400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауырсақ ертегісі ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауырсақ ертегісіне ашық ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сөйлеуді дамыту: Бауырсақтың жолы («Бауырсақ» ертегісі желісін драматизациялау)


ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ


Балаларға «Бауырсақ» ертегісінің желісін пысықтау, ертегідегі барлық кейіпкерлерге ортақ сөздерді қайталап айтуға жаттықтыру; ертегі желісін драматизациялау тәртібін үйрету. Балаларға ертегіні драматизациялау барысында, кейіпкерлердің (аңдардың) қимыл-қозғалыстарын келтіруге қызықтыру; ертегі желісін еске сақтап, оқиға барысын бақылай білу іскерлігін қалыптастыру; ой мен қиял қабілеттерін, эмоция түрлерін дамыту; халық ауыз әдебиеті үлгілеріне сүйспеншіліктерін ояту, ұйымшылдыққа, зияткерлікке тәрбиелеу.

СӨЗДІК ЖҰМЫ

«Бауырсақ» ертегісінде кездесетін қарапайым сөз тіркестерін айтқызу арқылы балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР Аудиожазбаны тыңдау, көркемсөз, сөздік жаттығу, рөлдік ойын, бейнеролик көрсету, зейінге жаттығу, дамытушы жаттығу, мақтау, пысықтау.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. Көрнекілік материалдар. «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің әртүрлі дауыстарымен айтылған фразаларының аудиожазбалары («Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!») «Бауырсақ» ертегісі желісі бойынша дайындалған үстел үсті домбыра, тақия және көлеңке театры.

2. Үлестірмелі материалдар. «Бауырсақтың жолы» карточкалары: қағаз бетіннің бір бұрышында Бауырсақтың бейнесі, екінші бұрышта – үй бейнесі бар тапсырма; ақ борлар.

1 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері айтатын ортақ фразаны («Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін!») қоян, қасқыр, аю, түлкінің дауыстарымен тыңдау.

- Балалар, мына дауыстар қай ертегіде кездеседі?

Дұрыс, «Бауырсақ»ертегісінде.

- Танысаңдар, кейіпкерлерді атайықшы. Дұрыс жауап берілгенде балалардың алдындағы панноға кейіпкерлердің суреттері қойылып отырады. (Үстел театры.)


1.2. Көркемсөз.

Педагог: - Балалар, Бауырсақ бір жерге домалап кеткен шығар. Оны шақырып алайық. Дина Ахметова «Бауырсақ».

Бауыр-бауыр, бауырсақ,

Сенің бетің домалақ,

Сенің дәмің тәп-тәтті,

Абайлашы, болшы сақ!

- Қайталаймыз. Тамаша!


Тақпақты айтқанда сұқ саусақты қозғап отыруға болады. Суретті (ойыншықты көрсету).

3 Бауырсақты үстел бетіне алып шығару.

- Мінеки, балалар, Бауырсақ табылды. Жарайсыңдар!

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. «Кейіпкердің сөзін жалғастыр» сөздік ойыны. Үстел театрына «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін кезекпен шығару, балаларды сөз тіркестерін айтуға талпындыру. - Балалар, бүгін біз «Бауырсақ» ертегісін айтып көреміз.

- Бауырсақтың сөздерін кім біледі? Айжұлдыз, айтып көрші? - Кім білмей жатса, біздің соңымыздан қайталайды.

Айжұлдыз: - Мен ападан қаштым, мен атадан қаштым, Қояннан қаштым, Қасқырдан қаштым, Аюдан қаштым. Түлкі, мен сенен де қашып кетемін.

- Тамаша. Жарайсыңдар!

2.2. .

Бірінші топ балалары Бауырсақ суретін краскамен файл мешок бетіне салу.

Екінші топ балалары Қоян суретін ақ жіппен клей арқылы жапсыру

-Жарайсыңдар балалар! Жұмыстарың барлығы керемет.

Енді бәріміз экранға назар салайық

2.3. Зейінге жаттығу. «Не жетіспейді?»

5 Балалар үшін көлеңке театрының экранына (слайд экранына) «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің көлеңкелері тізіліп көрсетіледі. Кейіпкерлер арасында апа мен Бауырсақ жетіспей тұрады. Балалар ұмытып қалса, оларға кейіпкерлердің қимылдарын көрсетіп, дауыстарын кезекпен қосып қойып, көмек беруге болады.

- Балалар, мына көлеңкелерді танып отырсыңдар ма? Атап берейік. Жақсы. - Кейіпкерлердің барлығы тізілген бе? Кейбіреуі жоқ па?

- Кейіпкердің қайсы жетіспейді?

- Дұрыс апа, Бауырсақ жетіспейді.

Енді барлығын атайық. Жарайсыңдар!

Бірінші топ балалары дамытушы жаттығу орындайды

2.4. Дамытушы жаттығу. «Бауырсақтың жолы».

Мақсаты. Ертегі мазмұнын есте жаңғырту. Бауырсақтың үйінен шыққан жолын, жолда кездескен аңдарға дейін жүргізіп шығуды үйрету. Әр баланың үстелінің басына «Бауырсақтың жолы» атты карточкалар, табақшаларда түсті борлар үлестіріледі. Қағаз бетіннің бір бұрышында Бауырсақтың бейнесі, екінші бұрышта үй бейнесі бар тапсырма, Бауырсақтың жолында сол және оң жақта ертегі кейіпкерлері орналасқан.

Педагог: - Балалар, алдарыңда Бауырсақтың жолы жатыр. Жол ата мен әженің үйінен басталып, аңдардың қасынан өтеді. Қолдарыңа бор алып, Бауырсақтың бір аңнан екінші аңға дейін жүрген жолын жүргізіп, төмен қарай жіберіңдер. Балалар Бауырсақтың үйден бастап, аңдарға дейінгі жүрген жолын сызып шығады.

Екінші топ балалары тақия ертегісін пайдаланып, өздері қойылым қояды.

6 3. ҚОРЫТЫНДЫ Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балаларды мақтау.

Педагог: - Балалар, бүгінгі ойындар ұнады ма? Не ұнады?

«Бауырсақ» туралы ертегі ұнады.

- Балалар, сендерге қандай кейіпкер ұнады?

Иә. Бауырсақ ұнады. Бауырсақ шапшаң, көңілді, әнді жақсы айтады.

- Бауырсақтың әнін кім есіне сақтап қалды?

Хадиша, айта ғой.

- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз өте көңілді өтті. Бүгін барлығың белсенді болдыңдар. Жарайсыңдар, балалар! Сау болыңдар.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.12.2024
258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі