400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Бауырсақ» ертегісі (саусақ театры)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бауырсақ» ертегісі (саусақ театры)
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ конспектісі

Күні: 05.03.2019 жыл

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі (саусақ театры)

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру

Тәрбиелік: Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. 
Қостілділік компонет: Бауырсақ -Колобок, қасқыр- волк, түлкі- лиса

Сөздік жұмыс: Бауырсақ, қасқыр, түлкі, қоян, аю.

Қызмет кезеңдері


Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Ұйымдастыру −

іздестіру

Тәрбиеші: 
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.  

- Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. 
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы: 
Тәрбиеші
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып: 
Шал 
-         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір 
-    Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 
Шал 
-         Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. 
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда. 
Тәрбиеші
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:   
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 

 Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп: 
Қасқыр 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Тәрбиеші
Бауырсақ әндете жөнеледі 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған 
Қасқыр 
Тәрбиеші
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.   
Аю 
-         Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған! 
Тәрбиеші
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 
Түлкі 
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! 
Тәрбиеші
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді. 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған!   
Түлкі 
-    Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында 
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер. 
   

 1.  Қыста ақ, 
          Жазда сүр. 
                     (қоян) 
  2.Қорбаң- қорбаң етеді, 
Орманда ол жүреді (аю) 
  3.Орманда тұрады, өзі бір қу, 
Жүрген жері айқай-шу. 
                          (түлкі). 
  Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді. 
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді. 
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді. 
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді

Рефлексиялық − түзетушілік

Қорытынды:

- Балалар ертегі сендерге ұнады ма? 
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық. 
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.) 
- Өте жақсы! 
- Ал, түлкі ше? 
-Түлкі қу, айлакер. 
Жағымды-Жағымсыз 
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан) 
-Ұн неден алынады? (Бидайдан) 
 Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай? 
Бауырсақ: Сары. 
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай? 
Бауырсақ:  Домалақ, шеңбер. 
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері. 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
2218
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі