400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бауырсақпен саяхат " қорытынды ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне керек оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Бауырсақпен саяхат»

Мақсаты: балалардың жыл бойына үйренген білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Баланың шапшаң ойлауын, тілін, ұсақ қол маторикасын дамыту.

Тәрбиелігігі: достарына көмек көрсетуге, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Билингвалды компонент:бауырсақ- колобок, лиса-түлкі.

Сөздік жұмыс: жабайы жануар, діңгегі

Әдіс-тәсілі:шаттық шеңбер, сұрақ-жауап, жұмбақ, слайд, түсіндіру көрсету, ойын,мадақтау, қортындылау.

Оқу қызметінің кезеңдері

                       Тәрбиешінің  

                           іс-әрекеті

           Балалардың

             іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң, достарым!

Балалар бізде бүгін ерекше оқу қызметі болмақ,біз жыл бойы өткен білімдерімізді пысықтаймыз. Қорытынды ашық оқу қызметі тақырыбы «Бауырсақпен саяхат»

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар,атайық?

Балалар біз қандай ертегілер білеміз айтыңдаршы?

Аю туралы қандай ертегі білесіңдер


Шеңберге тұрып қимылмен қайталайды











-көктем мезгілі, үш ай бар

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-Бауырсақ,қасқыр мен жеті лақ т.б

-Маша мен аю

Іздену- ұйымдастырушы

Балалар мен таңертең балабақшаға келе жатып бір ертегі кейіпкерін кезіктірдім. Кім екенін білгілерің келеді ме? Онда жұмбақты тыңдаңдар.

Қашып кеткен атадан

Қашып кеткен ападан.

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан.



-Жарайсыңдар, қалай тез таптыңдар.

-Балалар бауырсақ бізге ойын алып келіпті

Дид\ ойын: «Ұқсасын тап»

Шарты: Берілген пішіндерге ұқсас заттарды тауып қою.

-Жарайсыңдар балалар, бауырсақ қуанып қалды.Ал, енді балалар бауырсақпен ертегілер еліне саяхатқа шыққыларың келеді ме?. Олай болса көзімізді жұмамыз

Балалар біз ертегідегі орманға келдік.Қараңдаршы орманда нелер өсіп тұр екен?

Қанша ағаш бар екен орманда?

Ағаштар қандай болады ?



Балалар орманда жел тұрғанда ағаштар нестейді?

Кәне бізде ағаштарға ұқсап тербелейік.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Балалар қараңдаршы бауырсақ ертегісінде қандай жануарлар бар еді.



(тақтадан қоян,түлкі,қасқыр,аю және мысық шығады)

Билингвалды компонент: түлкі-лиса, бауырсақ-колобок

Балалар мұқият қараңдаршы бәрі дұрыспа, бауырсақ ертегісінде мысық болды ма?



-Мысық қандай жануар қайда өмір сүреді?



-Ал қоян, қасқыр,аю қандай жануар?

-Неге жабайы

Сөздік жұмыс:жабайы жануары, үй жануары

Балалар бауырсақ ертегіде бірінші нені кездестірді, кім айтады кәне

Қоян достарына сәбіз бергісі келеді екен,бірақ ол санап білмейді, сендер білесіңдер ме санап?

Онда кәнекей қоянға көмектесейік санап. Қоян жәшіктерге бөліп қойыпты сәбіздерін. (тақтамен жұмыс)



Жарайсыңдар сендер санап біледі екенсіңдер қоян қуанып қалды. Екінші кімді кезіктірді бауырсақ ертегіде?

Қасқыр түстерді ажыратып білмейді екен біз оған көмектесейік жарай ма?

Дид/ойын: «Түсіне қарай орналастыр»

Шарты: қыстырғыштарды түсіне қарай қорапшаларға қыстырады.

Жарайсыңдар балалар,қасқыр қуанып қалды, одан кейін не шығады бауырсақтың алдынан?

Аю айтады мен орманға кеткенде маша оның тамақ ішетін ыдыстарын шашып кетіпті. Сендер ыдыстарын орын-орнына қойып көмектесесіңдер ме?

Олай болса ұзын қызыл жолмен жүріп барып, ыдыстарды аюлардың көлеміне қарай орналастыруымыз керек.

Менің үйіме бару үшін ұзын жолмен жүру керек дейді.

Қараңдаршы неше жол жатыр алдымызда?

Олар бірдей ме?

Мына жол қандай түсті, екінші жол қандай түсті?

Балалар ұзындығы жағынан қайсысы ұзын? Қайсысы қысқа?



Жарайсыңдар,өте жақсы балалар,бәрін де реттеп қойдыңдар, енді ары қарай бауырсақ алдынан не шықты?

Онда түлкі бауырсақты жемес үшін біз түлкіге ермексаздан бауырсақ жасап берейік жарайма! Ол үшін көзімізді жұмып тобымызға оралайық.

Балалар біз саяхаттан оралдық, енді түлкіге бауырсақ жасап берейік.

Балалар ермексаздан бауырсақ жасайды.Көмек қажет еткен балаға көмектеседі.

Балалар жұмыстарын аяқтап жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Балалар сендерге бауырсақ алғысын айтып жатыр түлкіден құтқарып қалғаны үшін.

Балалар қызығушылық танытады,мүқият тыңдайды











-бауырсақ







-Жоқ ол дөңгелек



Балалар ойынға жақсы қатысады.







-ағаштар,шыршалар



-көп ағаштар

-биік, аласа



-тербеледі







Балалар қимылмен өлең жолдарын қайталайды.





Жануарлар аттарын атайды.











-жоқ болған жоқ





-үй жануары, үйде өмір сүреді.



-жабайы жануар

-өйткені орманда өмір сүреді



-қоянды





-иә білеміз



Тапсырманы орындайды

Керекті санды бөлінген сәбіздің қасына қояды



-қасқырды кезіктірді.



-жарайды





Балалар тапсырманы орындайды

-аю шығады



















-екі жол



-жоқ

- Бірінші жол жасыл, екінші жол қызыл

-жасыл жол қысқа.қызыл жол ұзын





-түлкі шықты



Балалар қуана келіседі.

Балалар көздерін жұмады.



Балалар жұмыстарын тиянақты жасайды.

Рефлексті  

коррекциялаушы

-Балалар бүгінгі оқу-қызметі ұнады ма?

-Біз қандай ертегі кейіпкерімен саяхатқа шықтық?

-Біз түлкіге не жасап бердік?

Мадақтап, қортындылайды

-Иә


-бауырсақ

-Бауырсақ жасап бердік



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: пішіндерді, түстерді, бір-көп ұғымдарын, санап білуі керек.

Болуы керек: тиянақты, шапшаң ,алғыр болуы керек.

Баланың қолынан келуі: сұрақтарға жауап беру,тапсырмаларды орындау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
2256
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі