ББМЖ-ға арналған тренинг-сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ББМЖ-ға арналған тренинг-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ББМЖ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп

Психолог:Сагинбаева Гүлмира Жақсылыққызы


Сабақтың тақырыбы: Сенімділік күш береді

Өзіңді-өзің бағалай біл !

Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді. Л. Вовенарг

Мақсаты: Оқушылардың ББМЖ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру .

ББМЖ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау кезеңдері:

-Оқу-танымдық қабілеттерін түзете-дамыту

-Шығармашылық-танымдық қабілеттерін дамыту

-Сенімділікті бойларына қондыру

-Психикалық күштенуден /стресс пен қорқыныш/ арылту

Ережелер:

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

Жаттығу: “Жағымды сөздер”

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу,өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту ;

Нұсқау:Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші жағымды сөздер айта отырып кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болды.

Жаттығу: “Жылдамдық”

Мақсаты: Оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту;

Cөздер жиынтығы: Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік,

кітап, үлкен, білім, екі (сенімділік)

Сенімділік -адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.

Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Жаттығу: «Сілкіп таста»

Мақсаты: Жағымсыз қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “ББМЖ-ға жақсы дайындала алмаймын”, “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген сияқты.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер.
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер.

Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.

Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

-Мен ақылдымын.

-Менің жаным тыныш

-Мен қиындықтан қорықпаймын.

-Мен жаспын, қандай әдемімін.

-Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

-Маған сенімділік күш береді.

-Мен дайынмын.

Жаттығу: «Мен саған сенімдімін»

Мақсаты:Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту

Фразалы сөзді аяқтау: “Мен саған сенімдімін, сен...

Қорытынды бөлім:

Жаттығу: “Күн шуақты алаңқай”

Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру

Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.

Күн шуақты алаңқай” қызыл-сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.

Қорытынды: Тренингтен алған әсеріңіз қандай ?

Өте жақсы! Жақсы! Бір қалыпты! Онша емес! Жаман! (көңіл күйлеріне байланысты смайликтер таңдау)






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.01.2025
242
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі