№1
Практикалық жұмыс
Базалық
ақпараттық конфигурациясы
Дербес
компьютердің «дербес» деп аталуының
себебі - компьютер тек қана бір адамның
жұмыс істеуіне арналған. Яғни
бір мезгілде компьютерді бір ғана адам
басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің
үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен
мүмкіндіктері басқаша болғанымен,
осыған ұқсас операцияларды орындай
алады. Дербес компьютерлердің үстел
үстіне қоятын, портативті және қалтаға
салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы
уақытта біз үстел үстіне қойылатын
(desktop) компьютердерді қарастыратын
боламыз. Өйткені дербес компьютердің
осы түрі басқаларына қарағанда кең
таралған.
Компьютер
құрылғылары
Компьютер —
жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған
сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше
«ойламайды». Компьютер
тек қана бағдарламада көрсетілген
сызықтар мен түстерді енгізу-шығару
құрылғыларының көмегімен механикалық
түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы
көріністі қабылдап, оған белгілі бір
мән береді.
Жүйелік
блок -
дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы.
Жүйелік
блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық
плата), процессор, оперативті жад, қатқыл
диск, қоректендіру блогы, видеокарта
секілді көптеген маңызды құрылғылар
орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы
панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу
(Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны
оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл
жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік
блоктың артқы жағында негізгі (монитор,
пернетақта, тінтуір) және қосымша
құрылғыларды (принтер, модем, сканер,
микрофон) қосатын порттар мен кірістік
құрылғылар орналасқан.
Дисплей
(монитор) –
компьютердің экранына ақпаратты
шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша
дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға
ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық
техникадағыдай монитор деп те атайды.
Пернетақта –
компьютердің жұмысын басқара отырып,
қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын
құрылғы. Ол
әріптің және цифр пернелерінің көмегімен
компьютерге кез келген ақпаратты
енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі
компьютерлердің пернетақтасында 101
немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы
бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат
беріп отыратын 3 жарық индикаторы
орналасады.
Тінтуір –
«графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді
кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы
тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар
қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға
мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе
үш) батырмасының бірін баса отырып
объектілермен көптеген операцияларды
орындауға болады. Батырмалардың ортасында
орналасқан доңғалақшаны айналдырып,
экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді,
суретті немесе web-парақты жоғары-төмен
жылжытуға болады.
Қазіргі
кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі
электрондық құрылғылардың жұмысына
негізделген. Ғылымда,
медицинада, техникада, ғарыштануда,
т.б. көптеген салаларда кездесетін
электрондық аппараттар адам жұмысын
күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде.
Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де
автокөліктермен қатар көптеген
жетілдірілген құрылғылар қолданылып
келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір
жуатын машина, компьютер, фотоаппарат,
т.с.с.
Электрондық
құрылғы
Электрондық құрылғы
– жұмыс жасау негізіне электроника
принциптері салынған бұйым және оның
құрамдық бөліктері.