жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бауырсақтың ізімен
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Бауырсақтың ізімен.
«Айгөлек» ІІ-кіші тобы.
Тәрбиеші: Кулдасова Н.
Білім беру саласы: Коммуникация.Таным.
А.Ұ.О.Қ: Кіріктірілген сабақ.
Тақырыбы: «Бауырсақтың ізімен».
Мақсаты: Ертегі желісі арқылы жыл бойы алған білімдерін пысықтау.Ертегі кейіпкерле ріне көмектесу арқылы тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Достарының ойларын тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Слайд, «Бауырсақ» ертегісінің үстел үсті театры,сиқырлы сағат, «Үш аю» ертегісінің үстел үсті театры,музыка,геометрияляқ пішіндер.
Билингвальды компонент: дөңгелек-круг,көп-много
Сөздік жұмыс: машинист.
-
Әрекет кезеңі
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.
-Балалар,бізге келген қонақтармен амандасып алайық.
-Балалар,қане есімізге түсірейікші біз қандай
Ертегілерді білеміз?
- Аю туралы қандай ертегі білесіңдер?
Балалар дөңгелене тұрады.
Балалар амандасады.
Жеті лақ,Мақта қыз,Қош қар мен теке,Алдар көсе, Түлкі мен ешкі.
-Маша мен аю,Үш аю
Ұйымдастырушылық-ізденіс
Нұрәли: Набира Максатуллақызы!
-Мен балабақшаға келе жатып ертегі кейіпкері мен кездестім.Ол қай ертегі кейіпкер екенін білгілерің келе ме? Ендеше, мен сендерге сол ертегі кейіпкері туралы жұмбақ жасырайын:
Жұмбақ
Апасы қаймаққа илеп,
Оны суысын деп,
Терезенің алдында отыра алмай,
Орманға домалап,кетіп қалды.
Ол қай ертегі кейіпкер?
Слайд №1.
-Балалар,экранға қараңдаршы.Бұл жерде бір қателік бар кім айтады?
-Ертегідегі бауырсақтың пішіні қандай еді?
-Дөңгелекті орыс тілінде-круг-деп айтады.Қане,бәріміз қайталайық.
-Бауырсақ ертегісіне саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ертегілер еліне біз поезъдбен саяхатқа барамыз.Балалар,поезъдге міну үшін бізге не керек?
-Ендеше мына үстел үстіндегі билеттен алып, мұқият билеттеріңе қараңдаршы,билетте нені көріп тұрсыңдар?
-Қандай пішіндерді білеміз?
-Жарайсыңдар! Жұлдыз сенің қолыңдағы қандай пішін,түсі қандай?
-Балалар,ендеше қолдарыңдағы билетке тағы мұқият қарап алып,сол билетке сәйкес орында рыңа отырыңдар.Ал мен,бүгін машинист боламын.
Сөздік жұмыс: «машинист».
-Машинист-деп,поезъд жүргізетін жүргізушіні айтамыз.
Музыка «Поезъд»
-Міне,балалар,ертегілер еліндегі орманға да келіп жеттік.
Слайд №2
-Қараңдаршы орманда не өсіп тұр екен?
-Шыршадан басқа тағы нелер өседі екен?
-Орманда қанша шырша өсіп тұр екен?
-Көп –орыс тілінде «много» дейміз.
-Барлық шыршалар бірдей ме?
-Шыршаның діңі нешеу болады?
-Ал, бұтақтары қаншау болады?
- Ал, бұтақтары қандай болады?
-Балалар,жел тұрса ағаштар не істейді?
-Ендеше балалар, біз де кішкентай ағаштар секілді өсу үшін жаттығулар жасайық.
Сергіту сәті
Ветер дует нам лицо,
Закачалось деревцо.
Ветер тише,тише,
Деревцо выше,выше.
Слайд №3
-Балалар,енді экранға қараңдаршы,бізге қандай жануарлар келіпті?
-Балалар,бауырсақ ертегісінде мысық бар ма еді?
-Балалар,осы жануарлардың ішіндегі артық жануарды атайықшы?Ол қай жануар?
-Олай ойлағандарыңа не себеп?
-Ал аю,қоян,түлкі,қасқыр қандай жануарға жатады?
-Балалар аю қандай дыбыс шығарады?
-Қасқыр ше?
-Балалар,қане есімізге түсірейікші бауырсақ ертегісінде ең бірінші қай жануар бауырсақпен кездесті?
Слайд №4
-Балалар,қоян өзінің достарына көптеген сәбіздер жинапты.Бірақ сол достарына қанша сәбіз жинағанын білмейді екен?Балалар,біз санау білеміз бе?
-Ендеше біз қоянға сәбізін санап,оны санмен белгілеп көрсетейік.
-Жарайсыңдар,балалар!Біздің қоянның көңіл-
күйі көтеріліп қалды,сендерге көп-көп рахмет айтып жатыр.Балалар!
- Бауырсақ қояннан кейін қай жануарға кездесті?
-Балалар,қасқыр бауырсаққа үй соғып беруін сұрайды.Бауырсаққа көмектесеміз бе?
-
Балалар,мына
үйге мұқият қараңдаршы,үй қандай
пішіндерден құралған?-Балалар, , бір сөзбен не деп атаймыз?
-Жарайсыңдар,балалар! Ендеше құра-бұра орталығына барып,қасқырға үй құрастырып берейік.
Құрастыру орталығы: «Үй құрастыру»
-Жарайсыңдар,балалар!Қасқыр сендерге өз алғысын айтып жатыр.
-Балалар,қасқырдан кейін бауырсақтың алдынан қай жануар шықты?
-Балалар,қасқыр маған аюдың үйіне ең қысқа жолмен бару керектігін айтты.Балалар, қараң даршы біздің алдымызда неше жол тұр?
-Қай түсті жол қысқа?
-Балалар осы екі жолдың ұзын-қысқа екенін қалай білуге болады?
-Қане,ендеше өздерің айтқандай екі жолды бір бірінің үстіне қойып көрейік.
-Жарайсыңдар,балалар! Аю бауырсаққа айтады Маша келіп аюлардың ыдыстарын ауыстырып тастады дейді. «Үш аю» ертегісіндегі қонжық тың әкесі қандай еді?
-Ал,анасы ше?
-Қонжықтың өзі ше?
-Ендеше,біз үш аюға ыдысты,үлкен аюға үлке нін,қонжықтың анасына орташа, қонжыққа кі ші ыдысты қойып берейік және аюдың үйіне қысқа жолмен жүріп барайық.
-Амир,қонжықтың әкесіне қандай ыдысты қойдың?
-Көркем,сен қонжықтың анасына қандай ыдысты бердің?
-Раяна,сен қонжыққа қандай көлемдегі ыдысты қойдың?
Жарайсыңдар,балалар!Аю сендерге көп-көп рахмет айтып жатыр.
-Балалар,бауырсақ ертегісінде бауырсақты ең соңында қай жануар жеп қояды?
-Балалар!Түлкі бауырсақ ертегісіндегі жануарлардың немен қоректенетінін сұрап жатыр.
Сиқырлы сағатпен ойын.
Түлкі,аю,қоян,қасқыр .Әр жануардың қандай азықты жақсы көретінін дұрыс тауып беріңдер.
-Міне,балалар! Біз бауырсақ ертегісіндегі бар лық кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап бердік.Ендеше тобымызға қайта оралайық.
Музыка «Поезъд»
-«Бауырсақ» ертегісіндегі –бауырсақ.
- Бұл бауырсақтың пішіні-төртбұрыш.
- Дөңгелек.
-Дөңгелек- круг.
- Әрине.
-Билет.
-Пішіндер.
-
Балалар билеттерін сипаттайды.
Қайталайды.
-Шырша.
-Ағаштар,гүлдер.
-Көп-көп.
- Көп – много
-Жоқ,бір шырша-биік,бір шырша-аласа.
-Біреу.
- Көп
-Жуан-жіңішке.
-Қимылдайды,билейді.
Жаттығуды орындайды.
-Аю,түлкі,қасқыр,қоян, мысық.
-Жоқ.
-Мысық.
-Өйткені ол үй жануарлары.
-Жабайы жануарға жатады.
-А-а-а
-У-у-у
-Бауырсақ бірінші қоянмен кездесті.
-Әрине білеміз.
Тапсырманы орындайды.
-Қасқырға кездесті.
-
Әрине.-шатыры ,қабырғасы
-Пішіндер.
Балалар қасқырға үй құрастырады.
-Аю.
-Екі жол.
-Көк түсті.
-Бір бірінің үстіне қою керек.
Жолды ұстап үстіне қояды.
-Көк жол қысқа
-Қызыл жол ұзын.
-Үлкен ,«Үш аю» ертегісіндегі қонжық тың әкесі үлкен болғандықтан мен оған үлкен ыдысты бердім.
-Орташа,«Үш аю» ертегі сіндегі қонжықтың анасы орташа еді.
-Кішкентай ,«Үш аю» ертегісіндегі қонжық кішкентай еді.
-Үлкен ыдысты.
-Орташа
-Кішкентай
-Түлкі.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексивті - түзету
-Міне,балалар!Балабақшамызға да келіп жеттік.Бүгінгі саяхатымызды еске түсіріп пысықтап алайық.
-Нұрәли балабақшаға келе жатып қай ертегі кейіпкерге кездесті?
-Бауырсақ ертегісіндегі бауырсақ ең бірінші қай жануарға кездесті?
-Біз қоянның қандай тілегін орындап бердік?
-Бауырсақ қояннан кейін қай жануарға кездесті?
-Қасқырдың қандай тілегін орындадық?
-Тілкінің тілегі қандай болды?
-Қасқыр қандай азықпен қоректенеді?
-Түлкі қандай азықпен қоректенеді?
- Аю қандай азықпен қоректенеді?
-Қоян қандай азықпен қоректенеді?
Сұрақтарға жауап береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген