Материалдар / ББЖМ оқу сауаттылық тест жауаптарымен соңғы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ББЖМ оқу сауаттылық тест жауаптарымен соңғы

Материал туралы қысқаша түсінік
ББЖМ оқу сауаттылық тест жауаптарымен соңғы. МОДО 4 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2024
1854
15 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Д



С



В



А





















Оқу сауаттылығы. I нұсқа. 1 мәтін +



Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауапберіңіз.

Қамқорлық

Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады.

Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.

Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.

  1. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.

А) Қасірет В) Әл С) Жағдай Д) Қуат

  1. Мәтіндегі жолаушыға тән қасиетті көрсетіңіз.

А) Өзімшілдік В) Мейірімділік С) Сараңдық Д) Тәкаппарлық

  1. Мәтіннің идеясын анықтаңыз.

А) Еңбекқорлыққа үйрету В) Қамқорлыққа баулу

С) Төзімділікке шақыру Д) Үнемшілдікті насихаттау

  1. Жолаушы итке суды неге құйып берді?

А) бас киіміне В) алақанына С) аяқ киіміне Д) ыдысқа

2-мәтін

Үлкен әулет

Өсіп- өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату- тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату- тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?»- деп сұрапты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар- жоғы бір- ақ сөз жазылыпты. Үсті- үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «сабыр» екен.

  1. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз.

А) Патша қариядан бейбітшілікте өмір сүрудің сырын сұрайды.

В) Жүз кісінің бәрі де сабырлы екен.

С) Патша әулет туралы естігенде қатты қызығады.

Д) Жүз кісі бейбітшілікте өмір сүреді.

  1. Асты сызылған сөзге қатысы жоқ жауапты белгілеңіз. А) Үш буыннан тұратын сөз.

В) Қатаң дауыссыздан басталған сөз. С) Дыбыс пен әріп саны бірдей.

Д) Алты дыбыстан тұратын сөз.

  1. «Сабыр» сөзіне мағынасы қарама- қарсы сөзді табыңыз.

А) байсалды В) сабырсыз С) ержүрек Д) мейірімді

  1. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал А) Сабыр түбі- сары алтын.

В) Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады.

С) Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет. Д) Біреу жәбір етсе, сен сабыр ет.

  1. Патша қариядан ненің сырын білгісі келді?

А) Бір үйде неліктен жүз адам тұрып жатқандығын білгісі келді.

В) Сабыр сөзінің сырын білгісі келді.

С) Жүз адамға азық- түлікті қалай жеткізетіндігін білгісі келді.

Д) Бейбітшілікте өмір сүрудің сырын білгісі келді.

10.Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөздерді табыңыз

Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты . А) патшасы, ақсақалына В) қызығушылықпен, естігенде

С) елдің, әулеттің Д) жолығуды, ұйғарыпты



































































Оқу сауаттылығы. II нұсқа

1 мәтін

Қайыңның көз жасы

Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта- қайта қарап, таң- тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:

    • Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?- деді қайыңның бұтағын нұсқап.

    • Су емес... Қайыңның көз жасы- ол. Біреу бұтағын сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ. Айтатын. Қайтсін байғұс?! Табиғат перзенті- ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны- осы...

Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесінежеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.

  1. Мәтінде қандай ағаш туралы айтылған?

А) қарағай В) қайың С) қарағаш Д) қарақат

  1. Қарамен жазылған сөздің мағынасын табыңыз

А) санасына В) ойына С) басына Д) жүрегіне

  1. Қапан іштей қандай сөзді қайталай берді? А) Мен сындырған жоқпын, ата. В) Ағаштың жаны, жүрегі жоқ

С) Мені кешіріңіз, ата. Д) Енді сындырмаймын, ата!

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз А) Табиғат- тал бесік.

В) Табиғат- жер байлығы, батырлар- ел байлығы.

С) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ. Д) Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.

2 мәтін

Қайырымды балалар



Сәулет көкке қарады. Қарлығаштар төмен құйылып, кеудесімен жер соға жаздап барып, қайта көтерілді. Келбет екеуі біраз қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.

    • Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап. - Әне, ана балапанды қарашы.

    • Қане, қайсы, қай жерде?

    • Әне, байқа, басып кетпе.

Келбет келіп қалды. Кіп- кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр.

Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді. - Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.

    • Тірі ме?

    • Иә, тірі сияқты.

    • Бізден қорқып тұрған шығар.

    • Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды.

Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.





5.Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңіз

А) мейірімділік В) өзімшілдік С) өжеттік Д) қатыгездік

6.Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын табыңыз

А) атау септік, ілік септік, көмектес септік В) атау септік, табыс септік, ілік септік

С) жатыс септік, ілік септік, шығыс септік Д) барыс септік, табыс септік, көмектес септік

7. «Дір- дір» сөзі қандай қос сөздерге жатады?

А) қосарлама қос сөздер В) қосымшалы қос сөздер

С) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер Д) қайталама қос сөздер

8.«Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта ғанын табыңыз. А) келер шақ

В) өткен шақ С) осы шақ Д) барлық жауап дұрыс

9.Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.

Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.

А) Сәулет В) сүрініп С) тізесін Д) сипалап

10. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз

А) Сәулет балапанды алақанына салып көрді.

В) Балапандар ұядан құлап түсті.

С) Сәулет пен Келбет балапанды өздерімен алып кетті.

Д) Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.























































Оқу сауаттылығы. III нұсқа

1 мәтін

Бала Жетес

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен.

  • Бата- басқа, қына- тасқа, ақыл- жасқа, не қалайсың балам?- депті.

Сонда Жетес бала:

  • О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат- тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір сөз айтыңыз, соған ризамын,- депті.

1.Мәтіндегі бала Жетеске тән қасиетті көрсетіңіз. А) Бала сәлем бергенді ұнатады. В) Бала ат пен тонды жек көреді.

С) Бала дүниеден гөрі аталы сөзді артық көреді.

Д) Бала естен кетпейтін сөздерді қызық көреді.

2. Мәтіндегі Жетес бидің іс- әрекетіне қатысты мақалды көрсетіңіз. А) Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

В) Бота алғанша, бата ал.

С) Мал бір жұттық, батыр бір оқтық.

Д) Болар елдің баласы бірін- бірі батыр дейді.

3.Мәтінде қай оқиға орын алған жоқ, табыңыз.

А) Жетес арнайы Төле биге сәлем беруге келді.

В) Төле би баланың қалауын сұрады.

С) Жетес Төле бидің қалауын берді.

Д) Жетес Төле биге сөз қадірін білетінін сезіндірді.

4. Мәтіндегі қарамен жазылған тіркестің синонимі

А) жаңарады В) ескіреді С) жоғалады Д) табылады



2 мәтін

Қант пен Тас

Кішкентай Болаттың қолындағы бір шақпақ Қант байқаусызда жерге түсіп кетті де, домалап барып, сонадай жерде жатқан Тасқа соғылды.

  • Шекең ауырды ма?- деді Тас масаттанып.- Өзің келіп соғылдың ғой.

  • Ауырған жоқ,- деді Қант ақырын ғана. – Мен байқаусызда саған соқтығып қалдым. Оған да мақтанасың ба?!

  • Мақтанбағанда ше! Бұдан былай байқап жүр. Менің денемнің шойындай қатты екенін біліп қой.

  • Оның несін айтасың? – деді Қант. – Әркімде бір қасиет бар. Сен қатты болсаң, мен тәттімін.

  • Ендеше, білсең айта қойшы,- деді Тас, - Қатты жақсы ма, тәтті жақсы ма?!

Бұл екеуінің сөзін тыңдап тұрған Болаттың атасы күліп жіберді де:

  • Негізінен тәтті жақсы. Бірақ реті келгенде қаттының да қажеті бар, - деді.

5. Мәтіндегі Тасқа тән қасиет

А) жалқаулық В) мейірімділік С) сыпайылық Д) мақтаншақтық

6.Болаттың атасы неге күлді?

А) Қант пен Тастың сөзіне В) Қант пен Тастың дауына

С) Қант пен Тастың биіне Д) Қант пен Тастың күлкісіне

7.Мәтінде кездеспейтін сұраулы сөйлемді көрсетіңіз. А) Оның несін айтасың?

В) Шекең ауырды ма?

С) Сен неге сонша қаттысың? Д) Оған да мақтанасың ба?

  1. «Қатты, тәтті» сөздерінің антонимі

А) мамық, қышқыл В) жұмсақ, ащы С) иілгіш, тұзды Д) борпылдақ, тұссыз

  1. Мәтіннің қай түріне жатады?

А) әңгімелеу мәтіні В) сипаттау мәтіні

С) пайымдау мәтіні Д) барлық жауап дұрыс емес

  1. Мәтіндегі қарамен жазылған сөз қай сөз табына жатады?

А) зат есім В) сан есім

С) сын есім Д) үстеу



























































Оқу сауаттылығы IV нұсқа

1 мәтін

Жомарт

Өте бай және жомарт бір кісі құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір жалшы адам бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ алып келеді. Сол сәтте бір күшік жалшының қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден деп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған жомарт кісі жалшының қасына жақындап сұрайды:

    • Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның барлығын күшікке бердің?

    • Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.

    • Жарайды, ал өзің не жейсің?

    • Аш жүріп, ... сақтаймын.

1.Мәтіндегі жалшыға тән емес қасиетті табыңыз.

А) төзімділік В) қанағатшылдық С) қомағайлық Д) мейірімділік

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

А) емдәм В) сабыр С) достықты Д) сыр

3.Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болмайды? А) Жан- жануарларға мейірімді болу керек.

В) Адам өзі үшін ғана өмір сүрмеу керек.

С) Әрбір адам кез- келген сәтте қамқор бола алу керек.

Д) Адам ең алдымен өзін ойлау керек.

4.Жалшы қайда жұмыс істеді?

А) алма бағында В) құрма бағында С) бақшада Д) қырманда

2 мәтін

Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Аққу

Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні- аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7- 13 килограмға дейін жетеді. Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз,тәкаппар сұлу құс. Халық оны «құс падишасы» дейді. Қазақ халқы аққуды қасиетті құс деп, оған тимей, қайта оның маңында, көбірек жүруді ұнатады. Аққудың сұңқылдап ұшқаны, айдын көлде кербездене жүзгені, кіршіксіз денесімен маң- маң басқан сазды қимылы- бәрі сұлу көрінеді. Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35 -40 күнде басып шығарады. Балапандары ширақ келеді.

5.Төменде берілгендердің қайсысы аққудың қорегіне жатпайды?

А) ұсақ жәндіктер В) ұсақ балықтар С) су өсімдігінің тамыры

Д) су өсімдігінің жапырағы

6.Мәтінде айтылмаған мәліметті көрсетіңіз.

А) аққудың жылдам құс екендігі В) аққудың қорегі

С) Қазақстанда екі түрінің кездесетіндігі Д) аққудың салмағы

7.«Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады» сөйлемнен тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.

700 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!