ББЖМ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ББЖМ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ББЖМ жылдық жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жалпы ережелер

Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Қағидалар меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан, орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.

      2-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.

ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.

ББЖМ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі.

Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және қараша айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдардан басқа осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көрсетілген білім алушылар қатысады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қатысушылар мен жұршылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.

ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:

      - аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);

      - жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);

      - білім алушылар контингенті;

      - оқыту тілі (қазақ/орыс);

      - білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).

       Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.

       Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.

Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.

Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

      Тест спецификациясын "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) әзірлейді.

Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдер) кіреді.

Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.

      Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).

      Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ны жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.

      Тестілеуден өту кезінде калькуляторды, анықтамалық әдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.

       Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды, тестіленушінің нәтижелері жойылады.

Бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды.

Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уәкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.

      23.Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.

Тестілеу аяқталған соң білім алушылардың нәтижелері компьютердің экранына шығарылады.

ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.

ҰТО уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рәсімін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етеді және ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.

ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.

ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.

Уәкілетті орган рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдардың пайдалануы және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есепті қалыптастырады.



Мақсаты: 9 сынып білім алушыларының білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге дайындау және олардың танымдық мүмкіндіктері мен оқу жетістігі деңгейлерінің көтерілуіне ықпал ету.



Міндеттері:

  • Оқушылардың танымдық қабілеттері оқу, жазу, айтылым, тыңдалым дағдыларын жетілдіру, математикалық сауаттылық деңгейлерін көтеру.

  • Оқушылардың дайындық жұмыстары барысында оқу жетістігіне мониторинг жүргізу.

  • Оқушылардан алынған сынама тест нәтижелері бойынша ата-аналармен байланысты ықпалдастыру.



Нәтижесі:

  • Оқушылардың пәндердің мазмұнын меңгеру деңгейі анықталады.

  • Уақытты тиімді пайдаланады.

  • Белгілеу парақтарын талапқа сай толтырады.

  • Алған білімдерін қолданады.

  • Білім жетістігіне мониторинг жүргізуде жақсы нәтиже көрсетеді.

Сыртқы бағалау
2022 жылдан бастап республика мектептерінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізілуде.
ББЖБ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
ББЖМ – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз 4 және 9-сынып білім алушылары арасында МЖМБС сәйкес білім сапасын жүйелі бақылау.
Мониторинг компьютерлік форматта жүргізіледі және сауаттылықтың үш бағыты бойынша тест тапсырмаларын қамтиды: оқу, математика және жаратылыстану.
Тест тапсырмаларының жалпы саны 4-сыныпта – 30, 9-сыныпта – 75.
ББЖМ-2022 қорытындысы бойынша төртінші сынып білім алушыларының орташа балы 30-дан 20,9 балды немесе тапсырмаларды орындау нәтижесі 70%-ды құрады. Тоғызыншы сынып білім алушыларының нәтижесі 75-тен 47,32 балды немесе 63%-ды құрады. Тестілеудің әрбір бағыты бойынша тапсырмалардың деңгейі неғұрлым күрделі болса, білім алушылардың орындау деңгейінің көрсеткіші соғұрлым төмен болды.

































Бекітемін:

Мектеп директоры:



«.....................жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2024-2025 оқу жылындағы 9 сынып оқушылары бойынша математикалық сауаттылықтан «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (ББЖМ)» жұмысының жоспары

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

9 сынып оқушыларының білім жетістігіне мониторинг жүргізуге дайындаудың жоспарын құру, бекіту. ББЖМ туралы ақпаратпен оқушыларды таныстыру. Пәндер бойынша сыныптан тыс дайындық кестесін жасау

Қыркүйек

Сынып жетекшісі

2

Ата-аналар жиналысында ББЖМ жөнінде ақпараттар беру.

Қыркүйек

Сынып жетекші

Пән мұғалімдері

3

ББЖМ байқау тестілеулерін өткізу. ББЖМ бойынша кездесетін тапсырмалар, жұмыстармен танысу.

Әр ай сайын

Пән мұғалімі

4

ББЖМ бұрышын дайындау . ББЖМ-на дайындық бойынша нормативті құжаттар зерделеу

Қыркүйек

Пән мұғалімі

5


ББЖМ пәндері бойынша тақырыптық тестілер дайындау, қолдану.ББЖМ тест тапсырмаларында кездесетін қиындықтар, туындаған мәселелерді қарастыру

Апта сайын

Пән мұғалімі

6

Оқушылардың ББЖМ материалдарымен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. ББЖМ тапсырмаларын шығарудың ұтымды жолдарын қарастыру

Үнемі

Пән мұғалімі

7

ББЖМ-не дайындық жұмысының нәтижесімен, мониторингісімен ата-аналарды таныстыру

Әр тоқсан сайын

Сынып жетекші Пән мұғалімі

8

Пән бойынша оқушылар білімі мен сапасына жүйелі бақылау жүргізіп отыру.

Әр тоқсан сайын

Пән мұғалімі





Пән мұғалімі:.................................



«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Тақырып

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

1

Сандар және шамалар туралы түсініктер

9.1.1.1бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру; сандарын белгілеу;

1

02.10

1

09.10

2

Сандарға амалдар қолдану

7.1.2.2 – санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатының анықтау. дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу;

7.1.2.3 - нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу;

8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;

8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру

9.1.2.1 - градусты радианға және радианды градусқа айналдыру

1

16.10

1

23.10

3

Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;

6.2.2.10 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.14.бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

6.2.2.15. теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.19 теңдеулер жүйесің және алмастыру және қосу тәсілі арқылы шешу

7.4.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу;

8.2.2.3 - квадрат теңдеулерді шешу;

8.2.2.4 - Виет теоремасын қолдану

8.4.1.5 т

түріндегі теңдеулерді шешу;

8. 2.2.6 - бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;

8.2.2.7 - квадрат теңдеулерге келтіретің тендеулерді шешу;

8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу;

8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу;

9.2.2.1 - екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату;

9.2.2.2 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

9.2.2.3 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;

9.2.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу;

1

13.11

1

20.11

1

27.11

4

Тізбектер және қосындылау

9.2.3.1сандар тізбегі туралы түсінік болу;

9.2.3.2тізбектің n-ші мүшесін табу

9.2.3.3математикалық индукция әдісін білу және қолдану;

9.2.3.4сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату;

9.2.3.5арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қа сиетін білу және қолдану;

9.2.3.6геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;

9.2.3.7арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару

9.2.3.8шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану;

9.2.3.9 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану;

1

04.12

1

11.12

1

22.01

5

Тригонометрия

9.2.4.1тригонометриялық функциялардың анықтамаларын білу;

9.2.4.2 бірлік шеңбердегі нүктелердің координаталары ( ) мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын білу 9.2.4.3 бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану; 9.2.4.4келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану; 9.2.4.5 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу; 9.2.4.6 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру;

1

28.01

1

29.01

1

04.02

6

Комбинаторика негіздері

9.3.1.1 комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері);

9.3.1.2cанның факториалы анықтамасын білу;

9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу;

9.3.1.4қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу;

9.3.1.5қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару;

9.3.1.6Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану











1











05.02

7

Жиындар теориясы және логика элементтері. Статистика және деректі талдау

5.4.1.1 жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру;

5.5.2.8 жиындармен жұмыс істеуде символдарын қолдану;

5.4.1.4 ішкі жиын ұғымын меңгеру;

5.4.1.5 жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар);

5.4.1.2 жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу;

5.4.1.3 берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін символдарын қолданып жазу;7.3.3.1 басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру;

7.3.3.2нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;

7.3.3.3статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;

7.3.3.4таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету

7.3.3.5кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету;

7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

8.3.3.1 таңдама нәтижелерің жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру:

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;

8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;

8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау;

8.3.3.5дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;

1

11.02

1

12.02

1

18.02

8

Математикалық анализ бастамалары

7.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;

7.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу;

7.4.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;

7.4.1.4 функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау;

1

19.02

7.4.1.5 түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау;

7.4.1.6 сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу;.

7.4.1.7 у = kx + b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау;

7.4.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу

7.4.1.9 графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу;

7.4.1.10. y функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

7.4.1.10. y функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

7.4.1.11. функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

7.4.1.12. функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;

8.4.1.1 функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;

8.4.1.2

түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу;

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу;

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

1

25.02

1

26.02

9

Математикалық модельдің көмегімен есептер шығару

7.4.2.1. өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару.

7.4.2.2 мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

7.4.2.3. Шаршымен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты олардың ауданы мен көлемі қалаай өзгеретін бағалау

7.4.2.4 ек3 айнымалысы бар сызықтық тендеулер жүйесің графиктік тәсілмен шешу

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.3қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

9.4.2.2геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару;

1

04.03

1

05.03

10

Геометриялық фигуралар туралы түсінік

7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;

7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;

7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қат7.1.1.24 тең қабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығару.

7.1.1.26.тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану;

7.1.1.27 тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану;

7.1.1.29.центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;

7.1.1.30.шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;

8.1.1.4параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.5параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.8пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;

8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;

8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану.

1

11.03

1

12.03

11

Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

7.1.2.7 параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;

7.1.2.8 Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру;

7.1.2.10 перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану;

7.1.2.11шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу;

7.1.2.12түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;

7.1.2.13есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану;

7.1.2.14үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу;

7.1.2.16 берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу;

7.1.2.17 кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу;

7.1.2.18 берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу;

1

18.03

1

19.03

12

Метрикалық қатыстар

7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;

8.1.3.1үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану;

8.1.3.3Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;

8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану

8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану;

9.1.3.1вектордың координаталарын табу;

9.1.3.2 вектордың ұзындығын табу;

9.1.3.3 координаталарымен берілген векторларға амалдар қолдану;

9.1.3.4 векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану;

9.1.3.5. векторлар арасындағы бұрышты есептеу

9.1.3.6 косинустар теоремасын білу және қолдану;

9.1.3.7 синустар теоремасын білу және қолдану;

9.1.3.8 іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( – үшбұрыштың қабырғалары, – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының ( мұндағы – іштей сызылған шеңбер радиусы, көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;

9.1.3.9 шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану;

9.1.3.10 синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану;

1

01.04

1

02.04

1

08.04

13

Векторлар және түрлендірулер

9.1.4.1 вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу;

9.1.4.2 векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және қолдану;

9.1.4.3 векторлардың коллинеарлық шартын қолдану;

9.1.4.4 векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;

9.1.4.5 екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын білу;

9.1.4.6 векторлардың скаляр көбейтіндісін табу;

9.1.4.7 есептерді векторлық әдіспен шешу;

9.1.4.8 қозғалыстың түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу;

9.1.4.9 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу;

9.1.4.10 жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару;

9.1.4.11 гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін білу;

9.1.4.12 гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу;

9.1.4.13 ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу;

9.1.4.14 үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану;

9.1.4.15 тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығын білу және қолдану;

9.1.4.16 үшбұрыш биссектрисасының қасиетін білу және қолдану;

9.1.4.17 ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын білу;

9.1.4.18 дұрыс көрбұрыштардың симметрияларын білу

9.1.4.19 есептер шығаруда векторларды қолдану

1

09.04

1

15.04

14

Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

6.2.1.13сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

7.2.1.1санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;

7.2.1.10

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;

7.2.1.11

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;

7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу;

7.2.1.13 көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;

7.2.1.15қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау ;

7.2.1.17алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;

7.2.1.18алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану: ;

7.2.1.21.құрамында алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

8.2.1.2.үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3.квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

1

16.04

1

22.04

1

23.04









































































«Қайнар» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2024-2025 оқу жылындағы 9 сынып оқушыларының тізімі

Қ\с

Оқушылардың фамилиясы, аты-жөні

Жынысы

Туған күні, айы, жылы

Ескерту

1

Алпысбай Аядан

Қыз



2

Алпысбай Нұрасыл

Ұл



3

Алпысбай Ұлбала

Қыз



4

Амангелди Қалбике

Қыз



5

Аманкелді Бекасыл

Ұл



6

Асанхан Қарлығаш

Қыз



7

Аширбек Інжу

Қыз



8

Әлімхан Қуаныш

Ұл



9

Әнет Саят

Ұл



10

Бекенқызы Ақерке

Қыз



11

Беласар Аянат

Қыз



12

Бижан Аружан

Қыз



13

Досан Нұржігіт

Ұл



14

Койшыбай Ақниет

Қыз



15

Курманали Нуридин

Ұл



16

Қалыбек Асылайым

Қыз



17

Қуандық Иманғали

Ұл



18

Нұрмахан Ернұр

Ұл



19

Сейдулла Сандуғаш

Қыз



20

Төрехен Мұстафа

Ұл



21

Алтынбек Інжу

Қыз



22

Әлшер Ринат

Ұл



23

Әлімхан Толғанай

Қыз



24

Дархан Динара

Қыз



25

Досан Мерей

Ұл



26

Досан Нұртас

Ұл



27

Ерхан Нұрлыжан

Ұл



28

Жандар Балнұр

Қыз



29

Илес Жансая

Қыз



30

Калшаұлы Қожахмет

Ұл



31

Койшыбай Балкерім

Қыз



32

Қуандық Нұрай

Қыз



33

Тобагабил Бекайдар

Ұл



34

Тулегенұлы Бекнұр

Ұл



35

Умирхан Назерке

Қыз



36

Шойн Айнұр

Қыз



37

Шойн Алмат

Ұл






























1.Тест мақсаты: Білім алушылардың білім сапасың негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес бағалау.

2.Тест міндеттері:оқушылардың білім берудің келесі денгей материалдарың игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу денгейлерің бағалау.


3.Тест мазмұны



4

ББЖМ әдістемесі бойынша тест тапсырмаларын түсіндіру, талдау

Түсіндірме, талдау

Ақпан

5

ББЖМ әдістемесі бойынша тест жұмыстарын алу

Сынама тесттер

Ақпан-науырыз

6

ББЖМ тест тапсырмаларында кездесетін қиындықтар, туындаған мәселелерді қарастыру

Әңгімелесу, талдау

Үнемі

7

ББЖМ әдістемесі бойынша тест тапсырмаларын топтық талдау

Топтық, ұжымдық жұмыс

Үнемі

8

ББЖМ әдістемесі бойынша жазбаша және компьютерлік бақылау

Тест жұмысы. қашықтықтан

Наурыз

9


Қосымша сабақтар

Үнемі

10

Жеке және топтық тапсырмаларды беру.

Деңгейлік тапсырмалар беру

Үнемі

11

Есеп шығаруда компьютерді қолдану.

Жеке жұмыс

Мерзімінде

12

Қиындығы жоғары деңгейдегі есептер шығару.

Топтық жұмыс.

Сәуір

13

Талдау жасау

Мониторинг жүргізу

Тоқсан сайын, мамыр



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2024
273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі