Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Ауганбаева Клара
Тамабаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»,
«Таным», «Шығармашылық»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Қ.М.Ұ.Қ, Мүсіндеу, Көркем
әдебиет, Жаратылыстану
Тақырыбы: «Бауырсаққа көмек»
Мақсаты: Балаларды бауырсақпен саяхат жасата отырып,
ертегіде кездескен бауырсақ пен аңдар арасындағы қиыншылықтарды
жұптаса көмектесіп орындау барысында сөйлеу арқылы, тілдік қорларын
молайту. Саусақ моторикаларын дамыту. Ойлау қабілеттерін,
қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін нығайту. Достыққа,
кішіпейілділікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Бауырсақ, қоян, қасқыр,
түлкі, кірпі
Билингвалды сыңары: Колобок, заяц, волк,
лиса,ежик.
Мотивациялық- қозғаушы:
Шаттық
шеңбері:
Сәлем деймін
мен Күнге,
Сәлем деймін
мен Жерге!
Сәлем деймін
мен саған,
Қайырлы таң
балалар!
-
Тәрбиеші:-
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем айы).
-
Көктемде неше
ай бар? (3 ай бар).
-
Ай аттарын
атап беріңдерші? (Наурыз, сәуір, мамыр).
Ғажайып сәт.
Балалардың назарын аудару.
(Музыка
ойналып, бауырсақ келеді).
Бауырсақ: -
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші: -
Бауырсақ, сен қайдан келдің?
Бауырсақ: -
Мен бауырсақпын, мен атадан кеттім, мен әжеде кеттім, тыңдамадым
атамды, тыңдамадым әжемді, үйімді мен сағындым! Көмектесіңдерші,
балалар!
Тәрбиеші: -
Балалар, бауырсақ қай ертегінің кейіпкері? («Бауырсақ»
ертегісінің)
-
Бауырсаққа
көмектесеміз бе? (Иә)
-
Ендеше
балалар, көзімізді жұмып, бауырсақпен бірге саяхат
жасайық.
(Қоянға
кезігеді).
Қоян:-Бауырсақ, иісің недеген тәтті еді?! Мен
сені жеймін!
Бауырсақ:
-Қоян, мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
(Бауырсақ өлең
айтып береді).
Қоян: -Менің
сәбізімді санап берсеңдер, сені жемеймін.
Тәрбиеші:
-Балалар, қоянға сәбізін санап берейікші.
(Сәбізді санау
үш тілде).
(Қасқырға
кезігеді)
Қасқыр:-
Бауырсақ, мен сені жеймін!
Бауырсақ:-
Қасқыр мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Қасқырдың
тапсырмасы:
«Сиқырлы
кітапша» «Түстеріне қарай орналастыр»
(Аюға
кезігеді).
Аю: -Бауырсақ
мен сені жеймін!
Бауырсақ:-- Аю
мен саған өлең айтып беремін.Мені жемеші.
Аю: -Онда
менің ойын ойнағым келіп тұр. Сен менімен ойнасаң мен сені
жемеймін.
Ойын:
«Жануарлар ізі»
(Түлкіге
кезігеді).
Түлкі:
-Бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ:-
Түлкі мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Түлкі: -Маған
тәтті берсеңдер, мен сені жемеймін.
Тәрбиеші:
-Балалар, түлкіге тәтті жасап берейікші.
(Ермексаздан
тәттілер мүсіндеу. Балалар тәттілерді ермексазбен
мүсіндейді)
Тәрбиеші:
-Балалар, жабайы жануарлар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Еркеназ: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып
сыбдырды.
Ойлы- қилы
жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Рефлексивті- коррекциялаушы:
Тәрбиеші:-
Міне, балалар! Жұптаса жүріп, достаса жүріп, талай тапсырманы
орындадық. Сендер кімге көмектестіңдер?
(Бауырсаққа)
-
Орманнан тағы
қандай аңдар көрдік? (Аю, қоян, қасқыр, түлкі)
-
Түлкіге не
жасап бердік? (Тәттілер жасадық)
Біз аңдар мен
бауырсақты татулыққа, достыққа, мейірімділікке баулыдық.
Ал , балалар біз достық туралы ән білеміз бе?
Балалар достық өлеңін тәрбиешімен бірге айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жабайы
аңдар туралы.
Игереді:
Кейіпкерлердің әрекетін, достық қатынасты бағалай
біледі.
Меңгереді:
Бауырсақ жасауды, дос болуды.
