Тәрбиеші:
Бекназарова
Гүлмира.
Білім
беру саласы:
Қатынас.
Ұйымдастырылған
оқу -қызметі: Көркем
әдебиет.
Тақырыбы:
«Бауырсақ»(орыс
халық ертегісі).
Мақсаты:ертегіні
тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру,
сөздік қорын молайту, тілін дамыту.
Көрнекілігі:ермексаз,
тақтайша, сүрткіш, қуыршақ, жасыл, қызыл,
сары түсті алмалар, себет.
Методикалық
әдісі: көрсету,
түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.
Оқу
-қызметінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің
қызметі
|
Балалардың
қызметі
|
Мотивациялық
Қозғаушы
|
Қайырлы
таң балалар!
Шаттық
шеңбері.
Барлық жанға
жолыққан,
Амандасып
жүргейсің.
Адамдықты ту
етіп,
Адал өмір
сүргейсің.
Балалар,
бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем.
Балалар
көктем мезгілінде күн жылына бастайды,
ағаштар бүршік атып, гулдей бастайды.
Адамдар жылы киініп, құстар жылы
ұяларына қайта оралады.
Балалар
көктем мезгілінде неше ай бар?
Дұрыс
айтасыңдар, көктем мезгілінде үш ай
бар екен. Олардың аттарын атап
беріңдерші...
Наурыз,Сәуір,
Мамыр.
Балалар,
бүгін көктем мезгілінің қай айы?
Дұрыс
айтасыңдар, сәуір айы.
Психологиялық
сәт!
Кел, балалар,
күлейік,
Күлкіменен
түлейік.
Күлкі
–көңіл ажары,
Күліп өмір
сүрейік.
|
Балалар
тәрбиешімен амандасады.
Шаттық
шеңберін құрады.
Тәрбиешімен
бірге шаттық шеңберін орындайды.
Ашық
алаңда шеңбер құрып тұрып, тақпақты
қимылмен айтады.
|
Ұйымдастырушылық
-
ізденістік
|
Кіріспе
әңгіме.
Балалар,
бүгін бізге қай ертегінің бас кейіпкері
қонаққа келді екен, қараңдаршы!
(үстелдің үстінде бауырсақты домалату).
Бұл
ертегіні бәріміз де білеміз, есімізге
түсіріп көрейікші.
Ертегіні
қуыршақ театры арқылы көрсету және
дауыс ырғағын келтіріп айтып беру:
Айтыңдаршы,
балалар, бауырсақтың пішіні қандай?
Бауырсақтың
түсі қандай?
Жан-жаққа
қараңдаршы, топта домалақ пішінді
қандай заттар бар?
Табиғат
бұрышындағы күнді көрсетеді.
«Алма қандай?»
ойыны.
Кәдімгі
алмаларын көрсетіп сұрау:
Алманың
пішіні қандай?
Түстері
қандай?
Сергіту сәті.
(ойын
түрінде өткізу)
Алмаларды
кілемнің үстіне шашып жіберіп, түстеріне
қарай бөлек себеттерге жинату.
Алма, алма, көп
алма,
Қызыл, сары,
көк алма.
Теріп, теріп
алайық,
Себеттерге
салайық.
Ермексазды
қолымызға алып, алақан арасына салып,
айналдырып домалатамыз.
|
Бауырсақ.
Тәрбиешіні
мұқият тыңдайды.
Домалақ.
Сары.
Күн.
Алма.
Домалақ.
Сары,
қызыл, жасыл.
Балалар
өлеңді айта жүріп, себеттерге алмаларды
түстеріне қарай бөлек жинайды.
Балалар
ермексаздан бауырсақ жасайды.
|
Қорыту,
рефлексия
|
Балалардың
жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау,
қорытындылау.
|
|
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
ертегінің
мазмұнын әңгімелеп беруді;
Игереді:
сөздік
қорын молайтып, тіл байлығын дамыту
барысында жаңа сөздерді;
Меңгереді:ермексаздан
бауырсақ жасауды, оның қандай екенін.