400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

ББЖМ дайындық тесті

Материал туралы қысқаша түсінік
ББЖМ - ге дайындық тесті
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 – нұсқа

  1. Төменде көрсетілген кестеде Күннен Күн жүйесіндегі екі планетаға дейінгі орташа қашықтық көрсетілген.

Планета

Арақашықтық, км

Жер

1,496 • 10^8

Марс

2,279 • 10^8

Күннен Марсқа дейінгі орташа қашықтық Күннен Жерге дейінгі орташа қашықтықтан неше есе үлкен екенін есептеңіз.

А. 0,6
В. 1,5
С. 2,3
Д. 3,0

2. Үшбұрыштың қабырғалары қандай болуы мүмкін?

А. 3; 4; 7
В. 5; 6; 12
С. 6; 8; 10
Д. 7; 9; 15

3. Үйдің ауласында тіктөртбұрышты бақтың ауданы 240 м². Бақтың ұзындығы 12 м. Бақтың қоршауын жасау үшін неше метр материал қажет?

А. 30 м
В. 40 м
С. 60 м
Д. 100 м

4. Элеваторда 200 тонна астық болды. Элеваторға күн сайын 40 тонна астық әкелетіні белгілі. T тәулікте неше тонна астық жиналатынын есептейтін у функциясын көрсет.

А. y = 40t
В. y = 200 + 40t
С. y = 200t + 40
Д. y = 200 + 50t

5. Мектепте оқушылар амебаның көбею процесін зерттеуде. Әрбір амеба екі бөлікке бөлініп көбейеді. Егер 6 рет бөліну процесінен кейін амебалардың саны 512 болса, зерттеудің басында неше амеба болды?

А. 3
В. 4
С. 8
Д. 10

6. Түзу бойымен шексіз көп шаршылар сызылған. Ең үлкен шаршының қабырғасы 4 см, ал келесі шаршының қабырғасы алдыңғысынан 3 есе аз. Шексіз сызылған шаршылардың аудандарының қосындысын есептеңіз.

А. 40 см²
В. 42 см²
С. 44 см²
Д. 46 см²

7. ABCD төртбұрышының A(-2; 3) және C(6; -1) төбелерінің координаталары берілген. Төртбұрыштың B төбесінің координаталарын табыңыз.

А. B(2; 5)
В. B(4; 2)
С. B(0; 4)
Д. B(3; 4)

Shape1

8. Топта 30 оқушы бар, олардың орташа баллы 85 балл. Бірақ бір оқушының баллы қате жазылған, 90 балл орнына 80 балл болуы керек. Топтың орташа баллының мәнін дұрыс есептеңіз.

А. 84 балл
В. 85 балл
С. 86 балл
Д. 87 балл

9. Шексіз көп теңдеулерде бірінші сандар тізбегінде әрбір келесі сан алдыңғы саннан 5 есе аз. Егер алғашқы сан 10 болса, осы санның қосындысын есептеңіз.

А. 10
В. 12
С. 15
Д. 20

10. Туристер Алматыдан Түрген шатқалына бару үшін 30 км трассаны 90 км/сағ жылдамдықпен, 35 км тас жолын70 км/сағ жылдамдықпен және тағы 15 минут жолсыз жермен өтті. 20 минут тынығып алған соң, ары қарай «Аюлы» шатқалына 4 км/сағ жылдамдықпен жаяу 1 сағатта жетті. «Аюлы» шатқалында сағат 10:00-де болу үшін туристер Алматыдан нешеде шығуы керек?

А. 8:35 В. 8:40 С. 8:20 Д. 8:15

1 1. Айқын өзінің Мирас, Алишер, Рахмади есімді достарының әрқайсысының үйіне барып, соңынан өз үйіне кері қайтты. Ол ең қысқа жолмен барып келген болса, оның жүрген бағытын анықтаңыз.















А. Айқын →Алишер → Мирас → Рахмади → Айқын

В. Айқын → Рахмади → Мирас → Алишер → Айқын

С. Айқын → Мирас → Алишер → Рахмади → Айқын

Д. Айқын →Алишер → Рахмади → Мирас → Айқын

12. Дөңгелектің ішіндегі сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.

А. 89 В. 122 С. 86 Д. 82

13. Тігін цехында 108 тігінші бар. Егер барлық 120 тігін машинасының 25%-ы күнделікті жөндеуге жіберілсе,онда әр тігіншіде бір айда (30 күн) қанша күн демалыс болатынын табыңдар.

А. 5 күн В. 4 күн С. 3 күн Д. 7 күн

14. Кәсіпорынның бір айдағы шығыны диаграмма түрінде берілген. Шығынның жалпы сомасы 920 800 тг.Кәсіпорыннның жарнама мен сақтандыруға жіберген шығынын табыңдар.

А. 211 784 тг В. 119 704 тг С. 165 744 тг Д. 101 288 тг





15. Сатушы шарларды үшбұрыш тәріздес орналастырған: бірінші қатарда

1 шар,екіншісінде -2-еу,үшіншісінде-3-еу т.с.с.Егер шардардың саны 153 болса,сатушы оларды неше қатарға орналастырған?

А. 15 қатар В. 23 қатар С. 17 қатар Д.18 қатар

16. Құрылыс бригадасы «Sensata» тұрғын үй кешенінің ауласына асфальт төсеуге тапсырыс қабылдады. Егер 1 м2 үшін 150 кг асфальт қажет және балалар ауласы асфальтталмайтын болса, аулаға қанша асфальт төсеу керек? Жауапты тоннамен көрсетіңіз. Ауланың жоспары мен өлшемдері суретте көрсетілген.

  1. 2240 т B. 3540 т C. 4230 т D. 4500 т

17. Данияр шарбақты сағат 10:30-дан бастап сырлай бастады. Суретте сырланған бөлікті (сол жағы) 12:00-де бітірді. Осы қарқынмен жұмыс істесе, ол жұмысын нешеде аяқтайтынын табыңыз.

А) 13:00 В) 15:00 С) 13:30 Д. 14:00

18. Кітап бетін нөмерлеу үшін 900 цифр пайдаланылды.Осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз.

  1. А. 239 В. 234 С. 339 Д. 336

19. Бекзат такси паркіндегі «Премиум» тарифі бойынша клиентті күтудің алғашқы 6 минуты тегін. Бірінші ақылы күту 8 тг. құрайды, ал келесі әрбір минут үшін алдыңғы минутқа қарағанда 8 тг. артық төленеді. 14 минут күткен таксиге жолаушы неше тг. төлеуі керек?

А. 112 тг B. 136 тг C. 128 тг Д. 288 тг

20. Айжан мектептің футбол алаңында солтүстікке қарай 30 м, сосын шығысқа 25 м, ал оңтүстікке қарай 10 м, батысқа қарай 40 м және солтүстікке қарай 5 м қозғалады. Бастапқы нүктеден соңғы нүктеге дейінгі қашықтықты анықтаңыз.

А. 15 м B. 20 м C. 25 м Д. 35 м





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26.01.2025
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі