Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
1.Аралар
Ежелгі уақыттан бері адамдар балдың керемет
қасиеттерін бағалады. Олар ормандағы ескі ағаштардың қуыстарынан
жабайы бал жинады. Ара үйіндісінің шабуылы адам үшін қайғылы
аяқталатын болған. Бірақ біртіндеп адамдар араларды үйрете бастады,
қазір ара ұяларындағы омарталарда тұрады. Аралар кейбір жөке,
акация, қарақұмық сияқты гүлді өсімдіктерден қант шырынын
(балшырындарды) жинайды. Олар қант шырынын жинау үшін шуақты, тыныш
күндерді қалайды.
Бал
- бұл аралардың қысқы тамағы. Өйткені, қыста аралар ұйықтамайды, ал
бал жинайтын гүлдер жоқ. Сондықтан олар жаз бойы жұмыс істейді.
Жұмыс істейтін аралар, аналық ара мен аталық аралар болып үшке
бөлінеді. Жұмыс істейтін аралардың жұмысы қатаң бөлінеді:
кейбіреулері «олжа» әкеледі, басқалары ара ұяшықтарын салады,
үшіншілері ара ұяшықтарын тазартады, төртіншілері қанаттарымен
желдеткіш сияқты, омартаны желдетеді, бесіншісі «күзетші қызметін»
атқарады, алтыншысы балаңқұрттарды тамақтандырады. Аналық ара
ешқандай жұмыс істемейді және үнемі күтімді қажет етеді. Жұмысшы
аралар аналық араға «күтім жасайды» және ара сүтімен
тамақтандырады. Аталық ара – нағыз арамтамақ деуге болады. Ол жұмыс
істейтін аралардан әлдеқайда үлкен, ол еш нәрсеге алаңдамай,
қиындықсыз өмір сүреді.
Аралармен бұрыннан келе жатқан «достыққа»
қарамастан, адамдар олар туралы көп нәрсені білмейді. Мысалы,
омартаға оралғанда, аралар айнала – «билей» бастайтынын адамдар
байқаған. Осылайша аралар бір-біріне табылған бал орындары туралы
хабарлайды. Ызылдау да белгілі бір мағынаға ие, қазіргі кезде
ғалымдар зерттеу барысында.
Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемді
белгілеңіз.
Аз мөлшердегі ара уы – құнды
дәрі болып табылады.
Аналық ара ұяның анасы болып
есептеледі.
Аралар – адамға шабуыл
жасайтын жабайы аңдар.
Жұмыс араларының еңбектері
қатаң бөлінген.
Жұмысшы аралар аналық
араға....
алаңдамайды
олжа
әкеледі
күтім
жасайды
балшырын
жинайды
Қысқы уақытта аралар үшін бал -
…
қарақұмық
олжа
тамақ
дәрумен
Аналық араның істейтін
жұмысы
ешқандай жұмыс
істемейді
ара
ұяшықтарын салады
балаңқұрттарды
тамақтандырады
табылған бал орындары туралы
хабарлайды
Төменде айтылғандардан тек жұмысшы
аралар ғана істейтін жұмыс
түрі?
көп
бал жейді
уайымсыз өмір сүреді
арамтамақ – жатып
ішерлер
ұяшықтарды
тазартады
Неліктен аралар ұяға оралып келгенде
«билейді»?
үйге оралғандарына
қуанады
адам жақындап келе жатқанын
ескертеді
табылған бал орындары туралы хабарлайды
басқалардың алдында жинаған
балшырындарымен мақтанады
2.Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің
алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астына
көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз
болмассың» – депті. Әкесі өлгеннен соң, жетім баласы үйдің
айналасындағы жерді ертеңді - кеш еңбек етіп қазады, көп
машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба
алмайды.
Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір
көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің насихатын,
өзінің көп әуре болғанын баяндайды, ақыл
сұрайды.
-
Балам, сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай:
әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп,
егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында өнімін
төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш
та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті
қария.
Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан
өсиетін енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен
екен.
Әкесінің қалдырғаны қандай байлық
?
өнер-білім
тұқым
алтын
жер
Mәтін мазмұнына сәйкес келетін
мақал
Ашу –дұшпан, ақыл – дос,
ақылыңа ақыл қос.
Жақсы бала –сүйік, жаман бала
- күйік
Көз
– қорқақ, қол - батыр
Еңбек – ырыс бұлағы, еңбек – бақыт шырағы
Дана кісі өлерінде баласына не
айтты?
әңгіме
өсиет
жұбату
өсек
Бала не үшін жер
қазды?
қазына іздеді
егін егу
үшін
топырақты
қопсытты
ойнау
үшін
3.Бір үзім
нан
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір
сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді
екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған - алтын
мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан
қора екен. Алтын мен күміс түгіл, нанын әзер тауып жепті. Егін
егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі
көріпті.
Бір
жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың
басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып,
ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады.
Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
-
Әй, кедей, сен мына бір кесек алтында ал да, маған бір үзім нан
бер, - дейді.
-
Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді
кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан
сұрайды.
Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл
жолы.
Жоқ, бере алмаймын, деп бұл жолы да кедей
келіспейді.
Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір
үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір
көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді.
Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың
«Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дейтіні осыған орай
айтылған екен.
Бай
мен кедей қаншалықты араз?
Кейде амандасады, кейде
амандаспайды
Бір
- бірінің үйіне кірмейді.
Бір - бірін көргісі
келмейді.
Бір-бірімен салқын
амандасады.
Қарны ашқан бай кедейге бір үзім
нан үшін не ұсынды?
мал
бір
қап алтын
бір кесек алтын
ақша
Кедей апаттан қалай аман
қалды?
Байдың алтынын алып
қалды
Бір
көмеш нанын азық қылды
Өзінің
төзімділігі
Аштыққа үйренген
Бай
суға неге құлады?
аштықтан
қорыққаннан
кедеймен бір жерде болғысы
келмеді
ағаштың бұтағы сынып
кетті
Бай
мен кедей ағаштың басына не себепті
көтерілді?
жер сілкінісі
болды
су тасқыны
болды
қарақшылардан
қашты
малға қасқырлар
шапты
Mәтіннің негізгі идеясына сәйкес
келетін мақал
Су – ырыстың көзі, еңбек –
кірістің көзі.
Алтынды тот баспайды.
Кедейдің қолы қысқа.
Бақыт – қолға қонған құс,
байлық – қолға ұстаған мұз.
4.Әже демалып
жатыр
Кішкентай Галина мектептен келді. Ол есікті ашты,
анасына көңілді бірдеңе айтқысы келді. Бірақ анасы Галина
саусағымен нұсқап, сыбырлады: «Тыныш, Галина, әжең демалып жатыр.
Түні бойы ұйықтамады, жүрегі ауырды».
Галина үнсіз үстелге жақындап, портфелін қойды.
Түскі асын ішіп, сабағын оқуға отырды. Әжесін оятып алмас үшін,
кітапты ақырын, ішінен оқыды.
Есік ашылды да Галинаның құрбысы Оля кіріп келді.
Ол қатты сөйлеп: - «Галинка, тыңда ...» - деді. Галина анасы сияқты
саусағымен нұсқап, сыбырлады: «Тыныш, Оля, әжем демалып жатыр. Ол
түні бойы ұйықтамады, жүрегі ауырды».
Қыздар үстел басына жайғасып, суреттерге қарай
бастады. Ал әженің жабық жатқан көзінен екі тамшы жас домалап
кетті. Әжесі орнынан тұрғанда Галина: - Әже, ұйықтап жатып неге
жыладың? – деп сұрады. Әжесі жымиып күліп, Галинаны
еркелетті. Оның көзінен қуанғаны көрініп
тұрды.
(В.А. Сухомлинский)
Мәтін бойынша қыздың
мінезі
еңбекқор
қырсық
қамқор
батыл
Мәтін тақырыбын
таңдаңыз
Әже
ауырып қалды
Сабаққа
дайындық
Жақсы
құрбылар
Әжеге қамқорлық
жасау
Галина қандай көңіл күйде
болды
көңілсіз
көңілді
сабырлы
мұңды
4.Mәтін мазмұнына сәйкес келетін
мақал
Дос жылатып айтар, дұшпан
күлдіріп айтар.
Ұйқы – тынықтырады, жұмыс –
шынықтырады.
Оқу – инемен құдық
қазғандай.
Қамқорлық – кісіліктің
белгісі.
5.Суықторғай
Суықторғай - қыста ұшып келіп, қар жамылған
ағаштарға қонатын құс, шын мәнінде, қысқы табиғатқа сұлулық
береді.
Суықторғай өлшемі жағынан кәдімгі торғайдай,
денесінің ұзындығы шамамен 18 см. Төбесі, қанаты, құйрығы
қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры (аталығында)
қызғылт, ал аналығында қоңыр, сұр түсті. тұмсығы шомбал,
көлемді, қысқа, қара түсті болып келеді.
Суықторғайлар әдетте шағын үйірімен мекендейді.
Алғашқы қар жауғаннан кейін, суықторғайлар туған ормандарын тастап,
еліміздің барлық аймақтарына дерлік ұшып бара бастайды. Олардың
суықторғай аталуы да қар түскеннен кейін адамдар өмір сүретін елді
мекендер мен қалалардың, бақтардың, саябақтардың маңында пайда
болуымен байланысты болу керек.
Аяз
неғұрлым күшті болса, суықторғайлар үйірі соғұрлым тыныш отырады.
Кейде орнынан ұшып барып жидекті жұлып жеп, содан кейін біраз
уақытқа дейін қайтадан қозғалыссыз отырады. Күні бойғы әрекеті сол.
Қараңғылық түсісімен барлық үйір бұталарға немесе ағаштарға
қонып, сол жерде түнейді. Олар жақсы ұшады, ағаштар мен бұталардың
түбінде тез қозғалады.
Қалың тұмсығымен ол жидектердің немесе кішкентай
жаңғақтардың тұқымын шағады. Суықторғайлар шетен жидектерімен,
мамыргүлдің, қалақайдың тұқымдарымен, немесе бүршіктермен,
сондай-ақ басқа да жемістермен
қоректенеді, оларды тұмсығымен
сым кескіштер сияқты тістейді. Шетеннің жидегін жегеннен кейін тұмсығын
тазартады, себебі шетен тұқымдары оған жабысып қалады. Тұмсығын
тазалау кезінде шетен тұқымдары жерге түсіп, көктемде өніп
шығады.
Суықторғай - сенімді және көпшіл құс. Үйірден бір
құс қақпанға түсіп қалса, қалғандары дереу құтқаруға
асығады.
Суықторғайлар қалай
мекендейді?
жалғыз
жұбымен
топтасып
үйірімен
Суықторғайлар қайда сұлулық
береді?
көктемгі табиғатқа
қысқы табиғатқа
жазғы табиғатқа
күзгі табиғатқа
Үйірден бір суықторғай қақпанға
түсіп қалса, қалғандары
қайтеді?
жерге қонады
бұталарда отырады
ағашқа
қонады
құтқаруға
асығады
Мәтінде қарамен берілген
-
бейнелеу
метафора
салыстыру
эпитет
Қатты аязда суықторғайлар
.…
ағаштан ағашқа ұшады
ағашта қозалмай
отырады
1900 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз