400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Бауырсақтың достары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілін дамыту, танымдық ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, бауырмалдыққа баулу, достық қарым -қатынасын нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бауырсақтың достары»

(кіріктірілген оқу іс-әрекеті)

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту, танымдық ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, бауырмалдыққа баулу, достық қарым -қатынасын нығайту.

Міндеттері:

Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін дамыту, ертегіге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: ертегіні таныстыру, пішіндерді үйрету, түстерді ажырату.

Қолданылған көрнекі құралдар: үнтаспа, геометриялық пішіндер, түрлі түсті шарлар,үйшік, әртүрлі кішкентай доптар,саусақ моторикасына арналған заттар.(фитр матадан шыршааға шынжыр,боялған макарондар, жіп)

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларға «Бауырсақ» ертегісін оқып беру, түстерді ажырата білуге ойындар өткізу.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме балалар,бүгін ерекше күн,қанеки қонақтармен амандасып алайық.

Балалар:Сәлеметсіздерме!

Бауырсақ: Үйшіктің артынан бауырсақ түшкіріп шығады.Сәлеметсіздерме балалар,мен бауырсақпын.Мен атадан әжеден қаштым, менің достарым жоқ.Мен дос іздеп жүрмін менімен дос боласыңдарма?

Балалар: Ия

Бауырсақ: Олай болса менің көңілімді көтеріп, қыдырып келейік, білімдеріңді тексергім келеді.

Бауырсақ:Балалар қараңдаршы,мына жолға не болған?Мында пішіндер жетіспейді екен,Пішіндерді орындарына дұрыстап қоюымыз керек,маған сендердің көмектерің керек,маған көмектесесіңдерме?

Балалар:Ия

Бауырсақ:Олай болса пішіндерді орындарына қоямыз.

Тапсырма:Геометриялық пішіндерді орналастыр.

Бауырсақ: Қандай керемет балалар,тапсырманы керемет орындадыңдар.

Енді тағыда жолға шығайық.

Балалар : Ия

Бауырсақ: Балалар қараңдаршы бұл не?

Балалар:Шырша

Бауырсақ:Шырша түсі қандай?

Балалар:Жасыл

Бауырсақ:Балалар қараңдаршы, шырша көңілсіз тұрған сияқты біз шыршаны әдемілеп безендірсек өзіміздің қолымыздан келгенше моншақтармен шынжырлар жасасақ шырша қуанып қалар еді.

Балалар: жасаймыз

Бауырсақ:Қанеки менімен бірге саусақ жаттығуын жасайық

Ақмаржан көк маржан ,

Біз жасаймыз көп маржан

Қолымыз шынжыр болды

Үзілмейді тартсада

Ал піл келіп шынжырды

Үзіп кетті басқанда

Тұмсығымен допты іздеп

Ойнағысы келіп тұр

Достық үшін пілге мен

Гүл сыйлағым келіп тұр

Бауырсақ:Балалар ендеше шыршамызға әдемі моншақтармен шынжырлар жасайық.

Тапсырма:Ұсақ моторикамен жұмыс, фитр матадан шыршаға шынжырлар жасау.

Балалалар шынжыр жасайды, боялған түрлі-түсті макарондардан моншақ жасап шыршаны безендіреді.

Бауырсақ: Керемет, жарайсыңдар балалар шыршамыз әдемі болды.Сендерге ұнадыма?Мағанда ұнады тамаша.

Балалар:Ия

Бауырсақ: Енді балалар мен сендермен билегім келіп тұр,көңіл көтеріп қанеки билейікші.

Би: Поровоз.

Бауырсақ:Жарайсыздар бір сергіп алдық.Сендерге ұнадыма?

Балалар:Ия

Бауырсақ: Мағанда ұнады.Ал,балалар ары қарай жүрейік.

Балалар: бауырсақпен бірге жүреді

Бауырсақ: Балалар мен сендермен биледім,енді ойын ойнағым келіп тұр.

Тапсырма:Түстеріне қарай доптарды жинау.

Бауырсақ:Балалар жарайсыздар.Өте керемет.Сендердей дос тапқаныма қуаныштымын.Енді бөбекжайымызға оралайық.Музыка әуенімен бөбекжайға келеді.

Бауырсақ: Сендердей дос тапқаныма қуаныштымын.Енді менің достарым көп.Рахмет, сендерге балалар.Мен ертегілер еліне қайтуым керек.Ата мен әже мені күтіп қалған болар.Сендерге әкелген сыйлығым бар.Тәрбиеші апайларыңа беріп кетемін.Бұл тәтті кәмпиттер.Мені ұмытпаңыздар.Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.04.2023
267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі