Материалдар / ББЖМ(Модо) 9-сынып, математикалық сауаттылық

ББЖМ(Модо) 9-сынып, математикалық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
ББЖМ математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2023
8429
141 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есептер


1. Егер кірпіштің өлшемі 25 см× 12 см ×8 см болса, 2м× 1,2 м ×3м өлшемі бар жертөлеге қанша кірпіш салуға болады?

  1. 4800

  2. 3000

  3. 2000

  4. 5600

  5. 7500


  1. 16 метр арқан жіптің екі ұшы біріктірілген,Осы арқан жіптен қандай фигура жасаған сәтте мейлінше үлкен аудан пайда болады?

А. Тең қабырғалы үшбұрыш

B. Шаршы

С. Шеңбер

D.Тік төртбұрыш (а=3; в=5)

E. Теңбүйірлі үшбұрыш


3. Бақтың пішіні тіктөртбұрышты. Оның ауданы 6300м2. Ал ұзындығы енінен 20 м-ге артық. Бақтың периметрін табыңыз.

А. 320м; В. 350м; С. 300м; D. 600м; Е. 150м.


4. Өлшемі 30см х 40см болатын кенепке салынған сурет берілген. Сол кенепке кішірею коэффициенті 0,5-ке тең гомотетияны қолданып, осы суреттің кішірейтілген көшірмесі қандай болады?

А. 15см x 20см; В. 30см х 40см; С. 60см х 80см; D. 6см x 8см; E. 12см x 6см


5. Астана қаласының әуежайынан әртүрлі екі бағытта Стамбул және Франкурт қалаларына екі ұшақ ұшты. Олар түзу сызық бойымен ұшқан. Стамбул бағытындағы ұшақ Астанадан 2000 км қашықтықта болған кезде, Франкуртқа ұшқан ұшақ Қазақстан астанасынан 350 км жерде болды. Ал ұшақтардың арақашықтығы 1850 км еді. Осы ұшақтардың ұшу бағыты арасындағы бұрышты анықтаңыз.




А. 300; В. 450; С. 600; D. 900; E. 750











6. Тимур ойыншықтар дүкенінен желкенді қайық сатып алды. Қайық діңгегінің биіктігі 36 см. Ал желкенілгішінің ұзындығы 15 см. Тимур желкен периметрін бойлай түсті таспа жапсырғысы келеді. Таспаның ұзындығын табыңыз.




А. 66см; В. 89 см; С. 90 см; D. 95 см; Е. 76 см.








7. Ойын-сауық саябағында шолу дөңгелегі бар. Оның кабиналары нөмірленген әрі бірдей қашықтықта орналасқан. Егер №4 кабинадан қарағанда №3 және №5 кабиналардың шолу бұрышы 1560-ты құраса, әткеншек кабиналарының санын анықтаңыз.


Shape1

А. 15; В. 20; С. 10; D. 5; E. 25










8. Үйдің алдыңғы жағының ұзындығы 8, фундаменттен шатырға дейінгі биіктік 4, ал шатырдың көлбеулігінің ұзындығы 5. Үйдің биіктігін табыңыз.



А. 6; В. 5; С: 8; Д. 9; Е. 7








9. Суреттегі сыртқы дұрыс үшбұрыш ауданы 18 см2. Ал ішкі дұрыс үшбұрыш ауданы 3см2. Барлық алынған трапециялардың ауданы тең. Бір трапецияның ауданы қандай?



А. 5см2. В. 6см2; С. 5 см2. Д. см2. Е. 15 см2.




10. 1м2 темір қаңылтырды бояу үшін 0,2 л бояу керек. Осы қаңылтырдан қабырғасы 2м-ге тең дұрыс үшбұрыш түріндегі қиып алынған фигураны бояу үшін қанша бояу керек?

А. 0,4л; В. 0,2л; С. D. Е.

11. Мектеп кітапханасында математикаға қатысты кітаптар тұрған сөре бар. Оқушылар сөредегі кітаптардың біркелкі арта отырып, өсу ретімен орналасқанын байқады. Осы реттіліктің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.

А) 100;130; 150; 160; 140; 120; 110

В) 100;110; 120; 130; 140; 150; 160

С) 110;130; 150; 160; 140; 120; 100

Д) 100;120; 140; 160; 150; 130; 110

Е) 100;120; 140; 110; 130; 150; 160

12. Бірінші құбырдан бір минутта ағатын су екіншісіне қарағанда 6 литрге кем. Егер көлемі 360 л болатын ыдысты бірінші құбыр екіншісіне қарағанда 10 минутқа баяу толтыратын болса, бірінші құбырдан бір минутта неше литр су ағады?

А) 9л/мин

В) 14 л/мин

С) 18л/мин

Д) 20л/мин

Е) 12л/мин

13. Оқушылар қай пәндерді қосымша оқитытын анықтау үшін мектепте сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі 30 оқушы математиканы, 25 оқушы ағылшын тілін, 20 оқушы математиканы да, ағылшын тілін де оқитынын көрсетті. Қанша оқушы математиканы немесе ағылшын тілін қосымша оқып жүргенін анықтаңыз.

А) 55;

В) 35;

С) 75;

Д) 40;

Е) 50.



Математикалық сауаттылық

ІІ нұсқа

1. Егер екі насос бірге жұмыс істесе ыдысты 4 сағатта суға толтырады. Егер әрқайсысы жеке жеке жұмыс істесе, бірінші насос ыдысты екіншіге қарағанда 6 сағат аз уақытта толтырады. Бірінші насос жеке жұмыс істегенде ыдысты қанша сағатта суға толтыруға болатынын анықтаңыз.

A) 4 B) 3 C) 5 D) 6 E) 8

2.Бекзат х²-2х-15=0 теңдеудің түбірін тауып, өспелі арифметикалық прогрессия құрастырды. Прогрессияның бірінші, үшінші және бесінші мүшелерінің қосындысын табыңыз.

A) 41 B) 39 C) 35 D)45 E) 37

3. х²-12х+27=0 теңдеуінің түбірлерінен өспелі геометриялық прогрессия құрастырғанда пайда болған прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңыз.

A) 363 B) 420 C) 310 D)360 E) 375

4. Жанат (x-3)(x+12)≤0 теңсіздігінің бүтін және 4 ке еселі болатын шешімдерінен арифметикалық прогрессия құрастырды. Осы арифметикалық прогрессияны жалғастырып, келесі екі мүшесін табыңыз.

A) 3;6 B) 4;5 C) 4;8 D)6;8 E) 7;9

5. Ақыл, Жанар және Гүлнардың ойланған сандарының арифметикалық ортасы 4,7. Жанардың ойлаған саны, Ақылдың санынан 0,3-ке кем, ал Гүлнардың ойланған саны Ақылдың санынан 1,2 есе артық. Ақылдың ойлаған саны неше.

A) 3,5 B) 2;5 C) 2 D)5 E) 4,5

6. Футболшы допты жоғарыға қарай тепті. Жер бетінен жоғары ұшқан доптың биіктігі һ(t)=-2t²-6t формуласымен сипатталады. Мұндағы һ биіктік (метр), t уақыт (секунд). Доптың ең жоғарыға көтерілу биіктігінің қанша екенін табыңыз.

A) 5 B) 4;5 C) 7 D)6 E) 2,5

7. Футболшы допты жоғарыға қарай тепті. Жер бетінен жоғары ұшқан доптың биіктігі һ(t)=-2t²+6t формуласымен сипатталады. Мұндағы һ биіктік (метр), t уақыт (секунд). Доп неше секундтан кейін жерге түсетінін табыңыз.

A) 8 B) 4 C) 1 D)3 E) 9

8. Жердегі А орыннан мұнара төбесіне сым тартылған. Суреттегі сандық мәлімет бойынша сымның ұзындығын табыңыз?

A) 144 B) 100 C) 156 D)35 E) 150

9. Арбаның доңғалағы сынып қалғандықтан, оны жөндеу үшін шабақ ұзындығы мен шабақ арасындағы бұрыш өлшемі керек. Егер доңғалақ ұзындығы 251,2 см және 12 шабағы болса, шабақ ұзындығы мен олардың арасындағы бұрышын табыңыз.

A) 45 см, 60° B) 40 см, 30° C) 52 см, 60° D) 35 см, 30° E) 50 см, 45°

10. Үй мен электр бағанының арасында ұзындығы 13 м кабель тартылған. Баған биіктігі 9 м, ал үйдің биіктігін 4 м деп алып, үй мен бағанның ара қашықтығын табыңыз.

A) 18 B) 15 C) 12 D)13 E) 11

11. Үй мен электр бағанының арасында кабель тартылған. Баған мен үйдің арасы 10 м, баған биіктігі 8 м, ал үйдің биіктігі 4 м. Электр кабелінің ұзындығын табыңыз.

A) B) C) D) E)

12. Сағат маятнигінің тербелу амплитудсының ең шеткі нүктелерінің ара қашықтығы 200 мм, ал маятнигінің ұзындығы 20 см. Сағаттың тербелу амплитудасының арасындағы бұрышты табыңыз.

A) 32 B) 45 C) 48 D)54 E) 60

13.Екі параход порттан шығып, біреуі солтүстікке, ал екіншісі батысқа бет алды. Олардың жылдамдықтары сәйкесінше 15 км\сағ және 20 км\сағ. Екі сағаттан кейінгі олардың арақашықтықтары қандай болатынын табыңыз.

A) 44 B) 48 C) 50 D)56 E) 72







1-нұсқа

Жауаптары:

1-В

2-С

3-А

4-А

5-С

6-С

7-А

8-Е

9-А

10-Д

11-в

12-е

13-в

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ