400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Бейбіт күн жасасын әлемде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелерге арналған ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейбіт күн жасасын әлемде»

Мақсаты:Балаларға өз отанын сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу,отанының адал

патриоты болуға тәрбиелеу.Оларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандық-

тардың ерлік істерімен таныстырып,ой-өрістерін дамыту.

Жүргізуші:Қайырлы күн ұстаздар,балалар және ата-аналар!

Сіздерді «9-мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Осы мерекеге арнайы дайындалып келген «Ақбота» тобының

бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

1941ж. 11маусымда Ұлы Отан соғысы басталып,ол соғысты фашистік Германия бастап,бүкіл дүниежүзін басып алуды көздеген екен.Сол соғыста біздің аталарымыз, әпкелеріміз аянбай ерлік көрсетіп,елін,жерін,отанын аман алып қалу үшін шайқасқан. 1945ж 9-мамырында бұл соғыс жеңіспен аяқталып,біз бақытты,бейбіт,тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан жайымыз бар.Аллаға тәуба!

Әнұран:

Отанға,туған жерге арналған тақпақтарға кезек берейік...

Назерке: Бақытты боп жүргенім, Әділет: Отаным менің Қазақстан

Сенің арқаң Үлы Отан! Атыңнан сенің айналам.

Елім менің тірегім, Бас иіп саған өтемін,

Құшағыңда гүл атам. Жасай бер жаса Қазақстан!

Әли: Отан үшін жанымызды береміз, Нурикамал: Жеңіс күні ән болып,

Отан үшін барлығына көнеміз Келді ауылға сән болып.

Отанның да,ананың да алдында, Жеңіс келді алақай,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз. Тоя жейтін нан болып.

Ернат: Біздің ұлы жеңісіміз көктем боп, Інжу:Жеңіс күні салтанат тойланады,

Көңілдерге төккен көп. Анамыз ғой жұмыр жер толғанады.

Сонау жылы,9-май күні, Жеңіс күні мәңгілік желбіреген,

Алмастырған қуанышқа қайғыны! Ерлік дәстүр жаңғыртқан кең даланы

Аян: Бауыржан ата ардақты Мейіржан: Жауға басын имеген,

Алды биік атақты Жауыздықты сүймеген

Жетелеп алға қазақты, Ісіңе аға еліктеп,

Жеңіске жолды бастапты. Ерлігіңді үйренем.

Ән:«Жауынгер сапқа тұр»

Жүргізуші:

-Бүгін біз қандай мерекеге жиналдық?

-Жеңіс күні

-Батыр аға-әпкелерімізді еске түсірейікші

-Алия Молдағұлова,Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Мәметова

Осы батырларымызға арналған тақпақтарға кезек береміз.

Сезім: Әлияны бұл күнде, , Раяна: Мәншүк апа батыр қыз,

Барлық бала біледі. Ардақтаймыз атын біз.

Әлия аты көңілде, Ұқсап Мәншүк апайға

Әпкеміз деп жүреді. Өсіп келе жатырмыз

Үміт: Атыңды аңыз,ән қылып, Мектебіне,бақшасына,бүлдіршін,

Жырлайды алыс-жақының. Барсын,күлсін,анасымен бір жүрсін.

Ұмытпайды мәңгілік, Бейбітшілік күні жанса төбеде,

Халық нағыз батырын Әлия,Мәншүк біреу емес,мың гүлсің!

Би:«Сарбаздар»

Қайсар: Туған жерде толамыз Хадиша:Мейрамдарың құтты болсын жігіттер,

Үлкен жігіт боламыз. Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер

Отан ортақ үйіміз Мейрамдарыңмен аға,іні,бауырлар

Көңілді ән мен күйіміз. Орындалсын алға қойған үміттер.

Кәусар: Қазақ жігіті керемет қой расында

Жауапкершілік бар олардың басында.

Өзге ұлттардың жігіттері түк емес,

Кереметтей қазақ жігітінің қасында

Азаттықты аңсаған еркін елміз.

Дос пейілді ұлттарға жаны көлміз,

Ұшқан құстың қанаты талатұғын,

Көк аспанбыз,көсілген-алтын төрміз.

Дәулет: Жеңіс күні құтты болсын Аяулым: Асқар таудай тірек болған

Құтты болсын аталар. Құттықтаймыз ерлерді.

Ұмытпайды ешқашан, Тілек коп қой жүрек толған,

Жауынгерді балалар. Ардақтаймыз ерлерді.

Ойын: «Біз болашақ сарбазбыз»

Шарты: Ұлдарымыз өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:Қара бұлтқа оранбасын көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста,құрметте! -дей отырып,батыр аға-әпкелерімізді еске алып,гүл шоқтарын қойып шығайық.

«Үш бақытым»(М.Мұқатаев)

Орындайтын:Қалабай Назерке

Отан туралы мақал-мәтелдер айтады.

1.Отан оттан да ыстық.

2.Отан от басынан басталады.

3.Отансыз адам,ормансыз бұлбұл

4.Отан үшін отқа түс күймейсің.

5.Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.

6.Отан-елдің анасы, Ел-ердің анасы.

7.Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.


Ән:«Жеңіс туы желбіреп»

Жүргізуші:Батыр ұл есімдері ақталады

Жыр болып жүректерде сақталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады!

Жеңістің туы мәңгі желбіресін!

Жеңіс тойы мәңгілік жасасын

Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман-сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі