Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бауырсақдомалап келеді"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бауырсақ домалап келеді" ашық ойын іс әрекеті мүсіндеуге, сөйлеуді дамытуға, көркем әдебиет бағытында ортаңғы топқа арналған. Ісәрекет балаларға қызықты, жалықпайтындай, ойын түрінде берілген. Іс -әрекет барысында балалар ертегіні сахналайды, қарым-қатынас жасау мақсатында түрлі кейіпкерлермен сөйлеседі. Зияткпрлік-зерттеушілік қабілпттері дамиды.Мүсіндеудің түрлі тәсілдерін меңгереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бауырсақ жолмен домалап келеді.

Мақсаты: Балаларды «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша іс‑әрекетті өткізуге жұмылдыру. Ойын арқылы ертегі желісінің ретін естеріне түсіру, жүйелі сөйлей білуге, ертегіден үзінділер сахналай алуға үйрету. Мүсіндеудің әдіс тәсілдерін меңгерте отырып, мазмұнды мүсіндеуге үйрету. Балалардың ой‑өрісін, тіл байлығын, саусақ бұлшық еттерін, шығармашылық‑ зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Достық, жанашырлық сезімін, ұқыптылықты тәрбиелеу.

Ресурстары: Бауырсақ ойыншығы, сүрткіш, тақтайша, ермексаз, «Бауырсақ» ертегісінің атрибуттары немесе кейіпкер киімдері.

Әдіс‑ тәсілдері: Ойын, сұрақ‑жауап.

Барысы:

Шаттық шеңбері: Кел, кел досым, Шеңбер болсын, Орта толып, Достарымыз көбейсін! Сәлеметсіздер ме!

Тосын сый: Бауырсақ ертегісіндегі әже келеді.

Т: Балалар, бұл кім келген? – Қане әжеден сұрайық, ол не қылып жүр екен? Әже: Менің бауырсағым жоғалып кетіп, соны іздеп жүрмін. Маған оны тауыпберуге көмектесе аласыңдар ма?

Т: Олай болса біз алдымен «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік.

Ойын: «Ретін тап» Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін танып, ертегі желісінің ретін білу.

Шарты: Берілген суреттерден «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін тауып, суреттерді ертегі желісінің ретімен орналастыру.

Т: Демек бауырсақ әжеден қашып орманға барған екен. Олай болса бізде орманға барайық. (Балалар бір айналып орманға келеді, алдарынан қоян шығады).

Балалар: Қоян, сен бауырсақты көрдің бе? Қоян: Иә, көрдім. Ол маған өлең айтып берді, Бірақ мен оны жемедім. Т: Қандай өлең бізге айтып бересің бе? Қоян: Әже мені пісірген,            Мен әжеден құтылдым,            Атадан да құтылдым,            Қоян сенен де құтылам,‑деп ол менен қашып кетті.

Т: Ары қарай көрейік, қандай аңға жолығады екен?

Алдарынан қасқыр шығады.

Т: Енді қасқырдан сұрайық. Кәне, қасқыр, бауырсақ қайда? Сен оны жеп қойдың ба? Қасқыр: Жо‑оқ, ол маған өлең айтып беріп кетіп қалды. Балалар: Қандай өлең? Қасқыр: Әже мені пісірген,                Мен әжеден құтылдым,                Атадан да құтылдым,                 Қояннан да қаштым,                 Қасқыр, сенен де құтылам,‑деп ол менен қашып кетті. Т: Қасқыр да жемепті, енді қандай аңға жолығады? Балалар: Аюға. ‑Дұрыс айтасыңдар, енді аюға барайық!

Кәне, аю айта ғой, бауырсақты қайда жібердің? Сен оны жеп қойған жоқсың ба? Аю: Жо‑оқ. Ол маған өлең айтып беріп қашып кетті. Балалар: Қандай өлең? Аю: Әже мені пісірген,            Мен әжеден құтылдым,            Атадан да құтылдым,            Қояннан да қаштым,            Қасқырдан да қаштым,            Аю сенен де құтылам,‑деп ол менен қашып кетті.

Т: Аюда жемепті. Енді қай аңға жолығады? –Түлкіге. –Дұрыс айтасыңдар. Енді түлкіден сұрайық бауырсақтың қайда екенін? (Түлкі жоқ болады) Әже: Ол менің бауырсағымды жеп қойған ғой, ‑деп жылайды. (Осы кезде бауырсақ домалап келеді, түлкі оны қуып келеді)

Түлкі: Тоқта деймін, мен сені жеймін. Т: Түлкіжан, бауырсаққа тиіспе. Түлкі: Жоқ, ол сондай тәтті мен оны жегім келеді. Т: Түлкіжан біз саған бауырсақ жасап берсек сен оны жібересің бе? Түлкі: Иә. Т: Балалар, біз түлкіге бауырсақ жасап береміз бе? –Иә. ‑ Оны неден жасаймыз? – Ермексаздан. –Алдымен еске түсіріңдерші, бауырсақ бізге қалай келді? – Домалап. –неге? –Өйткені ол домалақ. ‑Оның аяғы жоқ. ‑Бауырсақ тағы қандай? –Жұмсақ. –Сап‑сары. –Көзі, мұрны аузы бар. –Енді бізге бауырсақты жасау үшін не керек? ‑Тақтайша, сүрткіш, сары түсті ермексаз.

Сергіту сәті: Домалайды бауырсақ, Секектейді сұр қоян, Балалар сәйкес қимылдарды жасайды. Қасқыр сұсын көрсетіп, Аю маң‑маң басады. Түлкі бұлаң қағады, Ата, әже бауырсағын күтеді.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру. Балаларға өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау. Жұмыстың орындалуын қадағалау. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Жұмыс барысы: Ермексазды алақанға салып жұмсарту, домалақтау. Дайын ермексаздан мұрын, көз, ауыз жасап, жапсыру. Жұмысты аяқтап, қолдарын сүрткішпен сүрту.

Саусақ жаттығуы.

Т: Түлкіжан, енді әжеге өзінің бауырсағын қайтарып бересің бе? –Иә. Менде енді көөөп бауырсақ бар. Менің осында қалуыма бола ма? Мұнда көп достар бар екен. Т: Әрине, түлкіжан. Балалар, оны дос ретінде қабылдаймыз ба? –Қабылдаймыз! (Түлкі отырады, әже бауырсағын алып кетеді)

Қорытынды. –Балалар, бүгінгі зерттеушілік іс‑әрекетімізде не істедік? ‑Бізге кім келді? ‑Қайда бардық? ‑Бауырсақты неден жасадық? ‑Сендерге не ұнады? Т. с. с. Балаларды мақтап марапаттау.

Күтілетін нәтиже:

Балалар ертегі желісі бойынша қысқаша сахналық қойылым қоя алады; ‑Көргені бойынша бауырсақты зерттеп сипаттай алады; ‑Ермекксазбен жұмыс жасау әдісін меңгереді;





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12