жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Бауырсақ "ертегісі мүсіндеу сабағы
Тақырыбы:
Бауырсақ
Мақсаты:
Слайдтағы суреттер бойынша ертегілерді
еске түсіріп, тұзды қамырдан бауырсақтың
қалай жасалатынын түсіндіру. Мүсіндеу
әдіс - тәсілдерін пайдалану арқылы
алақан арасына салып дөңгелектеу.
Қолдың, алақанның ұсақ саусақ бұлшық
еттерін жетілдіру.
Әдіс - тәсілі:
түсіндіру, жасап көрсету, сұрақ -
жауап
Көрнекілігі: тұзды қамыр (сары
түсті), тақтайша, сүрткіш, алжапқыш,
ертегі кейіпкерлері
Іс - әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің і -
әрекеті
Мотивациялық кезең
Шаттық
шеңбері
Бір шаңырақ астында,
Тату
- тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты
да,
Бірге сайран құрамыз
Жиынға
қатысуы
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
-
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-
Бүгін біз оқу – әрекетімізде бауырсақты
мүсіндейміз.
- Бауырсақ дегеніміз
не?
- Бауырсақты сендер жақсы көресіңдер
ме?
- Бауырсақты сендерге кім пісіріп
береді?
Бауырсақтың жауабы
Тақтамен
жұмыс.
- Балалар, тақтадан сендер не
көріп тұрсыңдар?
- Я, бұл бауырсақ.
Бауырсақтың түсі сары, пішіні домалақ.
-
Балалар, сендерге бауырсақты жасамас
бұрын ертегі айтып берейін.
- Баяғы
өткен заманда атай мен әже болыпты. Бір
күні атай әжейге бауырсақ пісіріп беруін
өтінеді.
Үйде ұн жоқ. Бауырсақты немен
пісіремін?
Әжей қаптың түбін қырып
алып, қаймаққа илеп, майға пісіріп,
терезе алдына суытады. Әбден шаршаған
бауырсақ төмен түсіп, жолға шығып, қаша
жөнеледі. Бауырсақ келе жатып, қоянды
кездестіреді.
- Бауырсақ, мен сені
жеп қомын.
- Жоқ, жемеші. Менің атым
Бауырсақ. Мен аған өлең айтып беремін.
Мені қаптың түүбінен қырып алды. Қаймаққа
иледі. Майға пісірді. Терезе алдына
суытты. Мен атайдан да қаштым, әжейден
де қаштым. Мен қоян сенен де оңай
құтыламын,- деп қаша жөнеледі.
Бауырсақ
қасқырды кездестіреді.
Аюды
кездестіреді.
Түлкіні кездестіреді.
Түлкі бауырсаққа:
- Менің мына құлағым
естімейді. Мұрныма тұрып айтшы?
Сол
кезде бауырсақты түлкі өзінің
айлакерлігімен, қулығымен жеп қояды.
Сөйтіп, бауырсақ түлкіге жем
болады.
Балаларға сұрақ:
-
Балалар, ертегі не туралы?
- Бауырсақты
кім жеп қояды?
- Енді мен сендерге
бауырсақтың қалай жасалатынын
көрсетейін.
Тұзды қамырды сол жақ
алақанымызға салып, оң жақ алақанымызбен
жауып домалақтаймыз.
- Балалар, мен
не жасадым?
- Кәне, «Бауырсақ» өлеңін
айтып жіберейікші?
1. Әжем келді
ауылдан,
Алақай - ау, алақай.
Әжем
бары жақсы ғой,
Қуанышы балақай.
2.
Жан қалтасын ақтарып,
Қос қолымен
уыстап.
Базарлығым балам деп,
Төгіп
жатыр бауырсақ.
Балалардың жұмыс
жасауы.
Жеке баламен жұмыс
Рефлексиялық
кезең
- Сонымен, балалар бүгінгі оқу
іс - әрекетімізде не жасадық?
- Қандай
ертегі тыңдадық?
Мадақтау.
Қорытындылау.
Балалардың пікірі
Күтілетін
нәтиже:
Білуі: Бауырсақ жасаудың
жолын үйренуі;
Игеруі: Ертегі мазмұнын
түсіне білуі;;
Меңгеруі: Тұзды қамырмен
жұмыс жасауды
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Сабақтың тақырыбы: Бауырсақ
Сабақтың мақсаты: Балаларды өнерлі жәнешебер, іскер болуға, ермексазды алақанмен домалақтап, жасауға үйрету. Балалардың мүсіндеуге деген қызығушылығын дамыту; домалақтау, созу тәсілдерінжәне жас ерешеліктеріне қарай жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.Ертегінің тәрбиелік мәнін жеткізе отырып, нанды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың
көрнекілігі:
Ертегі кейіпкерлерініңсуреті, ермексаз,
ермексаздың астына қойғыш, қағаз,
сыйлықтар, қорапша,дидактикалық
материалдар.
Сабақтың
түрі:
Кіріктірілген.
Сөздік
жұмыс:
Ермексаз-пластилин,Қамыр- тесто
Іс-әрекеттің
кезеңдері
Тәрбиеші
әрекеті
Балалар әрекеті
Мотивациялық
ынталандыру кезеңі
Ұйымдастыру,
ізденгіш кезең.
Рефлексиялық
түзету кезең
І.
Ұйымдастыру кезеңі
• Жылулық
шеңбер
- Балаларды жылулық
шеңберіне
тұрғызу.
- Қандай
жақсы бір тұру,
Достарыммен бір
жүру.
Қайырлы күн, Табиғат!
Қайырлы
күн, достарым!
Қайырлы күн,
ұстаздар!
ІІ.
Жаңа сабақ
1.Тосынсый сәті.
-
Балалар, сендерге балалабақша- дағы
балалар мынадай қорапшаны сыйлыққа
беріп жіберіпті, қанеки, балалар
қорапшаның ішін ашып, көрейікші, сендерге
қандай сыйлық беріп жіберген екен.
•
Қорапшаның ішіндегі заттарды
бір-бірден
алып балаларға көрсету, не екенін атап
айтқызу, сол затқа қысқаша түсінік
беру.
- Жақсы, балалар. Ал, бұл
кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі.
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар, «Бауырсақ»
ертегісін есімізге түсірейікші.
2)
Бүгінгі жаңа сабақ «Бауырсақ мүсіндеу»
екенін айту. Балалар біз бүгін
сендермен екі топқа бөлінеміз.ол үшін
мына фишкаларды бөліп аламыз.Сары түс
алғандар оң жаққа, қызыл түс алғандар
сол жаққа бөлініп отырыңдар. Бірінші
топ қамырдан жасайды,екінші топ
ермексазбен жұмыс жасайды.
- Міне,
балалар, осы ертегідегі сап-сары әдемі
бауырсақты біз де ермексаздан мүсіндейік
(балаларға ермексазды, астына қоятын
қағазды үлестіріп беру).
- Балалар,
ермексаздан баурсағымызды мүсіндемес
бұрын, үйде анамыз бен әжеміз бауырсақты
қалай даярлайтынын айтайықшы.
-
Иә, балалар, үйде анамыз бен әжеміз
бауырсақ пісіру үшін: ұн,су,тұз,ашытқы
май қажет екен, осы тағамдарды қосу
арқылы бауырсақты дайындайды екен.
-
Міне, балалар менің қолымдағы «Бауырсақ
ертегісіндегі» ата мен әженің бауырсағы.
Бауырсақ қалай өлең айтатын еді?!
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар, енді мен
сендерге бауырсақты ермексаздан қалай
мүсіндеу керектігін көрсетейін.
-
Ал, балалар, алдымызда тұрған ермексазымызды
алып, бауырса -
ғымызды мүсіндейік
(балаларға аз да болса, жан-жақты білім
алу үшін, біздің ең үлкен дәміміз нан
екенін, оның неден, қалай жасалатынын
түсіндіру).
3)
Сергіту сәті.
-
Балалар, орнымыздан тұрып, бір сергіп
алайықшы.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы
көп екен,
Теріп-теріп алайық.
Қалтамызға
салайық.
4) Балалардың жасаған
бауырсақ -тарына назар аудару, мақтап,
мадақтау.
Д/о:
«Дәл осындай дөңгелекті тап».
Шарты:
Екі дөңгелекті бірінің үстіне бірін
қою арқылы салыстырып, көлемін анықтап
табу.
- Балаларға дидақтикалық
ойынның шартын түсіндіру, ойынға қажетті
материалдарды үлестіріп беру.
-
Балалардың жұмысын тексеру, мақтау,
түзету.
ІІІ.
Қорытынды.
Балаларды
жасаған жұмыстарын шығармашылық
орталығына қою,шеңберге тұрғызу.
- Балалар,бүгін біз нені мүсіндедік?
- Бауырсақты үйде неден жасаймыз?
- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Мында үш смаилик тұр.Ол «Көңілді», «Орташа», «Көңілсіз» осы смаиликтерді алып,өз көңіл күйлеріңді белгілеңдер. Сендерге үй тапсырмасы бар. Бұл не? Дұрыс,айтасыңдар,бұл бауырсақ.Сендер бұл суретті үйге барғанда бояйсыңдар.
Білім
беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:
Мүсіндеу
Тақырыбы:
Бауырсақ жол бойымен домалап келеді
Мақсаты:
Балаларды ертегілерден қарапайым
сюжетті бейнелеуге тарту. Алақан арасына
салып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді
бұзбай, таза, ұқыпты орындауға
тәрбиелеу.
Көрнекілік:
тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін,
бауырсақ ертегісінің макеті.
Әдіс
- тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ -
жауап.
Іс
- әрекет этаптары
Мотивациялық
- қозғаушы
Тәрбиешінің
іс - әрекеті --------------------------------- Балалардың
іс - әрекеті
«Шаттық
шеңбері»
Қуанамын
мен де,
Қуанасын
сен де,
Қуанайық
достарым,
Жарқыраған
күнге!
-
Балалар таңертең балабақшаға келе
жатқанда
даладан
не көрдіңдер?-------------------------------------------
Қар
-
Қар
қандай?---------------------------------------------------------
Қар аппақ
-
Ал, мұз неліктен қатып жатыр?
-
Өйткені күн суық, қыс мезгілі.
Ұйымдастырушылық
- іздестіру
-
Балалар, бүгінгі біздің мүсіндеу оқу
іс - әрекетіміз ерекше болмақ.
Себебі
біз бауырсақты мүсіндейміз.
-
Ал, сендер Бауырсақ ертегісін білесіңдер
ме?
Бауырсақ
ертегісін үзінділеу.
-
Бауырсақты соңында түлкі жеп қойды.
Ал,
әже мен ата бауырсақты іздейтін болды
ғой.
Ендеше
біз бәріміз бауырсақты жасап берейік.
-
Ол үшін бізге не
қажет?---------------------------------------------------
Қамыр
-
Дұрыс айтасыңдар, қамыр қажет.
Осы
кезде, есік қағылып, аспазшы апай
келеді.
-
Сәлеметсіңдер ме
балалар!----------------------------------------------
Сәлеметсіз бе
-
Мен сендердің бауырсақ жасайтындарыңды
естіп, сендерге қамыр дайындап
әкелдім.
Балаларға
қамырды қалай дайындағанын айтып,
таратып береді.
Аспазшы:
Қаптың түбін қырнадым
Екі
уыс ұн жинадым,
Балқаймаққа
шыладым
Пісірсін
деп бауырсақ
Мен
қамыр дайындадым.
-
Балалар, сендер бауырсақты жақсылап
жасаңдар.
Балаларға
бауырсақтың жасалу жолдары көрсету.
-
Бауырсақтың пішіні
қандай?-------------------------------------- Домалақ
-
Түсі
қандай?------------------------------------------------------------
Сары
-
Балалар, қолымызды жаттықтырып бауырсақты
ауада жасап көрейік.
Бауырсақты
жасау үшін қамырды алақанға салып,
арлы
- берлі есіп домалақтаймыз, яғни алақанға
салып
айналдыра
отырып домалақ пішінге келтіреміз.
Сергіту
сәті: Біз гүлдерше өсеміз
-------------------------- Қолды жоғары көтереді
тербеледі
Жапырағы
жайқалған,
Сабақтары
салалы
Желмен
бірге ырғалған.
Балалармен
жұмыс.-------------------------------------------- Қолдарын
жандарына жібереді
Жеке
баламен жұмыс.
-
Қанекей балалар, бәріміз бауырсақты
жасап болдық па?
Ендеше,
бауырсағымызды алып «Бауырсақ» ертегісін
сюжетті бейнелеп көрейік.
Әр
бала жаcаған бауырсағын алып, ертегіні
сюжетті бейнелейді.
Рефлексивті
кезең
Балалардың
жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау.
-
Балалар, бүгін біз не жасадық?
-
Жарайсыңдар, бәріңде оқу іс - әрекетіне
жақсы қатыстыңдар.
-
Қанекей, енді бір - біріміздің қолымыздан
ұстап үлкен шеңбер жасайық.
Қараңдаршы,
үлкен шеңбер жасадық. Ол біздің
бауырсағымызға ұқсайды екен, енді
бауырсақтың әнін айтайықшы:
Әжей
қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған
Балқаймаққа
шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып
та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Енді
қонақтарымызға сау болыңыз айтамыз.
Ал, үйде ата - аналарымызға бүгінгі
мүсіндеу оқу іс - әрекетінде бауырсағымызды
көрсетеміз.
Күтілетін
нәтиже:
Меңгереді:
Ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуді
меңгереді.
Игереді:
Алақан арасына салып домалақтау тәсілін
игереді.
Күтілетін
нәтиже:
Меңгереді:
Ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуді
меңгереді.
Игереді:
Алақан арасына салып домалақтау
тәсілін
игереді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген