңа
басқалардың жасағанын қаламайтын істі,
басқа балаға жасама.
10. Өз балаңды қандай болса да сүй -
талантсыз болса да, жолы болмаса да,
есейіп кетсе де. Онымен қарым - қатынас
жасай отырып – қуан, бала деген әзірше
сенімен бірге жүрген мереке!