400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бауырсақпен ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауырсақ ертегісі желісімен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 3



Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№26 «Қарлығаш» бөбекжайы тәрбиешісі

Отарбаева Ақмарал Абдуллақызы





Бауырсақпен ертегілер еліне саяхат.

Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: математика, сөйлеуді дамыту, құрастыру, көркем әдебиет.

Мақсаты:

1.Ертегілер арқылы арқылы балалардың тілін дамыту, өткен тақырыптар бойынша тілімдерін қорытындылау;

2. Геометриялық пішіндерді ажыратып сұрақтарға жауап бере отырып, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту;

3. Сөздік қорын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу;



Әдіс-тәсілдер: саяхат, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру, көрсету;

Іс-әрекет барысы:

Шаттық шеңбері:

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қарсы алайық достарым,

Келді қонақтар бірге.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар «Бүгінгі күндеріңіз сәтті өтсін» деймін.

  • Рахмет.

  • Балалар сіздер қандай ертегілерді білесіздер?

  • Жеті лақ, шалқан, бауырсақ.



  • Өте жақсы. Балалар таңертең мен қандай ертегі кейіпкерін көргенімді білгілеріңіз келе ме?

  • Ендеше жұмбақ жасырайын:

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан.

Орманда кеше жүреді,

Домалап шықты алдымнан.



  • Бұл не?



  • Бауырсақ.

  • Жарайсыздар. Міне біздің бауырсағымыз. Ол қандай пішінде тұр, дұрыс па?

  • Жоқ.

  • Ол қандай пішін?

  • Төртбұрыш

  • Ал бауырсағымыздың пішіні қалай қалай білу керек еді?

  • Дөңгелек

  • Міне, енді дұрыс па?

  • Ал енді балалар бауырсақпен ертегілер еліне саяхаттағыларыңыз келе ме?

  • Ия

  • Саяхатқа біздің пойызымызбен аттанамыз.

  • Ал пойызға отыруымыз үшін билет алуымыз керек.

  • Ал кәнекей билеттерімізді алып, қолымызды жоғарыға көтерейік.

  • Балалар билеттерімізде әртүрлі пішіндер бар. Сол пішіндерге сәйкес орындықтарға барып орналасайық.

(Балалардан пішіндер туралы сұрау)

  • Ал енді орналасып саяхатқа аттанайық.

Чух-чух-чух-чух,

Вагондар,вагондар.

Рельспен жүреді,

Балаларды мінгізіп,

Ертегілер еліне келеді.

  • Балалар міне біз ертегілер еліне келдік. Балалар сендер ненің суретін көріп тұрсыңдар?

  • Орманның.

  • Орманда нелер бар

  • Ағаштар,шөптер, гүлдер, аңдар.

  • Ал ағаштар қандай болады?

  • Биік-аласа.

  • Ал ағаштар жел соқса, қандай болады?



  • Тербеледі.

  • Ендеше бірге:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.





  • Балалар жарайсыңдар. Тақтаға қарайықшы сіздер бауырсақ ертегісің қандай кейіпкерлерді қөріп тұрсыңдар?

  • Аю, түлкі,қоян, қасқыр,мысық.



  • Мысық бауырсақ ертегісінде кездесе ме?

  • Жоқ

  • Өйткені ол қандай жануар?

  • Үй жануары.

  • Ал аю, қасқыр, түлкі, қоян қандай жануарлар?

  • Жабайы жануарлар.

  • Ендеше мысықты алып тастайық.

  • Дұрыс па?

  • Ал балалар бауырсақ ертегісінде қай жануар кездеседі?

  • Қоянды.

  • Балалар біздің қоянымыз көңілсіз. Ол сәбіз бен саңырауқұлақты теріпті. Сол саңырауқұлақтар мен сәбіздерді санай алмай отыр екен. Көмектесеміз бе?

  • Қоян қанша сәбіз бен саңырауқұлақ жинады ма?

Дидактикалық ойын: « Көп, аз»

  • Қоянымыздың көңілі көтерілді, Риза болды.

  • Енді балалар, бауырсақ екінші нені кездестіреді?

  • Қасқырды

  • Балалар қасқыр шатасып отыр. Ол көкөніс пен жемістерді ажырата алмайды екен. Үйретеміз бе?



Дидактикалық ойын: «Көкөніс пе, жеміс пе?»

  • Ия балалар жемістер ағаштар да, бақта өседі. Ал көкөністер бау-бақшада өседі. Олардан әртүрлі тағамдар пісіреді. Жарайсыңдар.

  • Жарайды саяхатымызды жалғастырайық. Енді бауырсақ нені кездестіреді?

  • Аюды.

  • Балалар аю жолдан шаршаған сияқты. Аюмен бізде жаттығу жасап бір сергіп алайықшы.



Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

  • Балалар сергіп алсақ, саяхатымызды жалғастырайық. Бауырсақ ертегісі немен аяқталады?

  • Түлкі бауырсақты жеп қояды.



  • Ал балалар түлкі бауырсақты жеп қоймау үшін біз оған бәліш жасап берейік. Сонда біздің түлкіміздің қарны тоқ болады.

(Әр бала бәліш құрастырады)

  • Міне, балалар біздің ертегілер еліне жасаған саяхатымыз аяқталып келеді. Барлығымыз бауырсаққа рахмет айтып, қоштасайық. Ал біз балабақшаға қайтайық.



Чух-чух-чух-чух,

Вагондар,вагондар.

Рельспен жүреді,

Балаларды мінгізіп,

Балабақшаға келеді.



  • Қорытындылау.

  • Сұрақтар қою арқылы, балалардың қызметін бекіту. Мадақтау, бағалау.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі