400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауырсақ ертегісіне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісіне саяхат»

Білім саласы: Коммуникация,таным,әлеумет,шығармашылық.

Мақсаты :Табиғаттың әсемдігін,сұлулығын көре ,сезіне білуге тәрбиелеу.Көркемдік талғамын қалыптастыру.Шығармашылық қабілетін ой-қиялын дамыту ,ұқыпты жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.Табиғатты сүйіп,оны қорғай білуге баулу.

Көрнекілігі : Көктемгі табиғаттың суреттері,үнтаспа,ертегі кейіпкерлерінің киімдері.

Қ.Р. Ән ұраны орындалады.

Ұйымдастыру кезеңі

Армысың ардақты,аспан ата!

Армысың мейірімді ,жер ана!

Армысың шұғылалы алтын күн,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң достарым!

Сәлеметсіздер ме ,апайлар?!

Шаттық шеңбері

-Күн сен неге күлімдейсің? Көктем келді 2

-Жаңбыр сен неге сіркірейсің? Көктем келді2

-Бұлақ сен неге сылдырлайсың? Көктем келді2

-Гүлдер неге жайнайсыңдар? Көктем келді 2

-Құстар неге сайрайсыңдар? Көктем келді 2

-Әрине ,көктем келді.

-Ендеше жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Көктем мезгілі неше кезеңге бөлінеді?

-Үш кезеңге ерте көктем,орта көктем ,жәй көктем.

-Кәзір қандай көктем?.

-Жәй көктем

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Жерге қаулап жасыл шөптер,гүлдер шығады . Жәндіктер тіріледі, жеміс ағаштары

жапырақ жаяды.Бау бақшаға көшеттер , гүлдер отырғызады,жылы жақтан құстар ұшып келеді.

Ғажайып сәт

Топқа әжей кіреді.

Әжей :-Амансыңдар ма, балалар?Мен бүгін сендерге арнап бауырсақ пісірген едім, суысын деп терезенің алдына қойсам,ол домалап кетіпті.Мен оны таба алмай жүрмін.

Балалар: Ия, көмектесеміз.

Тәрбиеші:-Балалар ,біз бауырсақты орманнан іздеп көрейік.

(Үнтаспадан құстар үні,бұлақтың сылдырының дыбыстары естіледі)

Тәрбиеші :-Балалар, біз орманға келдік. Ормандағы табиғаттың ауасы қандай таза, отырып демалайықшы, балалар !

Тәрбиеші:-Әжейдің бауырсағын кімнен сұрасақ екен?

Осы кезде балалар қоянды көреді.

Балалар:-Сәлеметсіз бе ,Қоян ? Біз әжейдің бауырсағын іздеп алыстан келдік .Сіз оны көрмедіңіз бе?

Қоян:-Сәлеметсіңдер ме ,балалар?Менің қолымдағы сәбізде сұрақтар бар,сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, мен сендерге бауырсақтың қайда екенін айтамын.

1-сұрақ .

Оң қолымда екі алмұрт .

Сол қолымда екі алмұрт.

Болады сонда қанша алмұрт?

2-сұрақ.

Аққайың ағашында екі алма өсіп тұрды.

Біреуін үзіп алып едім, сонда қанша алма қалды?

3-сұрақ.

1-ден 5-ке дейін тура және кері санау

4-сұрақ

3 санының оң жақтағы және сол жақтағы көршілерін атаңдар

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалды сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Тәрбиеші :-Қоянжан енді бізге бауырсақтың қайда екенін айтасың ба?

Қоян:-Балалар ,менің ән тыңдағым келіп тұр.

Ән. «Көктем»

Тәрбиеші :-Балалар менен бауырсақты аю алған еді. Сендер аюдан сұраңдар.

Қоян шығып кетеді.

Аю көңілсіз кіреді.

Тәрбиеші :-Балалар, аюдан сұрайық сол білетін шығар.

-Аюжан ,біз әжейдің бауырсағын іздеп жүрген едік.Сен оны көрмедің бе? Аюжан сенің көңіл күйің неге жоқ?

Аю:-Менің анамның туылған күні .Бірақ мен не сыйларымды білмей жүрмін.Балалар ,сендер маған көмектессеңдер мен сендерге бауырсақтың қайда екенін айтамын.

Балалар аюға түрлі –түсті қағаздан гүл жасап береді.

Тәрбиеші :-Балалар ,аюға көктемгі әдемі гүлдер туралы тақпақтар айтып берейік.

Тақпақтар

Аю:-Балалар, сендерге көп –көп рахмет.Бірақ бауырсақты менен қасқар алған еді. Сендер қасқырдан сұрап көріңдер.

Аю шығып кетеді.

Қасқыр кіреді.

Тәрбиеші:-балалар ,бізге қасқыр келіпті ғой. Қасқырдан сұрап көрейік.

-Қасқыр,біз әжейдің бауырсағын іздеп жүрміз сен бауырсақты көрмедің бе?

Қасқыр: -әрине көрдім ,балалар сендер әдемі ,өте ақылды балаларсыңдар. Менің сендерге қояр сұрағым бар.Сендердің айналаларыңда қоршап тұрған мынау не заттар екенін айтып беріңдерші?

Тәрбиеші :-Балалар,қасқырға қоршаған орта туралы айтып берейікші.

-Мынау не?

-Ағаштар

-Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

-Аққайың,емен, терек,қарағай

-Ал,мынау қандай аңдар?

-жолбарыс, қасқыр,аю ,түлкі.

-Балалар ,осы бізді қоршап тұрған айналамыздағы гүлдерді,құстарды ,жануарларды бәрін біз табиғат деп атаймыз.

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Екіге бөлінеді. Тірі және өлі табиғат.Тірі табиғатқа адамдар,құстар, жануарлар,өсімдіктер .Ал,өлі табиғатқа тастар, таулар,өзендер жатады.

Қасқыр:-Менің енді табиғат туралы тақпақ тыңдағым келіп тұр.

Табиғат туралы тақпақ айтады.

Тәрбиеші:-Қасқыр енді бізге бауырсақтың қайда екенін айтасың ба?

Қасқыр:-Балалар , бауырсақты менен түлкі алған болатын,содан сұрап көріңдер.

Қасқыр шығып кетеді.

Музыка ырғағымен түлкі келеді.

Түлкі:-Сәлеметсіңдер ме,балалар? Сендер не іздеп жүрсіңдер?

Балалар:-Бауырсақ

Түлкі :-Сендер менімен ойын ойнасаңдар мен бауырсақтың қайда екенін айтамын.


«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.

Балаларға сұрақтар қойылады.Дұрыс жауапта «ИЯ» деп қол шапалақтайды, дұрыс емес жауапта «Жоқ» деп аяқ тарсылдатады.

-Табиғат бізді қоршаған орта.

-Ағашты сындыруға болады.

-Көктем келді.

-Көктемде қар жауады.

-Суды ластауға болмайды.

-Гүлді жұлуға болады.

-Аңдарды қорғауымыз керек.

Түлкі:-жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші :-Түлкі енді сен бізге бауырсақтың қайда екенін айтасың ба?

Түлкі :-Бауырсақ қандай болады?

-Домалақ,түсі сары блады.

Түлкі:-Жарайды,мен сендерге бауырсақты қайтарайын.

Түлкі бауырсақты әжейге қайтарады.Әже балаларға алғысын айтып бауырсақты тарту етеді.

Қорытынды .

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
874
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі