«Бауырсақ» ертегісіне саяхат (Кіріктірілген оқу іс-әрекеті)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бауырсақ» ертегісіне саяхат (Кіріктірілген оқу іс-әрекеті)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл оқу іс-әрекетінде балалар «Бауырсақ» ертегісі арқылы білімдерін пысықтайды. Сабақ барысында топ тәрбиеленушісі Ясминнің ата-әжесі қонаққа келіп, ертегі желісіне қатысады. Балалар бауырсақпен бірге орманға саяхат жасап, кірпі, қоян, қасқыр, аю, түлкімен кездеседі. Әр кейіпкермен дидактикалық ойындар мен тапсырмалар орындайды. Тағамдық бояумен ұннан бауырсақ домалақтап, ұнтақ жарма арқылы бауырсақ бейнесін салады. Сабақ ойын, қимыл-қозғалыс және шығармашылық жұмыстар арқылы қызықты, көтеріңкі көңіл күйде өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бауырсақ» ертегісіне саяхат (Кіріктірілген оқу іс-әрекеті)

Жеңісқызы Аяулым, тәрбиеші

Астана қаласы әкімдігінің №81 «Әсемгүл» балабақшасы МКҚК


Міндеті: Балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін пысықтау. Сенсорикалық қасиеттерін дамыту, пішіндер мен түстерді ажырата білуге үйрету. Заттарды көлеміне қарай салыстырып айтуға (үлкен–кіші, ұзын–қысқа, көп–аз) дағдыландыру. Саусақтың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға үйрету.

Білім беру салалары: Коммуникация, шығармашылық, таным.

Балалардың іс-әрекет түрлері: Тіл дамыту, ойын әрекеті, шығармашылық жұмыс, қимыл-қозғалыс.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, шығармашылық тапсырмалар, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Ертегі мазмұнын қызығушылықпен тыңдайды, кейіпкерлерді таниды; «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді (кірпі, қоян, қасқыр, аю, түлкі) атай алады; домалақ пішінді таниды және бауырсақтың домалақ екенін айтады; негізгі түстерді (сары, қызыл және т.б.) ажыратады; заттарды көлеміне қарай салыстырады (үлкен–кіші, көп–аз); ойын және тапсырмаларға белсенді қатысады; саусақпен домалақтау, сипау арқылы ұсақ қол моторикасын дамытады; шығармашылық жұмыстарды (ұннан, табиғи материалдан) тәрбиешінің көмегімен орындайды; қонақтарға және бір-біріне сыпайы қарым-қатынас жасайды.

Іс-әрекет барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, алдымен амандасып алайық.
– Біз әдепті баламыз, амандасамыз:
«Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң!»

Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті.
– Бұл кімдердің ата-әжесі?
– Ясминнің ата-әжесі.
– Қонақтармен амандасайық.
Балалар қонақтармен сәлемдеседі.

Мотивациялық кезең

Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
– Иә.
– Бүгін Ясминнің ата-әжесі бізге ерекше ертегі ала келіпті.
– Қараңдаршы, бұл қай ертегі?
Бауырсақ.
– Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін «Бауырсақ» ертегісіне саяхат жасаймыз.

Балалар, қараңдаршы, бізге не домалап келді?
– Бауырсақ.
– Бауырсақ қандай?
– Домалақ, сары, көңілді.
– Ол ата мен әжесінен қашып кеткен екен.
– Ендеше, бауырсақпен бірге орманға саяхатқа барамыз ба?
– Иә.

Бауырсақ әндетеді:
«Мен көңілді бауырсақ,
Майға піскен бауырсақ».

1-кезең. Кірпімен кездесу

Ой, кірпі, мені жейсің бе?
– Жоқ, жемеймін. Менің жинаған жемістерім көп. Менің көңілімді көтеріп, ойнайсыңдар ма?
– Иә.

Дидактикалық ойын: «Кірпінің инелері»
Балалар кірпі добын алақанға салып, алға-артқа домалатады (саусақ моторикасы).

2-кезең. Қоянмен кездесу

Қоян, мені жейсің бе?
– Жоқ, жемеймін.
– Менің бүгін туған күнім. Мені қуантасыңдар ма?
– Иә.

Дидактикалық ойын: «Шарларды жина»
Балалар шарларды түстеріне қарай жинайды.
«Қоян» әнін орындайды.

3-кезең. Қасқырмен кездесу

Мені жейсің бе?
– Жоқ, жемеймін. Маған үй керек.

Дидактикалық ойын: «Тез құрастыр»
Балалар кубиктерден үй құрастырады (үлкен–кіші).

4-кезең. Аюмен кездесу

Мені жейсің бе?
– Жоқ, жемеймін.
– Бірақ мен бауырсақты өте жақсы көремін.
– Ендеше, балалар, аюға бауырсақ жасап берейік.

Шығармашылық жұмыс 1

«Тәтті бауырсақ»
Балалар тағамдық бояумен боялған ұннан бауырсақты домалақтап жасайды
(домалақ пішінді бекіту, түстерді ажырату, саусақ моторикасы)





5-кезең. Түлкімен кездесу

Мені жейсің бе?
– Жоқ, жемеймін.
– Маған да бауырсақ жасап беріңдерші.
– Иә, жасап береміз.

Шығармашылық жұмыс 2

«Табиғи бауырсақ»
Балалар
ұнтақ дарма салынған ыдыстарға саусақпен домалақтап, бауырсақ кескінін салады.

Түлкі:
«Рахмет, балалар! Сендер өте шебер екенсіңдер!»

Қорытынды бөлім

Бауырсақ қайтадан ата мен әжесіне оралады.
Ясминнің ата-әжесі балаларға алғыс білдіреді.

Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
– Иә.
– Бауырсақ қандай аңдармен кездесті?
– Кірпі, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
– Бұл аңдар қайда мекендейді?
– Орманда.

Рефлексия:
– Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте белсенді, ақылды, шығармашыл болдыңдар


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі