жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Бауырсақпен орманға саяхат»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Бауырсақпен орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы
түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен
қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып
сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді
айыра білуді үйрету. Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста
болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі
тұтуға тәрбиелеу.
Қойылымның
кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір,
бауырсақ, қоян, қасқыр, аю,
түлкі.
Көрнекілігі:
тақта, орман, орманды
мекендеген аңдар, ағаштар, тақырыпқа байланысты
суреттер.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: Дөңгеленген.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себептік-ынталандыру |
Қане, балалар бір-бірімізбен амандасып алайық. Шеңбердегі амандасу: Армысың асыл күн! Армысың асыл жыл! Армысың көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос Міне менің қолым бос, -дей келе балалар бір-біріне жылы сөздер арнайды. Балалар, бүгін бізге қонаққа апайлар келіпті, қане апайлармен амандасып алайық. -Жарайсыңдар, балалар. |
Балалар шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге жылы лебіздерін білдіреді.
-Сәлеметсіздер ме? |
|
Ұйымдастыру-іздестіру. Рефлексиялық-түзету. |
Осы кезде есік қағып, қонаққа әже келеді. Амансыңдар ма,балалар -Мен бауырсақ пісірейін деп едім, маған көмек көрсетесіңдер ме? Балалар әжеге көмектесеміз бе? -Балалар, біз ендеше еңбектеніп, осы дәмді бауырсақты өзіміз ермексазбен мүсіндеп берсек қалай болады? Олай болса балалар ермексазды үзіп алып, алақанға салып домалақтаймыз. Дайын бауырсақты әжеге сыйлаймыз . Әже балаларға рахметін айтып шығып кетеді. Сергіту жаттығуы Қоян, қоян, тұршы Қолыңды жушы. Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Аяғыңды басшы, Бойыңды жазшы. Қоян далаға шықты, Айналаға қарады. Жүгірді, секірді, Отырды, тұрды. -Балалар, қандай ертегілерді білесіңдер? - Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен. Бұл қай ертегінің кейіпкерлері? -Балалар ,сендерге ертегі ұнайма? Олай болса орманға саяхатқа шығайық. "Бауырсақ" ертегісін тамашалайық. Залда "Ерте,ерте, ертеде" өлеңі орындалады. Ерте,ерте,ертеде Шал мен кемпір болыпты.
Тәрбиеші:
Қоян: Тәрбиеші:
Ал балалар қояннан бауырсақты
құтқарып сұрағына жауап берейік. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс айларын атаңдар.
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Қасқыр: Тәрбиеші:
Ал, балалар, қояннан
бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап
берейік. 1.Бауырсақты неден жасайды? 2.Бауысақтың түсі, пішіні қандай?
Тәрбиеші:
Аю: Аю:
Әй, балалар,
балалар!
Тәрбиеші: 1.Аңдар туралы өлеңдер.
Тәрбиеші:
Түлкі: Жұмбақтар: 1.Көлеңкесінен қорқып безектейді, Ал оның баласын көжек дейді. 2. Аузы бейне шалғы-орақ, Шөп емес,бірақ малды орады. 3. Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай да шу. 4. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. Түлкі: бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете
береді. Қорытындылау:
Міне, балалар саяхаттап ақыры
өз тобымызға да жеттік. Қараңдаршы жұптаса жүріп, достаса жүріп
талай қиыншылықты жеңдік. Бүгін сендер "бауырсаққа" көмектестіңдер.
Қу түлкіге жегізген жоқсыңдар.
Ал, енді балалар, ертегідегі
жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар
орындайық. - Өте жақсы! - Ал, түлкі ше? Балалар, "бауырсақ" сендерге рақметін айтып жатыр. Қатысушылар:
Ертекші-Тәрбиеші,
Кемпір-Ханшайым, Шал-Саян, Бауырсақ-Адия, Қоян-Наргиз,
Қасқыр-Абылайхан, Аю-Аружан,
Түлкі-Айгерим. |
Балалар тәрбиешінің көмегімен ермексаздан бауырсақ жасап әжейге береді.
"Мақта қыз бен мысық", "Үш аю", "Жеті лақ", "Бауырсақ","Шалқан".
-Бауырсақ ертегісі -ия Ертегіні ойнайтын балалар өз орындарына барып тұрады.
Бірде шал жалынып:
Бауырсақ
-Қазір қыс мезгілі. -Желтоқсан, қаңтар,ақпан.
Бауырсақ -Ұннан
-Сары,
дөңгелек.
Бауырсақ: Мен қоянмын, қоянмын, Жорыққа түнде жортамын. Қалдырмаймын ізімді, Өйткені күндіз қорқамын. Мен түлкімін, түлкімін, Біреулерге күлкімін. Кейбіруді алдаймын, Екіншіңді арбаймын.
Менің атым аю, Оңай маған баю. Мал ішінде жүремін, Балды иісінен білемін
Бауырсақ: -Қоян
-Қасқыр -Түлкі -Аю Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді. -Ұнады. -Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ. -Түлкі қу, айлакер. |
Күтілетін нәтиже:
Білді: Балалар жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білді.
Игерді: Ертегіні рөлдерге бөліп сахыналап білуді игерді.
Меңгерді: Өзара сыйласып, достық
қарым-қатынаста болуға ,біреуге қызғанып қарамауға , бірін-бірі
құрметтеп, үлгі тұтуды
меңгерді.












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген